Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

"Тарихқа саяхат" бөліміне қайталау
Сабақ тақырыбы: «Тарихқа саяхат» бөліміне қайталау
Оқушылардың адам баласының осы заманға дейінгі жүріп өткен жолымен таныстыра отырып, олардың айналадағы дүниеге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру, тарих аса маңызды пән, ол әрбір адамға қажет деген қорытындыға келу.
Әр түрлі ойын, әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрете отырып, олардың қабілетін жан жақты дамыту.
Оқушылардың Отанын, жерін, халқының тарихын құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақ әдістері: ойын,сызбалармен жұмыс, картамен, мәтінмен, перфокарталармен жұмыс
Көрнекі құралдар: карта, слайд, қалталы кесте, «Әлем халықтары» сызбасы, суреттер т.б.
Сабақ жоспары
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Презентация (таныстыру)
2. «Уақыт-тарихтың өлшемі»
а)Жыл атаулары суреттері бойынша сұрақтар
б)Математикалық шкатулка (перфокартамен жұмыс)
3. «Әулетімнің тарихы»
«Жеті ата» сызбасы, мақал- мәтелдер
4. «Әлемге саяхат»
а)картамен жұмыс
б) «Әлем халықтары» сызбасын толтыру
в)Үш нәсілдің белгілеріне тоқталу
5. «Кім жылдам» ойыны, діндер тарихымен танысу
6. Тарихи ғылым салалары
а)археология
ә)этнография
б)М.Шахановтың өлеңінен үзінді
в) «Ұлт» сызбасын толтыру
г)Заттай және жазбаша деректер.Қалталы кестемен жұмыс


ІІІ. Қорытынды
а) «Мен нені білдім?» жүйесі бойынша ой қорыту
ә) Қорытындылау, бағалау

Кіріспе
Кәне, балалар, туған жер, Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Ендеше туған жер туралы бір шумақ өлең оқып жіберейікші:
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз.
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан тарихын оқып, үйрену, бұл-тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы –бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз» деп жазғанын білеміз.
Презентация (таныстыру рәсімі)
«Тарих- әр халықтың ұлы кітабы» тақырыбында екі пәннің ерекшелігіне тоқталады.
І топ: «Тарих» сөзінің қазақша мағынасы «зерттеу» , «өткен оқиғалар жайлы әңгіме» дегенді білдіреді. Тарих туралы алғашқы кітапты грек тарихшысы Геродот жазған, сондықтан, Геродотты «тарихтың атасы» деп атады. Жалпы адамзат тарихы «жалпы тарих» деп аталады. Ол төрт кезеңге бөлінеді:
1.Ежелгі дүние тарихы 2.Орта ғасырлар тарихы
3.Жаңа тарих 4.Қазіргі заман тарихы
ІІ топ: Қазақстан тарихы қазақ халқының тарихын оқытады. Ол дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі.Қазақстан тарихы да төрт кезеңге бөлінеді:
1.Ежелгі Қазақстан тарихы 2.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
3.Жаңа замандағы Қазақстан тарихы 4.Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
2. «Уақыт-тарихтың өлшемі» тақырыбында саяхатқа шығамыз.
А) Тарихи уақыт сызығы ілінеді
Қазақта бір мүшел деген сөз бар. Ол 12 хайуанның атымен аталады, алтауы үй жануары, алтауы түз хайуаны. Жыл басы не? (тышқан)
Ендеше «Тышқан қалай жыл басы болды?» деген ертегіні кім айтып береді?
Б)Жыл атауларын сурет артындағы сұрақтарға жауап бере отырып, ретімен ілу.
