Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Тарих сабағын ұйымдастырудағы мұғалім мен оқушының шығармашылығы.
Тарих сабағын ұйымдастырудағы мұғалім мен оқушының шығармашылығы.

Мукушев Қ.М.
№2 Новоишим орта мектебінің
тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
Біз «Өмір бойына жететін білім
алу» моделінен «өмір бойы білім алып
өту» моделіне көшуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастағанынан бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы - үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймын.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану сабақтары болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Қанша айтқанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Бұл жағдай білім сапасын арттыруға кері әсерін тигізетінін бәріміз де білеміз. Осы себептен оқушы игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болады.
Ал оқушыны дамыта оқытатын болсақ ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруы жағдайы басты назарда болмақ. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жағдайды шешуге қабілетсіз екендігін сезінуі керек.
Осыдан кейін барып оқушының білім алуға ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді, бұл жағдай оны шығармашылыққа итермелейді. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді . Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтауарқылы жүзеге асырылады. Әркім табылған шешімнің дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін, дәлелдемесін ашық айтуға мүмкіншілік беріледі, жауаптар тыңдалады, талдаулар жасалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермейді, дәлелдердің де нақты болуы да мүмкін емес. Дегенмен, әр оқушы жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесімен қорытындылауға үйренеді.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептерді осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен байи түсуде. Ауызша және жазбаша, телефон, радио байланыс – қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарына ығысып орын беруде. Нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен де білім беру мазмұны жаңаруда. Олай болса оқыту технологияларын жетілдірудің психологиялық-педогогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталады деп ойлаймын:
1. Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу.
2. Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу.
3. Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
4. Мұғалім мен оқушының бірлік одақта қызмет істеуі. Бір-біріне басымдық көрсетпеуі, оқушының да, мұғалімнің де субъект болуы.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мектеп ұжымдары әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, құралдарын одан әрі жетілдіруде тиімді әдістерді қолданудың жолдарын іздестіру қажет. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін еместігі айдан анық.
Тарих және қоғамдық пәндер сабақтарындағы көрнекілік туралы методикалық әдебиеттерде жеткілікті жазылған. Осыған қарамастан қазақ мектептеріндегі тарих сабақтарында көрнекі құралдардың тым аз пайдаланатындығын айтпасақ та болмайды. Ал, көрнекі құралсыз оқушыларды сабаққа ынталандыру, олардың алған білімдерінің тиянақты, баянды болуы қиын. Мұғалім әңгімесіндегі тарихи, географиялық орындар мен атаулар картадан көрсетіліп жатса, аты әйгілі, белгілі тарихи қайраткерлердің портреті ілініп, оның жеке басының қасиеттеріне сипаттама берілсе, белгілі бір қамалға жасалған шабуылдың суреті ілініп, ондағы жағдайлар аудио не бейнефильммен толықтырылса, ал белгілі бір елдің саяси, экономикалық және мәдени дамуын көрсететін статистикалық мәліметтер тек ауызша ғана айтылмай, ілулі тұрған таблицалар мен диаграммалардан көрсетіліп, ол елдің кейінгі жетістіктері алдыңғылармен салыстырылып жатса, әрине, алған білімдерін оқушылар ұзақ уақыт естерінде сақтайды.
Мұқият ойластырылған жағдайда қазақ мектептеріндегі тарих пәні сабақтарында көрнекі құрал пайдаланудың жайын едәуір жақсартуға болады. Алдымен барлық сабақтарда да тарихи карта мен бірқатар көрнекі құралдар қолдануға біздің №2 Новоишим орта мектебінде мүмкіншілік бар екенін айта кету керек.
