Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Өскемен қаласы Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы Бигельдинова А.С. Сабақтың тақырыбы: Хандар шежіресі Мақсаты: 1. Оқушылар қазақ хандығының құрылуы мен күшеюі, қазақ хандары мен олардың саясаты туралы мағлұматтарымен танысады, талдайды және қорытынды шығарады. 2. Дамытушылық: Адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиеленеді. 3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдіс- тәсілдері: интерактивті, топтық жұмыс, ойын элементтері, логикалық тапсырмалар, сөздік жұмыс. Сабақтың технологиясы: СТО элементтері, интерактивті Көрнекілік: карта, сызбалар, суреттер, кесте, интерактивті тақта Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу. II. Жаңа сабақ: Сергіту сәті: Оқушылардың бейімдерін сабаққа аудару. (Сергіту-деген сөзді басу керек) Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ хандығының құрылуы, дамуы мен нығаю туралы қосымша мағлуматтарды беріп өтеді. Картадан қазақ хандығының территориясын көрсетіп өтеді. Қызығушылықты ояту «Қазақ хандары туралы бейнематериал». Бейнематериал бойынша оқушыларға сұрақтар қою: «Қазақ хандығының құрылуы туралы не білеміз?», «Қазақ хандығының дамуына қай хандардың үлесі басым болды?» т.б. Оқушылар өз ойын айтады. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу. (Түрлі түстерді пайдалану арқылы) Мағынаны ажырату «ЖИГСО-1» стратегиясын пайдалану арқылы мәтінмен танысу. 1 топ: Қазақ хандығының құрылуы 2 топ: Қазақ хандары 3 топ: Қазақ хандығының сыртқы жағдайы 4 топ: Қазақ хандығындағы заңдар Жеке → топпен→ ұжыммен Ой толғаныс № 1 тапсырма: Оқушыларға тақтадан хандардың шежіресі көрсетіледі, оқушылар оны сәйкестендіреді. № 2 тапсырма: Оқушыларға слайд бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. III. Бағалау: Оқушылар өздерінің білімдерін формативті түрде бағалайды (Бағдаршам арқылы). Мұғалім қорытынды бағасын қояды. IV. Үйге тапсырма: «Венн диаграммасы» қазақ ханы - Абылай хан мен ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтқа салыстыру жасау. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз – бүгінгі сабағымызды аяқтағым кеп отыр. | |
Просмотров: 1142 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|