Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Функционалды сауаттылық және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалудың жаңа жолдары әдістемелік кеңес Мемлекет басшысының 2012 жылғы « Әлеуметтік –экономикалық модернизация-Қазақстан дамуының басты векторы » атты халыққа жолдауында мектепте білім берудің басты стратегиясына қоршаған ортаға бейімделуіне және онда жұмыс істеуіне ықпал ететін оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жатады. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып , оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. " Функционалды сауаттылық мазмұны 1Оқу және жазудағы сауаттылық 2. Жаратылстану ғылымы бойынша 3. Математикалық , компьютерлік 4. Отбасылық өмір 5. Денсаулық мәселесі 6. Заң сауаттылығы Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік Білім ,Ептілік Дағды жатады/ БЕД" - Е.Н.Имангалиев №9 ,2012 жыл,Білім беру мекемесінің басшыларының анықтамалығы Білім ,Ептілік Дағды / БЕД/ қалыптастыру Ойлау дағдысы,интеллектуалдық ептілік,білім мына көрсеткіштерден тұрады: 1. негізгі ойды бөліп ала білуі 2.қысқаша жоспар құра білуі 3.терминдармен,құжаттармен жұмыс істей білуі 4. мазмұнын және өз көзқарасын айта білуі 5. басқа оқиғалармен байланыстырып,салыстыру өмірмен байланыстыру. ҚҰНДЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ деген алған білімінде адам тұтас әлемнің бір бөлшегі екенін сезіне білуі, оның өмірі мен тағдырындағы, қуанышы мен қайғысын бөлісуі, шиеленістерді келісімге келтіре отыра шешуі, әр адам өз ісі үшін жауапкершілікке ие болуы және әлемдегі өзгерістерге қосар үлесін анықтай білуі . Мұндай қасиет оқушының моралдық жағынан дамуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына жан-жақты жағдай жасайды.ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК деген сабақ процесіне оқушының жан-жақты араласа білуі, мүғалімнің басшылығымен зерттеу жұмысымен айналысуы,өзінің өмірге деген жеке көзқарасын білдіруі, әр проблеманың бірнеше варианттық шешу жолдарын анықтай білуі .Сондықтан педагогикада әсіресе тарих , биология тағы басқа пәндерді оқытуда тірек сигналдар мен әр түрлі танымдық ойындарды пайдалану жақсы көрсеткіштерге жетіп, оқушыларға өмірлік ұстаным қалыптасуына көп үлес қосуда. Өмірлік дағды,құзыреттілік * Зейін қойып тыңдау *Адамгершілік тұрғыдан баға беру *Айналасындағы адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасау * Жанжалдарды дұрыс шеше білу * Ситуацияларды зерттей білуі * Шұғыл шешім қабылдай білу * өмірде өз орнын табу,кәсіпті дұрыс таңдау Функционалдық сауаттылықты зерттеу барысында қазақстандық оқушылар Pisa және Timss сияқты халықаралық зерттеуге қатысты. Қазақстандық оқушылар білімнің жоғары деңгейін көрсетті.Мектептің мүғалімдері мықты пәндік білім беретінін , бірақ сол білімді шынайы өмір жағдайларында пайдалануды үйретпейтінін көрсетті. Оқушылардың негізгі пәндер бойынша нәтижесі төмен болды . «Сын түзелмей мін түзелмеді» дегендей кейбір олқылықтың алдын алуға болатынына тоқталғым келеді.Қазақ тілі қазақ сыныбында және орыс тілі орыс сыныбында неге төмендеді? Математика, Қазақстан тарихынан қалай жақсы білім көрсетсек, осы мәселер мұғалім, ата-ана , оқушыны мамыр айында ҰБТтапсыру кезінде емес 1 қыркүйектен бастап толғандыруы керек.