Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Тарихыңды танып біл (командалық сайыс. 5-6-сыныптар) Сайыстың мақсаты: 1. Адамзат дамуы тарихын, дәуір кезеңдерін,ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалар туралы деректерді білу. 2. Оқушылардың ежелгі Қазақстан жайлы білімдерін одан әрі жетілдіру. 3. Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктерді айта отырып,отаншылдыққа, ерлікке,батырлыққа тәрбиелеу. Сайыстың жоспары: 1. «Сергіту» кезеңі 2. «Шынығу» кезеңі 3. «Ойды аяқта» кезеңі 4. «Тарих тереңіне үңілсек» 5. «Біліміңді көрсет» І. «Сергіту» кезеңі. 5-сынып командасы. 1.Тарих сөзін алғаш қолданған кімдер? (Арабтар) 2.Шығыста тарихтың атасы деп кімді атайды? (Сыма Цяньды) 3.Сурет жазу қалай аталады? (Иероглиф) 4.Әлемде ең алғаш карталар қайда жасалды? (Қытайда) 5.Дүние жүзінде қанша этнос бар? (3000-дай) 6-сынып командасы. 1.Адамдар дән үккішті қай кезеңде ойлап тапты? (Неолитте) 2.Мұздық қашан ери бастады? (Бұдан 13 мың жыл бұрын) 3.Еңбек бөлінісі қашан пайда болды? (Энеолитте) 4.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі? (Көзе құмыралар жасау) 5.Көктемгі жайылым қалай аталды? (Көктеу) ІІ. «Шынығу» кезеңі. (Әр командаға жұмбақ-өлең) 1. Жиынға жиналыпты бүгін бәрі Сұрақты қояйық біз сөздің нәрі Ежелде түрік бабам жазған жазу Атауы қалай екен, білсең кәне? (руна) 2.Мереке құтты болсын барша қауым Оқушы, келім-кетті, бар достарым Тәуелсіздік заңының қабылданған Жылын тап мықты болсаң біз тосалық (1991 жыл) 3.Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпес Қаптаған елді мекен, саны жетпес Облыстың санын айтшы елімдегі Егер де білмей қалсаң ұяты кетпес (14) 4.Орынбор болған екен Астанамыз Кейіннен Қызылорда бас қаламыз Үшінші Астананы ел көркейткен Аташы көп ойланбай, қалт қаламыз (Алматы) ІІІ. «Ойды аяқта» кезеңі. 1. «Ер- елдің ...» (көркі) 2. «Отансыз адам, ормансыз ...» (бұлбұл) 3. «Ат- тойған жеріне, Ер- ...» (туған жеріне) 4. «Отан үшін отқа түс, ...» (күймейсің) 5. «Туған елдей ел болмас, Туған » (жердей жер болмас) 6. «Ердің атын ...» (еңбек шығарады) ІҮ. «Тарих тереңіне үңілсек» (даталардың жанына болған оқиғаларды жазады) 5-сынып 1.Б.з.б. 519-518-жылдар (Дарий патшаның сақтарға жорығы) 2.Б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар (Неолит кезеңі) 3.Б.з.б. 100 мың жыл бұрын (ауа райының күрт өзгеріп, суытып, мұз басуы) 4.Б.з.б 530 жыл (Кир патшаның сақтарға жорығы) 6-сынып. 1.Б.з.б. 484-425-жылдар (Грек тарихшысы Геродот өмір сүрді) 2.Б.з.б. 8-ғ.- б.з.6-ғ. (Темір дәуірі) 3. 1938 жыл. Өзбекстан (Неандерталь баланың сүйегі табылды) 4.1 млн. жыл бұрын (Қазақстан аумағында алғашқы адамдар пайды болды) Ү. «Біліміңді көрсет» 5-сынып. 1.Ер жүрек, қайсар сақ малшысы (Шырақ) 2.Кирді жеңген сақ патшайымы (Томирис) 3.Неолиттің басты жаңалығы (Қыш құмыралар) 4.Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын қару (Бумеранг) 5.Адамзат тарихындағы ұзақ кезең (Тас дәуірі) 6.Ислам дінінің жыл санау үлгісі (Хижра) 7.Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар (Қытайлықтар) 8.А.Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді? (Араб) 9.Сақтарда әлеуметтік топты бір-бірінен қалай ажыратты? (Киіміне қарап) 10.Сақтар мәдениетінің ерекшелігі (Аң стилі) 6-сынып 1.Сақтардың негізгі шаруашылығы (Мал шаруашылығы) 2.Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) 3.Киіз үйдің негізі (Кереге) 4.Рудың салт-дәстүр, әдет-ғұрпының орындалуын қадағалайды (Абыздар) 5.Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қашан басталды? (1946 ж.) 6.Суретті хат (Пиктография) 7.Ең бірінші қолданылған металл (Мыс) 8.Тас дәуірінің дамыған кезеңі (Неолит) 9.Ява аралынан табылған алғашқы адам қаңқасы (Питекантроп) 10.Ертедегі адамдардың ұжымы (Тобыр) ҮІ. Сайысты қорытындылау Жеңген команданы анықтап, марапаттау. | |
Просмотров: 2519 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|