Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература |
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Айтбай ауылы « С. Тұрсабеков атындағы орта мектеп» КММ Тарих пәнінің мұғалімі Касымжанов Канат Кабдоллаевич Ежелгі Қазақстан тарихынан сабақ «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы», «Сақтардың мәдениеті» Сабақтың тақырыбы: «Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы», «Сақтардың мәдениеті» Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті туралы оқушыларға толық түсіндіру. Дамытушылығы:Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетін таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту. Тәрбиелігі:Елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, өзін - өзі бағалау. Сабақтың көрнекілігі: Карта, дәптер, слайдқа жазылған тірек сызбалар, сілтемелер, суреттер, таблица. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. І. Сыныпқа кірген соң оқушылармен амандасып, сабақта жоқ оқушыларды белгілеп алу. ІІ. Сұрақ – жауап арқылы үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақ бастамас бұрын оқушыларға өзін өзі бағалау үшін таблица таратылады. Сабақтың жоспары: І. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы . ІІ. Ертедегі темір өндіру. ІІІ. Сақтардың мәдени мұралары. І. Блиц – турнир сұрақтары: 1. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында қалай түсіндіріледі? (Құдыретті еркектер) 2. Грек тарихшысы Геродрт сақтарды қалай атаған? (Массагеттер) 3. Сақ тайпалары қандай топтарға бөлінген? (сақ – тиграхауда,сақ – хаомаварга,сақ- парадарайа) 4. Арал теңізінің солтүстік – шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын ата. (дайлар, исседондар, аргипейлер) 5. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? ( 3 топтан:жауынгерлер,абыздар,малшылар мен егіншілер) ІІ.Оқушылар картадан сақтардың топтарының аттарын атай отыра, орналасқан территорияларын көрсету. Теңіздің арғы жағындағы сақтар(парадарайа) – Қара теңіздің солтүстігі,Арал теңізінің маңында. Шошақ бөрік киген сақтар(тиграхауду) - Әмударияның төменгі ағысында. Хаома сусынын дайындайтын сақтар(хаомаварга) – Муграб аңғарында. ІІІ. Оқушылар сақтардың тұрмысы туралы мәлімет береді. ІҮ. Ү. Ертедегі темір өндіру. Анаграмма Темір ойлап тауып жасаған кезең. РІЕМТ ІРІӘУД (Темір дәуірі) Тас құралдар пайдалаған кезең. САТ ДУІРІӘ (Тас дәуірі) Қола құралдарын пайдаланған кезең. АЛОҚ УІРІДӘ (Қола дәуірі) ҮІ. Сақтардың мәдени мұралары. Арал өңірінде табылған ескерткіштер Шірік – Рабат Бәбіш молда Баланды Сақтардың Жетісудағы ескерткіштерінің бірі – Есік қорғанынан табылған « Алтын киімді адам» туралы мәлімет. Қорытынды: Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер. М.Жұмабаев Бағалау: Оқушылар өз өздерін бағалайды. Үйге тапсырма: Кроссворд жасап келу. | |
Просмотров: 6366 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|