Жаңа оқу бағдарламасына көшу барысында өзерістер 1-сыныпты да қамтиды. Ағылшын пәні ,әлемтану, жаратылыстану пәндерінен көп мәліметтер бастауыш сынып сабақтарына кіріктіріледі және 10,11-сыныпта басталатын жаратылыстану мен гуманитарлық екі бағыттағы дайындықты 5-сыныптан сынып жетекшісі алдын ала дайындық жұмысын жүргізіп,оқушының қабілетін анықтап бағдарлы дайындықты ерте бастауы қажет. Биология пәнін таңдағандар жақсы нәтиже көрсетті , жылдан жылға физика пәнін таңдағандар саны артуда . Таңдау пәнін мектеп бойынша 1-2 бала алса, оларды бағдарлама жасап неге дайындамасқа , өзі таңдап алған бесінші пәннен екі алған оқушыға дұрыс таңдау жасауға көмек жасамаған ата-анасы және пән мұғалімі де жауапты. Пән мұғалімдері оқушыларды жинап алып жалпы консультация беруден бас тартып Жигсо әдісі бойынша оқып, бір- біріне түсіндіру, үлкен тақырыптарды бірлесіп талдау керек.Түсіндірмелі тест жұмысын жүргізу барысында сұрақ оқылғаннан соң бәрі белгілейді, бір оқушы түсіндіріп отырады, қате болса түзетеді. Бұл тест барысында көру және есту арқылы барлық оқушы талдау барысын тыңдап отырып есте сақтайды. Тесті сатып алып сынақ жүргізеді , тек сол кітапшамен жаттанды түрде дайындалып оқулықтағы материалға үстірт қарау белең алған.Оқушының жаттау қабілеті жоғары, ол дайындық барысында пән бойынша мың сұрақтың жауабын жатқа біледі,сол сұрақтар түскен жағдайда барлығы 125 бал жинауы айдан анық . Сұрақтарды сәл өзгертсе оқушы мағынасын жете түсінбей уақытты бос өткізіп алады. Оқу жылы ішінде тестілеудің барлық түрін мұғалім алмастырып пайдаланса, жақсы нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз, оқушылардың ойлау қабілетін де арттырып функционалдық сауаттылығын дамытады . Мысалы , «иә, жоқ» жауабын жазу, не сызықша арқылы графикалық диктант жүргізу бірнеше тақырып,бөлімді қайталау барысында қолдануға болады. ( сөйлемдегі оймен келіссе ___ түзу сызық , қате болса доғал сызық ) «Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбы бойынша 1ЖӨС- жер өндейтін серіктестіктер 2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет 1928 жылғы 27 тамызда жарияланды. 3 Компарияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын 1932 жылы жариялады. / Дұрыс жауабы -1927жыл 4 Ұжымдастыру қарсаңында мал саны-40,5 млн болды 5 . 1қаңтарда 1932 жылы 4,5млн мал қалды 6. 1931-1933 жылдары 2,1 млн адам қырылды 7. Ауылды кеңестендіру ұранымен «жаңа революция» жүргізуге өлкелік партия ұйымын басқарып отырған Л.Мирзоян бағыттады/ Ф .Голощекин 8 1934 жылдың көктеміне дейін ұжымдастыруды аяқтау көзделді/1932 жылдың көктемі 9 1млн-нан астам қазақ республикадан көшіп кетті, 414 мыңы қайтып оралды. 10 Қазақтардың осы жылдардағы саны 10жылдан кейін қалпына келді./1969 жылы 40 жылдан кейін/ Жауап сызбасы, графикалық диктанттың жауабы 1___ 2__3 4 ___5__6__7 8 9___10 Осы тақырып бойынша толықтыру тесті барысында мұғалім сөйлемді аяқтауға тапсырма береді. Бұл тест барысында дайын жауап берілмегендіктен оқушыға ойлануға тура келеді, келесі сабақта ауызша осы сұрақтарды «Миға шабуыл» әдісімен тағы қайталауға болады 1.Жер өндейтін серіктестіктер қалай аталды ? 1 ЖӨС 2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қашан жарияланды ?1928 жылғы 27 тамызда жарияланды. 