Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
ШҚО, Өскемен қаласы «Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы КММ» Бигельдинова А.С. 9 сынып. Тақырыбы: Желтоқсан жанғырығы. Мақсаты: Білімділік: Оқушылар 1986 жылғы Алматы оқиғасының себеп-салдары, сипаты, қозғаушы күштері мен маңызы туралы түсініктерін кеңейтеді. Дамытушылық: Тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табады, басты мәселені ажырата білуге және өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге қалыптасады. Тәрбиелік: Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікті нығайтуға, Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сто Көрнекілігі: Слайд, плакаттар, видео. Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 16- желтоқсан еліміздің ең атаулы мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сабағымызды мемлекетіміздің әнұранымен бастаймыз. Тәуелсіз Қазақстанымыз дүние жүзіне танылды. Елу елдің қатарына ендік. Өркениетті елдермен тереземіз теңелді. Осы тәуелсіздігіміз ғасырлардан-ғасырларға жалғасып, көк байрағымыз желбірей берсін деп бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен таныстырайын. Біздің бүгінгі сабағымызға мерзімді баспасөз орындарынан қонаққа тілшілер келіп отыр. Соларға сөз берейік (Оқушылар қай БАҚ келгендігін мәлімдеп, өздерін таныстырып өтеді). Тәуелсіздікті жырына қоспаған ақын бар ма, тәуелсіздікке қалам тартпаған жазушы бар ма? Олай болса, Тәуелсіздігімізді жырымызға қосып, бүгінгі сабағымызды поэзия минутынан бастасақ (Оқушылар өздерінің өлеңдерімен танстырып өтеді). Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны! Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ак қырауға батқанда, Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» стратегиясы бойынша оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін бейнематериал көрсетіледі. Ұжымға сұрақ қойылады: «Осы бейне материалдан не байқадық және қандай әсер алдық?» Ұжымның пікірі тыңдалады. Сыныпты алдын-ала топтарға әр-түрлі түс қағаздарды пайдалану арқылы бөлу. Мағынаны ажырату «Рөлдік ойын» стратегиясын пайдалану, әр топ өз атауына байланысты ақпарат жинақтайды. 1 топ: тарихшылар (желтоқсан оқиғасының тарихына тоқталады, себептері, салдары, нәтижесі) 2 топ: саясаткерлер (саяси жағының маңыздылығына тоқталады) 3 топ: сарапшылар (нақты мәліметтер келтіреді). Жеке→ топпен → ұжыммен Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырмалар тыңдалады. Ой қозғау «Блиц сауалнама» стратегиясы бойынша сыныпқа сұрақ қойылады: «1986 жылғы желтоқсан оқиғасына сендердің көзқарастарың қандай?», «Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіңдер?». Ұжымның пікірі тыңдалады. БАҚ құралынан келген тілшілердің сұрақтарына оқушылар жауап береді. Үйге тапсырма: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. «Желтоқсан жұлдыздары» тақырыбында тарихи эссе жазу. | |
Просмотров: 942 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|