Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог |
Ақтанбердинова Мариам Мақсұтқызы, Семей қаласындағы №8 мектеп-кешенінің педагог-психологы «Дарындылық – көп қырлы құбылыс» Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген. Құзіретті мұғалім дегеніміз : адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Балалар бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені, баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Жасырын дарыны бар балалар өз қабілеттерін ашық көрсете алмайды (түрлі психологиялық кедергілерге байланысты). Бірақ сәйкес ынталандыру шараларынан кейін (ойындар, байқаулар, жетістікке жететініне сендіру және т.б.) мұндай балалар өз қабілеттерін көрсете бастайды (белгілі бір оқу пәні, тәжірибе жұмыстарында, спорт және т.б.). Арнайы мектептерде дарынды баланың интеллектуалдық қабілеті сәйкесінше бағаланып, құрбыларымен қарым-қатынасы анағұрлым жақсы жағдайда болады. Мұғалімдердің ерекше дарынды балаға көзқарасы оның тұлғалық сапаларына тікелей қатысты болады. Дарындылықтың түрлері: 1. Көркем дарындылық 2. Жалпы интеллектуалдық және академиялық дарындылық 3. Шығармашылық (креативті) дарындылық 4. Әлеуметтік немесе лидерлік дарындылық 5. Спорттық (психомоторлық) дарындылық Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе | |
Просмотров: 724 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|