Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Тусупова Айгул Рахимбековна СШ№8 г Семей . Өнер Сабақтың тақырыбы: Қазақ музыкасындағы жыраулық өнер Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ музыкасындағы жыраулық дәстүрдің тарихына, ерекшелігіне талдау жасау. 2. Ұлттық музыканың дәстүрі арқылы оқушылар бойында ұлттық сананы жетілдіру. 3. Оқушылардың бойындағы ұлтжандылық, сүйіспеншілік, сенім, достық, адалдық қасиеттерді дамыту. Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, иллюстрациялық, салыстыру, ұштастыру. Көрнекі құралдар: оқулық, слайдтар, бейне фильм. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақ халқының ән дәстүріндегі жанрлар» Қазақ халқының ән мәдениетінде өткен дәуірлердің бай рухани дүниесін жіктей отырып, оқушылардың жауаптарын тыңдау. Олар төменде көрсетілгендей жіктеледі: Тұрмыс-салт әндері (бесік жыры, той әндері, ұлыс әндері, жаназа әндері,т.б.); Тағылымдық мәні бар әндер (алғыс, бата, мысыл әндер, тілек, т.б.); Қиял-ғажайып әндер (аңыз, өтірік өлеңдер); Әзіл-сықақ әндер (аңыз, өтірік өлеңдер); Эпикалық жырлар (терме, толғаулар); Тарихи оқиғаларға байланысты туған әндер (дастандар, жырлар); ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. «Қазақ музыкасындағы жыраулық дәстүр» (слайдтар арқылы түсіндіру). Эпос музыкалық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Қазақ әдебиетінде эпостар батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық жырлар, ғашықтық жырлар болып бөлінеді. Әлеуметтік-тұрмыстық дастандарға «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан», т.б. жатады. Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, – дейді М.Әуезов, – ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. Асан қайғының: Арғымаққа міндім деп, Достарыңмен санаспа! Артқы топтан адаспа! Ғылымым жұрттан асты деп, Күніңде өзім болдым деп, Кеңессіз сөз бастама! Кең пейілге таласпа! Жеңемін деп біреуді Артық үшін айтысып, Өтірік сөзбен қостама! – деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге. Жыршылар – дауыс ырғағын құбылтуда шеберлік танытса, олар драмалық эпизодтарда өздерінің мимикалақ қимылдарын алуан түрлі өзгертіп, жанрлық немесе лирикалық эпостарды еркін орындап бере алған. Қазақ халкының музыкалык шығармашылығы өзінің санғасырлар бойындағы дамуында музыка тілінің бейнелеу құрамы жағынан негізінен, екі бағытта вокалдық және аспаптық музыка түрінде калыптасты. Бірінші - терме сарынды және кең тынысты созып айтатын шалқымалы әннің түрлері де, екіншісі - домбыра, қобыз және баска үрлеп ойнайтын аспаптарда орындалатын, көбінесе, белгілі бір оқиғаға байланысты болып келетін күйлер. Қазан төнкерісіне дейін қазақ даласында кәсіби музыкалық білім беру жуйесі жоқ болатын, соған қарамастан республиканың түкпірлерінде /Петропавл, Орынбасар/ музыкалық үйірмелер /хор, оркестр/ жұмыс істеді. Оған қатысушылар нота сауатын білмеседе хор бірнеше дауысқа бөлініп айтылды. Қазан тоңкерісіне дейін қазақ халқыны бай музыкалық мұрасы шетел және орыс саяхатшыларының да назарына іліккен. Қазан төңкерісінен соңғы кезеңде де республикамызда музыкалық үйірмелер жұмысын жалғастыра берді. Жиырмасыншы жылдары Орта Азия және Қазақстанның, музыкалық фольклорын жинауға ерекше ықылас көрсетіле бастады. Белгілі музыка зерттеушісі әрі жинаушысы А.В.Затаевич казақ даласын аралап, жүріп, екі мыңға жуык ән-күйлер жазып алған. А.В.Затаевич «Қазақ халқының мың әні». 1931 жылы «Қазақтың бес жүз әні мен куйлері» бұл күнде де тарихи маңызы зор еңбектер болып отыр. М.Горький, А.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалай келіп, қазақтың ән-күйлері болашак композиторлар үшін творчествоның кайнар көзі екенін айткан еді. Басылым ерекшелігі - мұнда көптеген белгілі халык әндерінің сөздері табылып, жазылған еді. А.Затаевич бастаған үлкен істі отызыншы жылдары Д.Мацуцин, Б.Ерзакович, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди бертін келе М.Төлебаевтың жалғастырып, ән - күйлерімізді нотаға түсіріп, ел игілігіне айналдырғанын сүйсіне еске аламыз. Экспедиция кезінде халыкпен қоян-қолтык араласа жүрген Б.Г.Ерзакович қазақ музыкасының Кенен Әзірбаев, Естай Беркімбаев, Шәкір Әбенов, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков секілді аса дарынды өкілдерімен де тығыз қарым-қатынаста болды. Атақты Естай ауылында болған сәтінде былай әңгімелеген: «Табиғатында өте байсалды, өз әндерімен өзге авторлардың әндерін салмақты саздылыкпен шыркайтын Естай әйгілі "Қорланды" орындағанда бөлекше толкып кетеді екен. Тіпті радиоға жазу кезінде де әннің шарықтай шырқалатын түстарында көзіне жас үйірілді. Тегі, жас шағында қалын мал төлей алмай сүйіктісімен айырылған жан трагедиясы оны өмір бойы толкытып етсе керек». Терме – қазақ поэзиясы мен вокалдық өнердегі бірлескен жанр. Терме – халқымыздың қадірлі өнері ретінде танылып, өсер ұрпаққа тағылымы бар ғибрат береді.Мұнда өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандақты жырлайды. Заман талабына орай түрлі тақырыптарды қозғап, философиялық қорытынды жасайды. ІҮ. Сыныпта орындалатын тапсырмалар: 1. «Ана өсиеті» термесін тыңдату. Терменің негізгі тақырыбы бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау. Оны бүгінгі өмірмен байланыстыру. 2. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының негізінде жазылған бейне фильмді көрсету. Лирикалық дастанның басты кейіпкерлері, жырдың негізгі идеясы, сюжетінің құрылымы туралы оқушылармен пікірлесу. Ү. Сабақты бекіту. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең...» тақырыбында ойтолғау жазу. ҮІ. Үйге тапсырма. 94-95 беттерді оқу. Қазіргі атақты термешілер туралы реферат дайындау. Бағалау. | |
Просмотров: 4088 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|