Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайнар ауылы Бегалин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Қуатбаева Маржан Төкенқызы тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан тарихы Тақырыбы: Қазақ халқының өнері мен музыка мәдениеті. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының өнері, сурет және қолданбалы өнері сонымен қатар музыка өнерімен сазгер – күйшілер жайлы түсінік беру, алу. 1. Қазақ халқының қолданбалы өнері, сурет өнері, музыка өнері олардың халық арасында дамуы, халық арасында қолдау табуы, өнерге жол ашуы жайлы мәлімет алады. 2. Қазақ өнерінің дамуы ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып қалуы, өнер қайраткерлерінің өмір деректерін, олардың туындыларының ел арасында кең қолдау табуының ерекшеліктерін дамыта айту. 3. Халықтың мәдени - рухани мұралары қазақ халқаның өнерінің алар орны келешек ұрпаққа үлгі – өнеге. Өнерге, музыкаға деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу. 1. Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс. 2. Сабақтың типі: Сын тұрғысынан ойлау және жазу технологиясы 3. Сабақтың әдісі: 1. Оқырман жауабы 2. Джиксо – 1 3. Оқырман жауабы 4.Еркін жазу: «Қазіргі заманғы қолданбалы өнер» 4. Сабақтың көрнекілігі: 1.Бағалау парағы 2.Портреттер 3.Ә.Қастеев кітабы. Ұйымдастыру кезеңі арқылы сынып оқушыларын сабаққа дайындау. 1.Қызығушылығын арттыру. Оқырман жауабы: - Үй тапсырмасын сұрау. 1. Қазақ халқының өнері мен табиғатын бейнелеуге зор үлес қосқан басқа ұлт өкілдері. 2. Қазақстан Орта Азия тақырыбына үлкен үлес қосқан, үлкен орын берген орыс суретшісі кім? 3. Николай Хлудовтың көрнекті суретшінің негізгі өнері қай елдің тақырыбын суреттейді? Таудың бұлағынан, Қойды құлағынан Апамның киізінен Ешкінің мүйізінен 4.Қолданбалы өнер қандай өнер, ол қашаннан бері дами бастады? 5.Қол өнер салалары үй кәсіпшілігі тұрмыс қажетін өтеуге негізін өзіндік әдістері қандай болды? 6.Ауыл зергерлерінің жасаған бұйымдары қандай және оны көбінде кімдер тұтынды ? 7.1868ж Париждегі дүниежүзілік көрмеге қандай бұйымдар қойылды? 8.1872ж Мәскеуде болған көрмеде қазақтың қай өнері жұртшылыққа танылды? ІІ. Мағына ашу. Джиксо – 1стратегиясы. Жаңа сабақты оқушыларға топтарға бөліп отырғызып,әр жанұялық топқа 1,2,3,4,5 сандарын таратамыз. 1саны – 1топқа – 1столға 2саны-2топқа-2столға 3саны-3топқа-3столға 4саны-4топқа-4столға 5саны-5топқа-5столға топталып отырады. Берілген тақырып мәтінді жеке-жеке оқиды. Қайта өз жанұясына қайтып алма-кезек түсіндіреді. Әр топтан 1 оқушыдан шығып түсіндіреді, түсінгенін ортаға салады. Топтарға бөлінген бөлімдер. 1.Музыка өнері. Тәттімбет Қазанғапұлы. 2.Құрманғазы Сырғайбайұлы 3.Дәулеткерей Шығайұлы, Біржан Қожағұлұлы. 4.Жаяу Мұса Байжанұлы 5.Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы, Ықылас Дүкенұлы. ІІІ. Ой толғаныс Оқырман жауабы 1.Шертпе күй негізін қалаушылардың негізгі өкілдерін ата. 2. «Саржайлау», «Салқоңыр», «Алшағыр» қай лирик сазгердің күйі? 3.Байбақты, Байжұма, Баламайсақтардың шәкірті болған күйші кім? Домбырасын қару ете жүріп қандай күйлер шығарды? 4.Халықты ерлікке бастайтын күйлерінен басқа Құрманғазы шығармаларының ішінде тағы қандай шығармалары бар? 5.Дәулеткерей күйлерін ата? 6.Біржанның патриархаттық –феодалдық қоғамның озбырлығына қарсы ыза-кегін білдірген қандай ән бар? 7. «Жаяу» деп Мұсаны, «Жалаң аяқ» деп Мұстафаны айту себебі неде? 8. Ақжігіт неге Ақан сері атанды? 9.Ықылас қобызшы, сазгер,күйші атану себебі? Оқушылардың өзін-өзі бағалауы (бағалау парағы) Мұғалімнің бағалауы. Үйге тапсырма. Еркін жазу: «Қазақтың 100 әні мен күйі» эссе жазу. | |
Просмотров: 4462 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|