Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Санның модулі. Сабақтың мақсаты: Рационал сандардың модулін, модулі бар өрнектердің мәнін таба білу, белгісізі модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулерді шығара білу. Міндеттері: Білімділік: Рационал сандардың модулін қайталап, модулі бар өрнектердің мәнін табуды, белгісізі модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулерді шығаруға есептер қарастыру. Дамытушылық: алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ой өрістерін кеңейту. Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. Сабақтың типі: бекіту сабағы. түрі: практикалық. әдістері: топпен жұмыс, жаңа технология элементтері. Көрнекілік: презентация, таратпа материалдар. Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй жұмысын тексеру ІІІ. Негізгі кезең ІV. Сергіту сәті V. Практикалық жұмыс VІ. Үйге тапсырма беру VІІ. Оқушыларды бағалау VІІІ. Рефлексия Cабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен амандасып, түгендеу. ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру. б) Сыныпты екі топқа бөлу (оң және теріс сандардың модульдерінің мәндері бойынша топтарға бөлу); в) Сабақтың мақсатымен таныстыру. II.Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген №128, 129 есептердің шығару жолдарын тексеру. №128 Берілген сандардың ішінен модульдері тең болатын сандарды тауып жазыңдар. -14; 25; 14; -38; 2,01; 0,4; -2,01; 38. Берілген сандардың ішінен модульдері тең болатын сандар: -14 және 14 -38 және 38 2,01 және -2,01 №129 Егер болса, -ті табыңдар. III. Негізгі кезең. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары: Санның модулі дегеніміз не? Санның модулі қалай жазылады? Мына сандардың модульдерін табыңдар. (презентация) 14; -56; ; ; Берілген сандардың ішінен модульдері тең болатын сандарды тауып жазыңдар. (презентация) -16; 34; 42; -34; 3,5; 0,4; -3,5; 16 Қандай сандардың модульдері 3; 14,7; 0; (презентация) Оң санның модулі неге тең? Мысал келтіріңдер. Теріс санның модулі неге тең? Мысал келтіріңдер. Қандай санның модулі 0-ге тең? Сандардың модульдері теріс сан бола ала ма? Қарама-қарсы сандардың модульдері қандай болады? Не себепті? Топтарға модулі бар өрнектердің мәнін табуға және белгісізі модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулерді шығаруға үлгілер мен есептер беріледі. Топтар талдап, есептерді шығарады. Берілген есептің түрін басқа топқа түсіндіреді. І топ. Өрнектердің мәнін табу Үлгі: Өрнектердің мәнін табыңдар: ІІ топ. Теңдеулерді шешу Үлгі: – теңдеудің шешімі жоқ. Теңдеуді шешіңдер: Тапсырмалар (топтарға): Өрнектердің мәнін табыңдар: Теңдеуді шешіңдер: IV.Сергіту сәті. „Ақ бұлақ“ (видео) V . Практикалық жұмыс. № (оқулықпен жұмыс) №133, 134 VI. Үйге тапсырма: №131,132 VIІ. Қорытындылау. «Лото» ойыны. Шарларда сұрақтар жасырылған. Санның модулін тауып, ережесі айту керек. VIІІ. Бағалау. | |
Просмотров: 1009 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|