3 Компарияның нешінші съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын 1927жылы жариялады. / XV съезі 4 Ұжымдастыру қарсаңында мал саны қанша болды 40,5 млн болды 5 . 1қаңтарда 1932 жылы қанша мал қалды ? 4,5млн 6. 1931-1933 жылдары қанша адам қырылды ? 2,1 млн адам 7. Кім ауылды кеңестендіру ұранымен «жаңа революция» жүргізуге бағыттады/ Ф .Голощекин 8 Ұжымдастыруды аяқтау қашан көзделді/1932 жылдың көктемі 9 қанша қазақ республикадан көшіп кетті, қанша қайтып оралды ? 1млн-нан астам қазақ, 414 мыңы қайтып оралды. 10 Қазақтардың осы жылдардағы саны қай уақытта қалпына келді./1969 жылы 40 жылдан кейін Сәйкестендіру тесті 1.Жер өндейтін серіктестіктер 1 ЖӨС. 2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды 1932 жылдың көктемі 3 Компарияның XV съезі съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. / 1928 жылғы 27 тамызда жарияланды. 4 Ұжымдастыру қарсаңында мал саны қанша болды 2,1 млн 5 . 1қаңтарда 1932 жылы қанша мал қалды ? 40,5 млн болды 6. 1931-1933 жылдары қанша адам қырылды ? 1млн-нан астам қазақ 7. Кім ауылды кеңестендіру ұранымен «жаңа революция» жүргізуге бағыттады Ф .Голощекин 8 Ұжымдастыруды аяқтау қашан көзделді 1969 жылы 40 жылдан кейін 9 республикадан көшіп кеткен қазақтар саны 4,5млн. 10 Қазақтардың осы жылдардағы саны қалпына келді. 1927жылы Оқиға мен мерзімін оқу барысында сәйкестендіре отырып қайталау нәтижесінде есте сақтау қабілеті артады.Әр түрлі тексеру жұмысын жүргізу бір тақырыптың өзіне бірнеше тест жасау мұғалімнен көп дайындықты талап етеді, есесіне өз сабағыңызға көңіліңіз толып, оқушылардың қызығушылығы артады . Дәстүрлі 5 жауапты тест 1Торғай уезінде Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересін хан сайлады,ол кім? А.Ұзақ Саурықов В.Жәмеңке Мамбетов С.Бекболат Әшекеев Д Амангелді Иманов Е.Әбділғапар Жанбосыновты Барлық аты аталған қайраткерлер көтеріліске қатысты , мұғалім тек бір дұрыс жауапты жаттатумен айналыспай осы тест сұрағы бойынша бірнеше қосымша сұрақтар қою керек -Жетісудағы көтеріліс басшысы кім, қалай қаза болды? Бекболат Әшекеев 9қыркүйекте Верный маңында Боралдай асуында дарға асылды. -Торғай уезінде бас қолбасшы сардарбек болып сайланған кім және Торғайдағы көтерілістің ерекшелігі? Амангелді Иманов,көтерілісінің ерекшелігі : табанды болып ұзаққа созылды, басқарудың бір жүйесі болды, әскери сап құрып колоннамен жүрді,тосқауыл қойып 25 шақырымнан астам жерге шолғыншы жіберді . -Қарқара аймағында көтеріліс басшысы кім ,ол туралы не білесің ? Көтерілістің ірі ошағы Қарқара аймағында жетекші болған Жәмеңке Мамбетов жәнеҰзақ Саурықов . Ұялы телефон, жасырын кіргізген жазбаларымен емес тек білімімен жақсы нәтижеге жетуге болатынына уақыт куә.Сондықтан бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен өмірге білек сыбанып,белсене араласа алатын қабілетін көтеріп, танып білу заман талабы. Олай болса оқушы бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, сапалы білім беріп, оның болашағын, жеке басын сыйлау біздің бірінші міндетіміз. Білімі күшті оқушы ҰБТ-ға өз-өзіне сенімді болып кіреді, ал ол жеңістің алғы шарты, жартылай жеңіс.... (жалғасы бар) Сембаева Жібек Өмірбайқызы,Бесқарағай аудандық білім беру,дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, гуманитарлық пәндер әдіскері | |
Просмотров: 4135 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|