Тарих сабақтарында әлі де жеткілікті қолданылмай келе жатқан құралдардың бірі – техникалық құралдар. Осыған байланысты мына жағдайды да ескерген жөн. Тарих сабақтары негізінен тарих кабинетінде өткізіледі. Бірақ тарих кабинеті әлі де техникалық құралдарды пайдалануға лайықты жабдықталмаған. Осындай жабдықталмаған кабинеттерде кейде техникалық құралдар қолданылады. Мұның көбінесе уақыт алғаннан басқа пайдасы болмайды. Біздің мектепте қазіргі таңда электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне байланысты тарих кабинеті техникалық жағынан қамтамасыз етіле басталды, интернет жүйесіне енгізілді. Тарих кабинеттерін техникалық құралдар пайдалануға сай жабдықтау және қолданған құралдың сабаққа қойылатын үш міндетін (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік) ойдағыдай жүзеге асуына үлес қосуы – ең басты шарт. Тарих сабақтарының сапалы өтуіне белгілі дәрежеде әсер ететін бірқатар құралдар бар. Солардың бірі – сынып тақтасы. Сынып тақтасын тиімді пайдаланатын мұғалімдер көбіне оған қосымша әр түрлі қөрнекілік материалдарын пайдаланады. Ал, бұған керісінше көптеген сабақтарда сынып тақтасы мүлде пайданылмайды. Сынып тақтасын ұтымды пайдалану тарих сабағын сапалы өткізуге едәуір үлес қосады. Сондықтан оны сабақ сайын пайдаланып отырған дұрыс.Сынып тақтасына сабақтың тақырыбы, сабақтың негізгі мәселелері, терминдер, кісі аттары, тарихи атаулар, статистикалық мәліметтер, даталар жазылып, хронологиялық және басқа да таблицалар, схема-сызбалар, диаграммалар сызылады. Сынып тақтасын тиімді пайдалану оқушылардың тақтада көптеген жұмыстар атқаруына мүмкіншілік береді.
Тарих сабағын жақсарта түсуге тікелей қатысы бартағы бір шарт – барлық оқушыларда тарихтан жұмыс дәптерінің болуы және онымен сабақ сайын үнемі жұмыс жүргізу. Қазақ сыныптарындағы тарих сабақтарының ерекшеліктерін ескерсек, тарих дәптерінің рөлі мүлде арта түседі. Тарих дәптерлерінің мүмкіндігін толық пайдалану үшін алдымен 5 сыныптан бастап, 11 сыныпты қоса, барлық оқушыда тарих дәптері болуы қажет, оқушылар сабақ сайын дәптермен жұмыс істеуі және мұғалім мезгіл-мезгіл тарих дәптерлерін тексеріп, оқушылар еңбегін бағалап отыруы қажет.
5 – 8 сынып оқушылары тарих дәптеріне кезекті сабақтың тақырыбын, негізгі мәселелерін, ал жоғары сынып оқушылары тақырып атын, шығармалардың үзінділерін, белгілі тұлғалардың цитаталарын, конспектісін жазады. Барлық сыныптарда да, тарих дәптерлеріне жаңа ұғымдар, терминдер, олардың анықтамалары, даталары, жеке тарихи тұлғалардың есімдері мен өмір сүрген уақыты жазылады, оқулық мәтінінен тарихи құжаттардан, не басқа әдебиеттен үзінділер көшіреді, суретке қарап әңгіме құрастырады және таблицалар, диаграммалар, сызбалар сызылады, тест жұмысындағы қателермен жұмыс істеледі.
Тарих сабағын ұйымдастырудағы мұғалім мен оқушылардың шығармашылығын арттыратын тағы бір шарт – интерактивті тақтамен жұмыс істеу. Бірақ интерактивті тақтамен жұмыс ұйымдастырудың басты қиыншылығы тарих кабинетінде оның болмауы. Сондықтан сабақты мультимедиялық кабинетке жоспарлау қажет, бірақ ол әрқашанда мүмкін бола бермейтіндіктен кейбір сабақтарды, сонымен қоса ашық сабақтарды өткізуге мультимедиялық кабинетте жоспарлап өткізіледі.
Мұғалім мен оқушының шығармашылығын арттыруға әсер ететін тағы бір жағдай – онлайн сабақтарға қатысу. Онлайн сабақтарда оқушылардың белсенділігіне жол берілмейтіндіктен, сабақ соңында ол сабақты талқылау қажет, әйтпесе өткізілген сабақтан пайда болмайды.
