Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІ – АСЫЛ ҚАЗЫНА (Өзін-өзі тану және информатикадан кіріктірілген сабақ. 7-сынып)
ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІ – АСЫЛ ҚАЗЫНА
(Өзін-өзі тану және информатикадан кіріктірілген сабақ. 7-сынып)
Қажекенова Э.А., химия, биология және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі, І санат
Садыкова А.М., информатика және математика пәнінің мұғалімі, ІІ санат
Мақсаты: оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
білімдік: оқушыларға халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
дамытушылық: оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;
тәрбиелік: салт-дәстүрге құрмет, елжандылық сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілік: Презентациялар, бейнетүсірілімдер, бейнефрагменттер, асықтар, таратпа материалдар.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (өзін-өзі тану сабағы мен информатика)
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, бір-бірімен сәлемдеседі. «Қазақы дастарханым» әні орындалады. Екі оқушы асықтар таратады, асықты алып отырып, өзіне белгілі салт-дәстүрді атап береді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, топ бойынша орындарына отырады.Бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлайды.

ҚАЗАҚЫ ДАСТАРҚАНЫМ
Сөзін жазған Ж. Боранбаев
Әнін жазған М. Ілиясов
Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді
Иілсе келін-балаң.
Ықылас, ізет еткен
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!
Қайырмасы.
Толықсып туған айым,
Наурызым, айналайын.
Өзіңсің ырыс-құтым,
Қуаныш, думан-тойым.
Қайырмасы.

Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
• Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
• Халық даналығының мақсат-мүддесі неде?
• Халықтық дәстүрден қандай өнеге-үлгі алуға болады?
• Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.
Мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап іздестірулеріне көмектесу үшін көрнекі құралдарды пайдалануға жағдай жасайды. Оқушылар сахналық көріністі, бейне түсірілімді, бейнефрагментті, фотосуреттерді қарап шығады. Әрбіреуіне жеке жеке тоқталып, талдау жасалады.
Эльмира мұғалім: оқушыларды тыңдап, салт дәстүрлерге толығырақ тоқталу
Айжан мұғалім: «Жетім көрсең жебей жүр демекші», қазақ халқының қанына сіңген бұл дәстүр осы күндері де сақталған. Қайырымдылық, жомарттық-бір адамның екінші адамға немесе адамдар тобына қарымтасыз, міндеттеусіз қызмет қылып, жақсылық жасауға шын пейәлдәләгә, нақты ісі арқылы көрінетін өте жақсы қасиеті.

Жаңа ақпарат
Жаңа ақпаратта ұсынылған Ғ.Мұстафиннің дәстүр жайлы айтқанымен танысу оқушылардың түсініктерін кеңейте түседі.
Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.
Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді.
Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.
Ғ.Мұстафин
Мәтінмен жұмыс (Аудиомәтінді тыңдау)
Мәтінмен жұмыс жүргізу оқушылардың білімдерін кеңейтіп, олардың оқу белсенділіктерін арттыра түседі. Оқушылар сабақ тақырыбын ашатын аңыз әңгімені оқып, салт-дәстүрдің қаншалықты маңызды екеніне көздерін жеткізеді.
Мәтіннің мазмұнын жете түсіну арқылы оқушылар ата-бабамыздың ақылгөйлігі мен ұтқырлығына тәнті болады. Халқымыздың ата салтын адам баласының ғана игілігі үшін пайдаланып қоймастан, оны қоршаған ортаға қатысты қолдану арқылы өздерінің өмір салтын берік ұстанғанына көз жеткізеді. Сондай-ақ халық арасында кім болса да, атақ-даңқына, дәрежесіне қарамастан, ата салттан аттамау, оны сақтап, қадір тұтудың мәні қандай болатынын мәтіндегі оқиға дәлелдей түседі. Мұның өзі балалардың бойында халықтық дәстүрге деген сый-құрметтерін арттырып, мақтаныш сезімдерін тудырады, терең ой салады.
АҢЫЗ ӘҢГІМЕ
Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.
– Шығар киікті! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға. – Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?
Сонда қария:
– Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені де рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды, – депті.
Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.
Аңыз әңгімедегі дәстүрге назар аударып, оны талқылау. Оқушылар өздері оқыған аңыз әңгімелерден осыға ұқсас мысалдар келтіреді.
Айжан мұғалім: Аталы сөздерге құлақ асып, салт дәстүрлерін сақтап қана емес, қазақ халқы қолөнерін де кеңінен пайдаланған. Осы туралы мен сендерге ертегі айтып берейін. Баяғыда бір хан болыпты, және ол ханның жалғыз ұлы болыпты. Сол ұлы бір күні саятқа шығып, алдына кездескен аңдарды қырып жойып келе жатқанда бір үкі оның бетіне шапшып, 2 көзін ойып жібереді. Соқыр болып келе жатқан хан баласы жардан құлап мерт болады. Содан хан іздеу салып, «кімде кім ұлымың қаза болғанын естіртер болса, соның басын аламын»-деп жарлық берген соң, оның өлімі туралы айтуға ешкімнің батылы бармайды. Сонда бір оюшы адам болған оқиғаның желісін сипаттап, сырмақ салады да оны ханның алдына жайып салады. Ол хан сырмақтың оюын тарқатып, ұлының биік биік таулардан асып, тереі терең сулардан өтіп, қалың орманды аралап, аңдарды аяусыз қырғанын, бетіне ұшып келген үкінің көзін ойып, соқыр болғанын, жардан құлап мерт болғанын түсініпті. Бұл жерден, балалар, оюшының асқан шеберлігін байқауға болады. Ал енді біз де қазағымыздың дәстүрін жалғастырып, оюларды салып көрейік. Алдарыңда жатқан тапсырмалар бойынша Paint бағдарламасындар ұсынылған оюларды салыңдар. Салып болған соң әр топтан бір оқушы сол салған оюы туралы қысқаша айтып берсін. (Компьютерде тапсырмалар орындау)
Енді балалар компьютерлеріңде, жұмыс столында Дайек сөз деген файлды ашып, дәйексөздерді оқып, топ ішінде талқылап, негіздеп беріңдер. 2 минут уақыт беріледі.

Эльмира мұғалім: Экранда берілген тқырыптар бойынша (отбасындағы дәстүрлер, сыныптағы дәстүрлер) тапсырма береді, оқушыларды тыңдау.
Айжан мұғалім: Балалар, осы аталған дәстүрлерден басқа қазіргі заманға сай бәрімізге белгілі, өміріміз бір бөлігіне айналған әлеуметтік желілерде де, бір-бірлеріңмен, жақындарыңмен хабарласуда осындай дәстүрлер жөн. Оларға мысал келтіріп өтсем:
 Сәлемдесу
 Жақындарыңа дөрекі сөздер жазба, айтпа
 Балағаттама
 Смайликтерді, суреттерді орынсыз пайдаланба, бір бірлеріңді сыйлауды ұмытпа
Біз бүгін салт-дәстүрлерге кеңінен тоқталып өттік, байқап отырғанымыздай біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Балалар, «Қонақ келсе, құт келеді» дегендей, енді қонақтарға да жылы лебізімізді білдірейік. (Оқушылар асықтарға жалызған тілектерін оқып, қонақтарға ұсынады). Ал енді балалар, бір бірімізге жылы лебізімізді білдіріп электронды хатпен хабарлама жіберейік.
Категория: Школьный психолог | Добавил: Aijan-84 (2013-11-25) E
Просмотров: 6233 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 3.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru