Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог |
ШҚО. Семей қаласы, «№34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, педагог-психолог Разакова Айнура Тайбековна «АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ - АТА-АНАЛАРДЫҢ МЕКТЕППЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ БАСТЫ БАСПАЛДАҒЫ» Ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының басты баспалдақтарының бірі – оқу жылында 4-5 рет өткізілетін сыныптық ата-аналар жиналысы болып табылады. Ата-аналар жиналысында АКТ-ны пайдалану. Мұғалімдер ата-аналарға балалары жайында жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді; Балалар электронды портфолиосын ұйымдастыру жүзеге асады; Ата-аналарды тақырыптық және шығармашылық жобаларға белсене қатысып, дайындауға мүмкіндік береді. Сыныптық ата-аналар жиналысын даярлау ережелері: 1. Бірінші ереже. Ата-аналар жиналысының тақырыбы ата-аналар үшін өзекті болуы тиіс. 2. Екінші ереже. Ата-аналар жиналысы ата-аналарға қолайды уақытта өткізілуі тиіс. 3. Үшінші ереже. Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары ата-аналарға белгілі болуы тиіс. 4. Төртінші ереже. Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасы сыпайы әрі сенімді болуы тиіс. 5. Бесінші ереже. Сынып жетекшісі балаларға ат қойып, айдар тақпауы тиіс. 6. Алтыншы ереже. Ата-аналар жиналысы педагогикалыө жағынан пайдалы және жақсы даярланған болуы тиіс. Ата-аналар жиналысының түрлері • Ұйымдастырушылық, • Жалпымектептік немесе сыныптық • Жоспардан тыс (туындаған төтенше жағдайларға байланысты) • Тақырыптық, ақпараттық-ағартушылық • Дифференциалды (арнайы шақырылған ата-аналар тобы) • Қорытындылау Жиналыста қолданылатын әдіс-тәсілдер: • Сөздік – Әңгіме – Баяндама • Көрнекіліктелінген – Таблицалармен жұмыс – Слайдты демонстрациялау – Диафильмдерді көрсету – Компьютерді пайдалану • Іс-тәжірибелік – Тесттермен жұмыс – Тренингтік жаттығулар Ата-аналар жиналысында компьютерді пайдаланудың артықшылықтары - Уақытты үнемдеу; - Жеделдік; - Байланыс жасау мүмкіндігі; - Көрнекілігі. АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП КІРІКТІРІЛЕ ӨТКІЗІЛГЕН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ Тақырыбы: «БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПЕКЕ БЕЙІМДЕЛУІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР» • Өткізу түрі: Ақпараттық-ағартушылық • Мақсаты: АКТ-ларды пайдалана отырып, бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай психо-физиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру; Оқушылардың бірінші сыныпқа бейімделу мәселелерін талқылау. • Әдіс-тәсілдері: Слайдтарды демонстрациялау, интерактивті тақтамен жұмыс («Флепчард» бағдарламасы бойынша), балалар бейнеленген видеотаспаны демонстрациялау,тренингтік жаттығулар,топтық жұмыс,кеңес,психологиялық тестті компьютерде орындау • Көрнекіліктер: Видеофильмдер, үнтаспа, слайд,үлгілі бала суреті, әр компьютерде берілген тесттік тапсырмалар. • Алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстары: 1. Балаларға «Менің жанұям» тақырыбында проективті әдістеме жүргізілді. 2. «Менің мектептегі бір күнім» деп аталатын балалардың сабақ үстіндегі әрекеттері, мектеп жайлы ойлары жайында арнайы бейнетаспа түсірілді. 3. Оқу жылының басында бірінші сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындқтарын анықтауға бағытталған психологиялық диагностика жүргізілген болатын. Слайдтарды демонстрациялау әдісі жиналыстың келесі кезеңдерінде қолданылған болатын: - Ата-аналар жинаысының тақырыбы мен мақсаты; - Бірінші сынып оқушыларының психо-физиологиялық ерекшеліктері; - Баланың мектепке психологиялық даярлық түрлері; - Оқушылардың бірінші сынгыпқа бейімделу мәселелері. - «Қалай жақсы ата-ана болуға болады?» психологиялық кеңестер жиынтығы. Интерактивті тақтамен жұмыс барысындағы ата-аналардың «Жүректен-жүрекке» жаттығуын орындауынан видеобейне үзіндісін көрсету. Видеофильмдерді көрсету әдістері келесі кезеңдерде жүзеге асқан болатын: 1. Оқушылардың мектепке қаншалықты үйренгендіктері жөнінде, қанда қиыншылықтарға тап болып жүргендерін сабақ үстінде бейнетаспаға түсіріп, ата-аналарға тамашалатқан болатынбыз. 2. Оқушылардың мектепке бейімделуіндегі қиыншылықтары жайында, яғни мектеп дезадаптациясынан ата-аналбарға үзінділер көрсетілген болатын. 3. «Менің жанұям» арт-терапиялық жаттығу жүргізіліп, нәтижесі де ата-аналарға көрсетілді. Әр баланың өзінің отбасындағы аса бағалайтын құндылықтары аталып, ата-аналарының бейнелері өздеріне тамашаланды. «Менің мектептегі бір күнім» деп аталатын балалардың сабақ үстіндегі әрекеттері, мектеп жайлы ойлары жайында арнайы бейнетаспа түсіріліп, ата-аналарға көрсетілді. Жиналыста компьютерді ата-аналардың пайдалануы келесі тұрғыда жүзеге асты. Әр ата-ана отырған компьютеріне «Менің баламның...» деп аталатын психологиялық тесті берілген болатын. Қарапайым 8 сұрақтан құралған тест сұрақтарына ата-аналар жауап беріп, нәтижесі интерактивті тақтада берілді. Ата-ана жиналысында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі мен нәтижесі Әр ата-ананың өз баласын басқа қырынан тануға мүмкіндігі ашылды; Ата-анамен сынып жетекшісі арасындағы байланыс одан әрі нығайды; Ата-аналардың жиналыс жайында түсініктері өзгеріп, мектепке келуі жиіледі; Ата-ананы біле отырып, оқушымен қарым-қатынас құру жеңілдеді; Оқушы мен ата-аналары арасында сыйластық қатынас орнады; Педагогикалық - психологиялық кеңес алды; Ата-аналарға арналған тесттік тапсырмаларды орындау мұғалім үшін пайдалы: уақыт үнемделді, көрнекілік ретінде қолданылды. | |
Просмотров: 33571 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|