Оқу бөлімінің жоспарына байланысты оқушыларды қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға, байқауларға қатыстырып отырған абзал, сонда оқушылардың көзқарастары кеңееді.
Тарих сабағын сапалы етіп өткізуге қатысты басқа да әдіс, тәсілдер бар. Мәселен, күнделікті сабақты өмірмен, не қазіргі кезеңмен байланыстыру да, хронологиялық жұмыс істеу де, оқушылардың білім мен іскерлік шеберліктерді меңгеру дәрежесін үнемі тексеріп отыру да, туған өлке материалдарын пайдалану да т.б. сабақты мазмұнды, тартымды етіп ұйымдастыруға, оқушылардың тиянақты білім алуына ықпал етеді.
Мен өзім мұғалімнің сабаққа дайындығын үш категорияға бөлемін. Жалпы пәнді оқытуға, тақырыпты және жеке сабақты оқытуға дайындығы. Осының ішіндегі қиынырағы да, жауаптысы да әрбір кезекті сабаққа дайындық.
Жоғары сыныптардағы тарих курстарының тақырыптары бірнеше параграфтан тұрады. Көбінесе бір сабақта бір параграф оқытылады. Кейбір тақырыптағы сабақ-параграфтардың саны 2-4- тен 7-8-ге дейін жетеді.
Мен сабаққа дайындалғанда әрбір жеке сабақтың дайындығын бүкіл тақырыптың дайындығынан бастаймын. Алдымен оқу бағдарламасында сол тақырып бойынша жазылған материалды оқып, талдап шығамын. Мұның өзі тақырыптың негізгі идеяларын, ұғымдарын, онда кездесетін теориялық қағидаларды, негізгі фактілер мен мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан соң оқу бағдарламасымен салыстыра отырып, оқулықтағы материалды толық шолып қарап шығамын. Мұндай дайындық жұмысы сол тақырыптың құрамындағы жеке сабақтың орнын, оның бұған дейінгі және келесі сабақтармен тығыз байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Оның үстіне бұған дейінгі сабақта қандай олқылықтар кездескенін, әсіресе оқушылардың қандай мәселелерді ойдағыдай ұға алмағандығын, басқа қиындықтар болғандығын, ол олқылықтардың орнын толтыру үшін не істеуге болатындығын, сондай-ақ қандай әдістемелік әдіс-тәсілдердің көбірек пайда келтіретінін т.б. алдын ала ескертуге жағдай жасалады.
Бұдан соң кезекті сабақтың оқулықта берілген материалын оқып шығып, толық меңгеремін, оның бағдарламада көрсетілген негізгі мәселелерді қаншалықты ашып көрсететінін есепке аламын. Кейде теориялық қағидаларды, ұғымдарды немесе тарихи құбылыстарды, фактілерді ашып көрсетуге оқулықтағы нақты материал жетімсіз болып, көрсетілген қосымша деректерден материал алуға тура келеді.
Сол сияқты, оқулықтағы материалдың берілу жүйесі, логикалық құрылысы менің алға қойған мақсатыма сай келмесе, оны да өзімше беруге тырысамын. Материалдың көлемі тым көп болған жағдайда да мен оны «сын елегінен өткізіп», ең негізгілерін аламын. Бұдан кейінгі басты жұмысбүгінгі жаңа материалды оқып үйретудің ең тиімді әдіс-тәсілдерін белгілеп, пайдаланатын көрнекілікті т.б. құралдарды іріктеуге кірісемін.
Тарих сабақтарын дайындауда әлі де жеткілікті көңіл бөлінбей, шешуін таппай жүрген мәселенің бірі – сабақтың білімділік, тәрбиелік міндеттерін анықтау. Тарихшы мұғалімдер тәжірибесінде «сабақтың білімділік, тәрбиелік міндеттері», «сабақтың мақсаты» деп аталып кеткен. Осыған орай күнделікті сабақ жоспарларының көпшілігінде кезекті сабақтың білімдік, тәрбиелік міндеттері – «сабақтың мақсаты» деп алынады да, ол өте қысқа, жалпылама көрсетіледі. Әдетте кейбір ұстаздар сабақтың білімділік, тәрбиелік міндеттерін нақтылап жазу орнына, оның түпкі мақсатын көрсетемін деп бір сөйлем жазады да, мұның өзі көбіне сол сабақтың тақырыбын, не жалпы мазмұнын құр пайдалануға соқтырады.
