Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас Мектеп: № 9 орта мектебі Күні: Мұғалімнің аты: Жумабаева Б.Н. Сынып: 9 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Оқу мақсаты: ОҚЫЛЫМ: 1.1.2.1. Мәтін оқу барысында тірек сөздердің мағынасын түсіну. Қате сөйлемдерді ажыратып, бұрысты дұрысқа айналдыру. АЙТЫЛЫМ: 1.2.1.1.Отбасы туралы әңгімелеу қысқаша сипаттама беру ЖАЗЫЛЫМ;1. 4. 1 .1. Берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады; -отбасы мүшелерін толық айта алады Оқушылардың көпшілігі орындай алады;. -берілген суретке қатысты сипаттау сөздерді жаза алады. Кейбір оқушылар орындай алады. Отбасы мүшелерітуралы толық сипаттама бере алады және өз отбасымен салыстыра алады. Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: сұраққа жауап бере алады; сөздікпен жұмыс жасайды,сәйкестендіре алады,сөз тіркестерін құрап,дәптерге жаза алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отбасы, ата мен әже ең сыйлы адамдар, әке қамқоршы, ана отбасы татулығының ұйытқысы, бала отбасының ең үлкен байлығы Сөз тіркестер; менің анам, менің әкем, менің атам, сенің қарындасың, оның ағасы.біздің отбасымыз Талқылауға арналған сұрақтар: Отбасында кім ең сыйлы адамдар? Әке шеше отбасында қандай қызмет атқарады? Алдыңғы оқу Ата,әже,ана,әке,аға,әпке,қарындас,іні. ЖОСПАР Психологиялық ахуал: 2мин Шаттық шеңберін құрып, қолдарындағы жүрекшелер арқылы бір-біріне жақсы тілектерін айтып жүрекшелерін сыйлайды. 2 мин. Суретте кім бейнеленген? Біздің сабағымыздың тақырыбы осы суретке байланысты. Тақырыбымыз қандай? Ресурстар Отбасы мүшерінің суреті 7мин. 8мин 7 мин 1-тапсырма. Мәтінді оқып негізгі сөздерді түсіне отырып, әр отбасы мүшесінің сипаттамаларын сәйкестіреді. Қазақ отбасы Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған Ойлау деңгейлер Бағалау критерийлері Білу, түсіну Отбасы мүшелерінің атауларын есте сақтайды, мағынасын түсінеді; ана, әке, бала Қолдану Сурет арқылы отбасы мүшелерін сипаттайды 2-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс. (жеке жұмыс) 1 деңгей: Отбасы мүшелерін сурет бойынша атайды, 2 деңгей: отбасындағы мүшелеріне сәйкес сипаттамаларын келтіріп, дәптерге жазады. 3 деңгей:суретке сүйеніп,өз отбасына сипаттама береді Отбасы суреттері, слайдтар, Оқулық мәтін Суреттер дәптер 8 мин 3 тапсырма «Қатені тап» ойыны. Қате мәліметпен мәтін ұсынылады. Ол мәтіннен жіберілген қателерді табу керек. Талаптары: ең қарапайым қате және сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін қорытындылап табатын қате. Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды. Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтамайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған. Оқулық, мәтін дәптер 5 мин Ал енді, балалар, мына екі мәтінді салыстырайық Манағы қатесі бар мәтіннен барлық қателерді анықтап таба алдық па? Мына дұрыс мәтінмен салыстырып, қатесін табайық. Мәтін 5 мин Рефлексия «Шеңбер» ойыны. Жаңа мәтінен оқып шығып, есте қалған сөйлемдерді айту. Тек айтылған сөйлемді қайталауға болмайды. 1 мин Кері байланыс: Бағдаршамның түсі арқылы. Жасыл «түсіндім» Сары «жартылай түсіндім» Қызыл «түсінбедім». Бағдаршам әдісі. | |
Просмотров: 1253 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|