Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог |
«КІЛТ» проективті әдістеме Нұсқау: айтылған заттарды нақтылап көз алдыңызға елестетіп, дәлірек суреттеп жазыңыз. Қаншалықты толық жазсаңыз, соншалықты өзіңіз туралы мәлімет ала аласыз. 1. Көз алдыңызға кілт елестетіңіз. Ол қандай, не үшін? Ойыңызды қағазға түсіріңіз. 2. Бір бау (бума) кілттерді елестетіп, суреттеп жазыңыз. 3. Енді өзіңізді орман алаңқайында жүргеніңізді елестетіңіз. Жүрген жеріңізді бейнелеп жазыңыз. 4. Орманда жүріп адасып кеттіңіз делік. Не істейсіз? 5. Ары қарай жүре беріп, ормандағы үйді көрдіңіз. Қандай үй екен? Бейнелеп жазыңыз. 6. Үйді өтіп кетіп, бір көлді көрдіңіз. Көріп тұрған көліңізді суреттеп беріңіз. 7. Көлге кезіккенде не істейсіз? 8. Басыңызды көтеріп аспанға қарасаңыз бір шағала ұшып бара жатыр екен. Ол қандай, бейнелеп жазыңыз? 9. Бір сәтте құстардың айқай-шуын естідіңіз. Не істейсіз? Осыдан кейін үйге келетін жолды тауып, ормандағы серуеніңіз аяқталды. Тест интерпретациясы 1. Кілт – ол өзіңіз. Кілтті қалай суреттедіңіз, ол өзіңізді қандай адам санайтыныңызды көрсетеді. 2. Бір бау кілт – ол Сі здің достарыңыз. 3. Романдағы алаңқай - өмірдегі қызығушылықтарыңызды бейнелейді. 4. Адасып кеткендегі іс-әрекетіңіз - өмірдегі қиындықтардан шығу жолдарын көрсетеді. 5. Ормандағы үй – Сіздің қонақжайлылығыңызды көрсетеді. 6. Көл – махаббат, секс нышандары. 7. Көлді көргенде іс-әрекетіңіз - махаббат, секске көзқрасыңызды білдіреді. 8. Шағала - өзіңізге әйел немесе ер адам ретіндегі көзқарасыңыз. 9. Құстардың айқай-шуы – конфликттерге қатынасуыңыз, олардан шығу жолдарын көрсетеді. | |
Просмотров: 891 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|