Сабақтың білімділік, тәрбиелік міндеттерін дұрыс анықтамау сол сабақтың сапасыз өтуіне соқтыратынын тәжірибе көрсетіп отыр. Шынында да мұғалім өзінің кезекті сабағының оқушыларға нақты қандай білім беретінін, тәрбиенің қандай саласын оқушы санасына дарытатынын, осы сабақта ненің және оқытудың қандай әдістерінің көмегімен оқушылардың ой-өрісін дамытатынын шамамен білмесе – сабақтың білімділік, тәрбиелік міндеттерін қалай жүзеге асырады?
Сабақтың білімділік міндетінің дұрыс, не толық анықталмауы дегеніміз – өтетін жаңа материалдың ең өзекті мәселелері ажыратылып, бөлініп көрсетілмейді, оларды мұқият меңгертуге қажетті әдістемелік әдіс-тәсілдерді мұғалім жеткілікті пайдаланбайды деген сөз. Сабақтың тәрбиелік міндеті – білімділік міндетінен туындайды, екеуі өзара тығыз байланысты.
Оқушыларға ғылыми және нақты-тарихи білімдер беретін материалдардың ішінде оларға әсер етіп шабыттандыратын немесе ойландырып, толғанысқа, тебіреніске түсіретін т.б. материалдар болады. Бұндай материалдарды оқушылардың жүрегіне, сана-сезіміне, яғни ішкі жан дүниесіне әсер ететіндей етіп ерекше әдіс-тәсілдердің және құралдардың көмегімен оқытып үйретуге тырысамын. Мұндай жағдайда көбіне оқулықтағы материалдардың эмоциялылығы, нақтылығы жетіспей, қосымша деректер: тарихи құжаттардың, тарихи-көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттердің, тарихи естеліктердің оқу, көркем фильмдердің үзінділерін пайдалануға тура келеді.
Сабаққа алдын ала дайындалған кезде мұғалім тәрбиелік «ерекше қуаты» бар материалды іріктеп, оларды оқыту әдістерін белгілемесе, жоғарғыдай қосымша материалдарды пайдаланып, оқушылардың ішкі жан дүниесіне әсер ететіндей етіп баяндамаса – онда жаңа сабақтың тәрбиелік міндеті жүзеге аспайды.
Сабаққа қойылатын талаптардың құрамына кейіеірек өндірілген және күрделілеу талаптардың бірі – сабақтың дамытушылық, яғни оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту міндетін анықтау және оны жүзеге асыру.
Әрбір кезекті сабақта оқушы белгілі бір дәрежеде білім алады, сол білім беретін материалдың белгілі бөлігі оның ішкі жан дүниесіне, сезіміне әсер етіп, тарихи материалдың тәрбиелік мүмкіндігі де жүзеге асып жатады. Сонымен қатар үйге берілген тапсырманы дайындау, сыныпқа қойылған сұрақтарға жауап әзірлеу, жаңа сабақты тыңдау, өз бетінше түрлі жұмыстар атқару, әсіресе, іскерлік шеберліктерді қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлерін орындаут.б. барысында оқушы ой үстінде отырады, өзінің алдына қойылған оқу міндеттерін ойланып барып орындайды. Осылайша күнделікті сабақтардың бәрінде де оқушының ойлау қызметі дамытылып жатады.
Оқушының ақыл-ойының қалыптасып, одан әрі дамуына тікелей әсер ететін сапалар: ықыластанып, зейін қоя оқу және тыңдау; оқығанын, тыңдағанын қабылдап ұғып алу; қабылдағанын, ұққанын жадында, есінде сақтау; тыңдай отырып ойланып, қиялдана алу.