1.Тышқан: Уақыттың өлшем бірліктерін ата (сек.мин.сағ.тәул.жыл.ғасыр.дәуір)
2.Сиыр: Қазақ халқының уақыт өлшемдерін айт (бие сауым,сүт пісірім,қас қағым)
3.арыс:1731жыл қай ғасырға жатады? (18 ғасыр)
4.Қоян:Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
5.Ұлу: Рим цифрын араб цифрымен жаз
6.Жылан: Рим цифрын араб цифрымен жаз
7.Жылқы:Уақыт туралы мақал немесе нақыл сөз айт. ( «Уақыт алтыннан да қымбат», «Минут- ұрыс тағдырын шешеді,сағат-шайқас тағдырын шешеді, тәулік- мемлекет тағдырын шешеді»)
8.Қой: 1501 жыл қай ғасырға жатады? (15 ғасыр)
9.Мешін: 1460 жыл қай ғасырға жатады? (15ғасыр)
10.Тауық: Б.з.б. 33 жыл бұрын келе ме, б.з.33 жыл бұрын келе ме? (б.з.б.33жыл)
11.Ит: Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (ХХІ ғасыр)
12.Доңыз: 1 мүшел неше жылдан тұрады? (12 жыл)
Сенің жылың не, өзің қашан мүшелге кіресің?
в) Математикалық шкатулка
(екі балаға тапсырма беріп, тақтаға орындатамыз)
1-карточка
Есептеп шығар.
Ұлы Жібек Жолы бойында б.з. 80 жылы тастан белгі орнатылды. Оны өткен жылы мұражайға әкеліп қойды. Сонда бұл белгі қанша жыл тұрған?
2014 –б.з.80 жыл=1934 жыл
2-карточка
Есептеп шығар.
Дарий б.з.б.522 жылы Парсы мемлекетінің патшасы болды. Содан бері қанша жыл өтті?
Б.з.б.522 жыл+ б.з.2015 жыл=2537 жыл
3.«Әулетімнің тарихы».
Біздің әрқайсымыздың басымыздан өткен оқиғалар тізбегі бар. Бір адамның өмірін не деп атайды? (өмірбаян) Осы жеке адамның өмірбаянынан адамзат тарихы құралады. Қазақша «жеті» қасиетті сан. Кім мысал келтіреді?(жеті ата,жеті қазына,жеті ғашық т.б.) Ал, жеті ата туралы мақал мәтел кім біледі?
«Жеті атасын білмеген жетесіз»,«Жеті атасын білген ұл -жеті жұрттың қамын жер,Өзін ғана білген ұл -құлағы мен жанын жер».
«Жеті ата» сызбасын толтыру
2 бала өзінің жеті атасын жазып беру
Мен 2.Бала 3.Немере 4.Шөбере 5.Немене 6.Жүрежат 7.Туажат
«Әлемге саяхат»
Ал, балалар, әлемге саяхат жасауға бізге не көмектесе алады? (карта,глобус)
Жалпы әлем материктер мен мұхиттар деп бөлінеді. Ендеше неше материк, неше мұхит бар? Қазір сұрақтарға жауап беріп , сол материкті немесе мұхитты картадан немесе глобустан көрсетеміз де ,оның аты жазылған суретті тақтаға ілеміз.
а) ең үлкен материк
б)қалған бес материк (топ мүшелері кезекпен)
в) төрт мұхит. Қазақстан Республикасы. (топ мүшелері кезекпен)
Әлемге саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Жер бетіндегі алты материктің бесеуінде әр түрлі халықтар мекендейді. Енді осы дүние жүзі халықтарының ерекшелігіне тоқталайық. Ол үшін «Әлем халықтары» сызбасымен жұмыс істеп көрейік.
Үш нәсілдің белгілеріне тоқталайық.
Үш нәсіл суреті көрсетіледі.
Сұрақтар: Бұл қай нәсілге жатады? Оның сыртқы келбетінің ерекшеліктерін айт.
«Кім жылдам?» ойынында діндер тарихына саяхат жасаймыз.
Кім қай діннің тарихын жақсы біледі екен?
(Үш дінге үш түрлі мүсін жасалған, қай топ қандай мүсінді көп жинаса сол топ сол дінді жақсы біледі)
Дін бұрын пайда болды ма, адам бұрын пайда болды ма? (адам)
Әлемдік үш дінді ата (будда,христиан, ислам)
Ислам дінінің қасиетті кітабы не? (Құран)
Будла дінінің негізін қалаған кім? (Гаутама)
Будданың қасиетті кітабы (Трипитака)
Христиан діні қай елде пайда болды? (Римде)
Ислам діні қай елде пайда болды? (Арабияда)
Будда діні қай елде пайда болды? (Үндістанда)
Христиандаордың қасиетті кітабы (Библия)
Христиан дінінің негізін салған адам (Иисус Христос)
Ислам дінінің негізін салған адам (Мұхаммед пайғамбар)
Біздің дініміз қай дін? (Ислам)
6.Тарихи ғылым салалары
а) Мал болмақ, маймыл болмақ,адам болмақ,
Қасқыр болмақ,құс болмақ, ұшып- қонбақ.
Сол болғандар болмаған өздігінен,
Болғызған еріксіз бір себеп болған.
Осы өлең жолдарына орай біз мынандай қызықты деректермен танысып көрейік. Жер бетінде мекендеген көптеген халықтардың аңыз ертегілерінде алып айдаhарлар, аспанда ұшып жүретін ,құйрықты алып кесірткелер жайындағы әңгімелер жиі кездеседі.Міне осындай алыптардың қаңқаларын ғалымдар тапқан екен. Бұл хайуандар мезозой заманында тіршілік еткен болып шықты. Демек,ертегі,аңыздарда айтылған айдаhар тек адам қиялында емес.
Сол замандағы хайуанаттардың алып тұлғаларына таңқалмауға болмайды. Олардың кейбіреуінің ұзындығы -18 метр, ал біреулері , тіпті 25 метрден асады.
Бізге бұдан бірнеше мың млн. жыл бұрын не болғанын ,адамдардың қалай өмір сүргенін ,қандай еңбек құралдаро пайдаланғанын білуге қандай ғылым саласы көмектеседі? (археология)
«Архайос»- «ежелгі», «логос»- «ғылым» . Археология ғылымы нені
зерттейді? (Адамзаттың тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым).
Этнография сөзі қандай мағына береді?
«Этнос»- « тайпа», « графо»- « жазамын» деген грек сөзінен тұрады. Этнография халықтардың әдет -ғұрпын, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым. Қазақ халқының қандай салт- дәстүрлерін білеміз? (наурыз,асар,тойбастар)
Әр халықтың өз тілі, өз діні, мәдениеті, әдет ғұрпы бар. Біздің де тіліміз,жеріміз,салт дәстүріміз, өз ата бабамыздан мұра болып қалған.
М.Шахановтың мына бір өлеңін оқып көрейік:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер,демеп жүрер арқада,
Болу керек қасиетті ТӨРТ АНА:
ТУҒАН ЖЕРІ- түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ- сатылмайтын байлығы,
ТУҒАН ДӘСТҮР, САЛТ САНАСЫ- тірегі.
Адамзаттың қалай өмір сүргенін, қандай еңбек құралдарын пайдаланғанын білу үшін тарихи деректердің маңызы зор.
Тарихи деректер нешеге бөлінеді?
Қалталы кесте. (суреттердің қай деректерге жататынына қарай орналастыру)
ЗАТТАЙ ДЕРЕКТЕР ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР


Мәтінмен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті санды жаз.
Қазір Қазақстан Республикасында ...................облыс, ...............астам аудан бар. Республика халқының саны..............миллиондай.
«Мен нені білдім?» жүйесі бойынша сабақты қорытындылау.
«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих» деген екен ұлы ойшыл, ағартушы Ахмет Байтұрсынов. Ендеше,балалар, тарихты ерінбей,жалықпай зер салып оқиық. Осы уақытқа дейін сендер тарихтың кішкентай ғана бөлігімен таныстыңдар, мектеп бітіргенше,тіпті мектеп бітіргеннен кейін де оқисыңдар. Себебі, тарих ешқашан аяқталмайды,бітпейді, өмір бойы жалғаса береді.
Категория: История | Добавил: kapanova72 (2015-12-23) | Автор: Капанова Гульнара Кызыровна E
Просмотров: 2362 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 10:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru