Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Сабақ тақырыбы Қазақстан Ресей құрамында. Ресейдің отарлау ерекшеліктері Мақсаты: Қазақстан аумағының Ресей империясының қосылу тарихынан бастап патша үкіметінің отарлау саясатына қатысты бұрынғы білімдерін толықтыра отырып, салыстырады, сараптайды, ой тұжырымдайды, жаңа ақпаратпен таныса отырып топтаса еңбектенеді, бірін-бірі толықтырып ортақ шешімге келеді. Оқыту нәтижелері: Қазақстан аумағындағы отарлау саясатына қатысты өткен сыныптың курсын еске түсіре отырып, білімдерін толықтыру. Топтаса отырып еңбектенеді, өзара толықтырулар жасайды, өзгелермен ой бөлісе отырып, бірін-бірі толықтырады, ақпарат алмасады. Негізгі идеялар: Топтаса отырып еңбек етеді, мәтінмен жұмыс барысында ақпаратты талдайды, өзгелермен ой бөліседі, білімдерін толықтырады, ортақ тұжырымға келеді, білімдерін бекітеді, өздерін – өздері және бірін – бірі оқытады. Іс-шаралар «Ой қозғау» Топқа бөлу «ЖИГСО -І» «Жоба қорғау» Бағалау Тапсырмалар: «Ой қозғау» - «Қазақстан Ресей қол астында» интерактивті тақта көмегімен видео көрініс көрсету; (Мақсаты: оқушыларда ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру) «ЖИГСО-І» жұптарға тақырыпқа сәйкес жеке-жеке үлестермелі сұрақтар беру: 1. Патша үкіметінің қазақ жерін отарлаудағы әкімшілік өзгерістерінің ерекшеліктері; 2. Патша үкіметінің қазақ ұлтына қатысты саясатының ерекшеліктері; 3. Патша үкіметнің қазақ жерін жергілікті ұлт өкілдерінен тартып алу саясатының жүру барысы; 4. Патша үкіметінің қазақ жерін отарлауға ұмтылысының түпкі себептері неде? 5. Патша үкіметінің жүргізген отарлау саясаты Ресей империясынан қолдау, одақтас табамыз деген қазақ билеушілерінің мақсатын орындамады. Неге? (Мақсаты: оқушыларда коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыра отырып, ортақ нәтиже үшін бірігіп жұмыс жасау қабілеттерін дамыту) Оқушыларға бірін – бірі толықтыра отырып жұмыс жасату. «Жоба қорғау» - «Қазақстан Ресей империясының құрамында....жетістігі мен кемшілігі» Топтарға бірін бірі толықтырып, ой қосуға мүмкіндік беру. Үйге тапсырма: 34 тақырып +хронологиялық кесте+терминологиялық кестелерін толықтыру Кейінгі оқу: 35 тақырыптармен танысып келу Бағалау: Жауап деңгейлеріне + сабақ барысындағы белсенділіктеріне сай- үлестірмелі бағалау парағына өздеріне-өздерін бағалату АТЫ- ЖӨНІ: Мен тақырпты түсіне отырып, сұрақтарға жауапты тереңінен ойладым, құрбыма да ой қостым. Тақырыпты ұзақ уақыт есте сақтай аламын. Өзгелердің ойын ұқтым. - 5 Тақырыпты түсіндім, бірақ ойымды сұраққа жауап кезінде жүйелей алмадым. Қосымша толықтыруды қажет етемін. -4 Тақырыпты түсінуде, сұрақтарға жауап кезінде қиындықтар туындады. Өзгелердің жауаптарын қабылдай аламадым. Маған сұраққа жауап беруге құрбыларым көмектесті. Маған қосымша түсіндірме керек -3 САБАҚ ТУРАЛЫ ПІКІРІҢ: ____________________________________________________________________________________________________________________________ Мұғалімнің жазбалары: Жаңа сабақ, СТО әдістері, интерактивті тақта, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан бағалау Қамтылған модульдер АКТ, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, оқудағы көшбасшылық, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудығы жаңа тәсілдер, талантты және дарынды балаларды оқыту. Мұғалімнің ескертпелері: 10б сыныбына жоспарланған сабағым сәтті өтті. Барлық тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалды. Модульдар тугел қамтылды. Оқушылар тарапынан белсенділік жоғары болды. Бағалау да әділетті жүрді. | |
Просмотров: 2813 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|