Бұл сапаларды қалыптастырып, дамыта түсу бағытында бастауыш сыныптардан басталу керек те, орта буын және жоғары сыныптарда жалғасын тауып, тарих сабақтарында тарихи оқиғаларды салыстырып, олардың өзара ұқсас және өзгеше белгілерін тауып, оқыған фактілерін жинақтап және қорытынды жасап, өз ойын дәлелдеп шығуға үйретіп отыру арқылы жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар бұл сыныптарда оқушылардың сөзін, сөйлеу мәнерін, яки тіл байлықтарын дамытуға да айрықша мүмкіндік береді. Күнделікті сабақтың дамытушылық міндетін белгілегенде және оны сабақ үстінде жүзеге асырғанда мен осы айтылғандарды ескеріп отырамын.
Сабаққа жан-жақты дайындалып, барлық материалды қарап, керекті құрал-жабдықтарды әзірлеп болғаннан кейін сабақ жоспарын жасауға кірісу керек. Әрбір сабақтың жазбаша жоспары болуы тиіс. Онда күні, сыныбы, сабақтың білімділік, тәрбиелік міндеттері, құрал-жабдықтар және сабақтың кезеңдері көрсетіледі. Ал, сабақтың дамытушылық міндетін сабақ сайын жазып отыру міндетті емес. Бірақ сабақ барысында оқушылардың ойлау қызметін дамытуға олардың зейінін, тыңдауын, қабылдауын, жадында сақтауын т.б. ақыл-ой қасиеттерін одан әрі жетілдіруге көңіл бөліп отыру қажет. Кейбір сабақ жоспарында сабақтың дамытушылық міндетін көрсету керек. Мәселен, оқу бағдарламасында көрсетілген іскерлік шеберліктің қандай дәрежеде қалыптасқанын анықтау үшін немесе кейбір іскерлік шеберліктерді қалыптастыру үшін арнайы жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда оны сабақ жоспарында көрсету керек.
Ең жауапты кезең – сабақты өткізу. Кейде мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалып келсе де оның ойдағыдай өтпеуі мүмкін. Мұның өзі, көп жағдайда, сабақтың алғашқы минуттарының қаншалықты нәтижелі болғанымен байланысты. Мұндайда есте болатын жағдайлар: біріншіден, кейде бір тақырып, не бөлім аяқталып, жаңа тақырып басталады. Сондықтан өткен тақырыпқа қорытынды жасап, сосын оны жаңа тақырыппен байланыстырып, осыдан кейін барып бүгінгі сабақтың мақсат-міндеттерін таныстырған дұрыс; екіншіден, кейбір мұғалімдер жаңа сабақты айтқанда материал-фактілер, оқиғалар, қажетті хронологиялық және статистикалық мәліметтер т.б. түсіп қалып, тарихи әңгіме түйірі жоқ, бос сөзге айналып кетеді. Бұл сабақ мазмұнының кедейленуіне соқтырып, оқушылардың ынтасын түсіріп, сабақ нәтижесіз өтеді.
Соныменен қорыта келе, сабақтың білімділік міндетін орындау – жаңа материалдың ең негізгі мәселелерін, ұғымдарын, оқиғаларын айырып, соларды барлық оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қолдану арқылы; тәрбиелік міндеті – тәрбиелік маңызы аса күшті тарихи материалды тап басып тауып, оны «ерекше» оқытып үйрету, яғни оқушылардың ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы; дамытушылық міндеті – сабақтың барлық кезеңдерінде де оқушылардың зияткерлік қасиеттерін, таным-талғам қызметтерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізу арқылы көрінеді. Сабақтың сапалы өтіп, мақсатына жетуі мұғалім мен оқушылардың сабақ үстінде атқаратын оқу қызметіне байланысты. Егер осы екіжақтың бәрі оқу және оқыту қызметтерін тиянақты атқара алса, сабақ қазіргі талаптарға сай өтетіне кәміл сенемін.

Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы республикалық-әдістемелік және педагогикалық журнал. 2003ж №2-3
2. Қазақ тарихы әдістемелік журналы. 2006ж. №5
Категория: История | Добавил: Кайырлы1962 (2013-04-29) | Автор: Тарих сабағын ұйымдастыру
Просмотров: 5667 | Комментарии: 1 | Теги: методика, История | Рейтинг: 3.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 7:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru