Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Қазақстандағы уахабилік –сәләфилік діни ағым.
Қазақстандағы уахабилік –сәләфилік діни ағым.
Біздің қазақ қоғамы ерте бастан –ақ дінді ұстанып келе жатыр. Ата-бабаларымыз дәстүрлі дін Исламды, оның ішінде Ханафи бағытын ұстанып келді. Ел тәуелсіздігінің ақ таңы атқанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы қысқа мерзім ішінде елімізде Исламның немесе басқа діндердің атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар тамырын жіберіп, қатарын көбейтіп үлгерді. Елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салт-санамызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар бой көрсете бастады. Бұл өз кезегінде, ұлттық құндылықтарымызға өзінің кері әсерін тигізуде. Яғни қазіргі таңда Қазақстанның басты проблемаларының бірі. Қазақ халқы үшін дәстүрлі дін ретінде Ислам құндылықтарының күнделікті өмірде өз орнын алғаны белгілі. Қазіргі таңда осы ежелден халқымыз дәріптеп, құрметтеген дінге күдікпен қарайтын дәрежеге жеттік. Аллаға шүкір дейміз, барлығына болмаса да кейбір теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың қызметіне сот шешімімен тыйм салынып, таралуына шектеу қойылды. Әрине, бұған «Хизбут тахрир», «әл-Ихуан әл -Муслимун» және ағымдағы осы жылғы Астана қаласы, Сарыарқа ауданы сотының шешімімен тыйм салынған «Таблиғ жамағаты» халықаралық миссионерлік ұйымын мысалға келтіруге болады. Бірақ, қазірге дейін елімізде тыйым салынған діни ағымдар тізімінен тиісті орнын алмай, қылмыстық немесе лаңкестік әрекеттерге барған кейбір ерушілеріне ғана шара қолданылып жатқан секта бар. Бұл уахабилік –сәләфилік ағым. Олар уақыт талабын ескермей, исламның алғашқы ғасырындағыдай қарапайым шекбе болуын ғана ойлап, әлемдік геосаяси ықпалдастықтарының бүгінгі, ертеңгі ағымы мен тасқынын ескермей өздерінің тар аядағы теріс те зиянды пікір тұжырымдарын айналасындағыларға уағыздай бастады. Осы жолды ұстанушылар саны жылдан жылға артып барады. Қазіргі таңда елімізді, әсіресе Батыс өңірін алаңдатып, тәуелсіз еліміздің мешіттерінен берекені қашырып жатқан да аталмыш діни ағымның идеологиясына уланған қазақтың қаракөздері, осы деструктивті ұйымдардың ықпалына түсіп, қорғауды қажет етіп жатқан жайыттар бар. Бұл еліміздегі үлкен мәселелердің бірі. Мен алған зерттеу тақырыбымның өзектілігі де осыда. Бұл тақырыпты алған мақсатым осы теріс пиғылды ағымдардың біздің қоғамға, қазақ жастарына зиянын тигізіп жатқандығын ашып көрсету. Осы ағымдардың шығу тарихы мен үшін қызықты болғандықтан осы тақырп төңірегінде зерттеу жұмысымды бастадым.
Қазіргі кезде секталық ұйымдар саңырауқұлақ тәрізді күнге күнге өсіп жатыр. Кәрі жас демей осы секталардың қармағында жүрген адамдар қаншама. «Секта» – бұл өзіңді үнемі қайшылықта ұстау деген сөз. Дәстүрлі діндер бойынша секта – адамның ақылын адамдық және сектанттық тұрғыда жаулап алу. Бүгінде секталар алдау-арбау жолымен өздеріне мақсат қойып алған – жұмыс жасауға деген құлшыныстарын алдымен адамдардың жан-дүниесін, бірте-бірте барлық ұлтқа қожалық етуге ұмтылу. Бұл ағымдардың негізігі мақсаты:
1.Саяси мақсатта Қазақстанның діни негізіне соққы беру арқылы мемлекетті әлсірету.
2.Діни сектанттықты пайдалану арқылы билікке мықты потенциалды саяси қысым көрсету
3.Әртүрлі мемлекеттердің шенеуніктерінің үстінен деструктивті діни ұйымдардың жетекшілерінің күші арқылы бақылау орнату (пара беру, шантаж, алдау т.б.). Халықтың арасына іріткі салу арқылы мемлекеттің тұтастығын бұзу.Елдің байлығын талан-таражға салу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазақ жастарын әр түрлі үгіт насиғатпен өздеріне тартып, санасын улауда.
Теріс пиғылды саяси ағымдардың бірі бұл- уахабилік –сәләфилік діни ағым. «Уахабилердің» немесе екінші сыпайы атауымен атасақ «сәләфилердің» көпшілігі қашаннан ресми қызмет етіп келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының істері мен пәтуәларын мойындамай, мешіт жамағатының мазасын алумен қатар, имамдардың істері мен құлшылықтарына кедергі келтіруге де тырысып бағуда. Оларға мешіт қызметкерлері тарапынан қаншама рет ескертілсе де естімегендей сыңай танытады. Осыған қатысты тиісті құзырлы орындар бірлігімізге іріткі салушы «сәләфилердің» мәселесін жан-жақты талдап, салмақтап, оларды қолданыстағы заңдармен ауыздықтап, сот шешімдерімен қызметтері заңсыз саналған ниет-пиғылдары жат өзге де діни ұйымдардың қатарына жатқызуы керек деп білеміз. Әрине, бұлар «хизбуттықтар» сияқты арнайы ұйым болмағанымен, қазіргі кездегі ашық қарсы тұру әрекеттерінен олардың экстремистік ниет-пиғылдарының алғышарттарын айқын сезінуге болады. Сондықтан бұл немқұрайлы қарайтын мәселе емес.
Бүгінгі таңда «уахабилік» ағымның дамуы төрт кезеңнен тұрады. Біздің білуімізше Қазақстанда оның қазір бірінші кезеңі іске асырылып жатқан көрінеді. Ол –ел арасында «уахабилер» қатарын көбейтіп, қоғамда жік туғызу.
Жалпы алғанда, бұл «сәләфилік» ағымның қазіргі таңдағы зиянды теріс іс-әрекеттерімен қоса зиянды сипаттарын оқырмандарға, әсіресе енді ғана дінді танып, үйренін келе жатқан мұсылман бауырларымызға түсінікті болуы үшін, тәспі моншақтарындай етіп, рет-ретімен тізіп шығайық.
Олардың мынадай теріс сипаттарынан сақтану қажет:
1. Мешіт жамағатынан бөлектеніп, өздерінен басқалармен кем сөйлеседі.
2. Намазда «Фатиха» сүресінен кейін «әминді» жария айтады. Парызды имаммен қоса қабат өзі де күбірлеп оқып тұруы арқылы қасындағы жамағаттың құлшылығын (ойын) бұзады. Имамдардың ескертуіне құлақ аспай ерегісіп, «әминді» дауыс көтеріп айтады. Ханафи мәзхабы бойынша «әмин» тек іштей айтылады.
3. Сыртқы көріністері: шалбарды тобықтан жоғары қайыру мен сақалдарын жөнсіз еркін жіберіп өсіруді басты парыз деп, бастарына тақия немесе сәлде кимейді. Өздерін «сәләфилерміз» деп атайды. Бізге Сахабалардың сәлде, шапан кигені тарихтан белгілі. Сонда бұлар қандай сәләфилер?
4. Күнделікті бес уақыт және жұма намазының сүннетерін оқымай шығып кете береді. Сүннет амалдарының бірін орындаса, екіншісін қалдырып отырады.
5. Еліміздің көне жәдігерлері болып саналатын киелі орындарымызды, мысалы, Қожа Ахмет Иассауи, Арыстанбаб, Бекет Ата, Райымбек батыр т.б. да кесенелерді тып-типыл етіп тегістеп, жермен-жексен етуді көздейді. Сонда біздің жеке елдігіміз бен ұлтымыз, тәуелсіздігіміз қайда қалмақ?
6. Шариғат амалдарының бірін орындаса, екіншісін орындамайды.
7. Ата-бабалар мен дүниеден өткен мұсылмандардың рухына құран бағыштауды дұрыс емес дейді.
8. Сәләфилер мәдени ошақтардың барлығын кешірілмейтін күнә санайды. Атап айтқанда, қазақтың ұлттық мәдениеті, музыка, театр, көркем суреттер т.б.
9.Мешіттерге садақа беруді дұрыс көрмейді.
10. Намаздағы ерекшеліктері: екі аяқ алшақ ұстап, талтайып тұрып, екі қолдарын кеудесіне қояды. Және әрбір рукуде сәждеге барарда «тәкбир айтып» қайта-қайта қолдарын көтере береді.
11. Бұл ағым Ата заңымызды мойындамайды.
12. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін теріс деп санайды.
13. Мақсаты Қазақстанды уахабилер еліне айналдыру.
14. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған күні – Мәуліт мерекесін атап өтуді кәпір санайды.
15. Дұға еткенде қолдарын көтереді де бет сипамайды.
16. Мешіттердің мұнарасы мен сәнделуіне қарсы.
17. Намаз оқымаған адамды кәпір санайды.
18. Сәлемдесу тек араб тілінде болуы керек деп санайды. Қазақша сәлемдесуді қолдамайды.
19. Уахабилер өздерінің азан шақырып қойған есімін бүркемелеп, лақап аттарымен жүреді.
20. Домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңғауыз, сырнай т.б. ұлттық өнер аспаптарымызды мансұқтап, ән салып, би билеуді шайтани амал санайды.
Қазіргі таңда дін атын жамылған түрлі ағымдар жастарды еліктіріп, рухани азғындыққа жетелеп, азғыруда. Олардың зияндыларын айыра білу қажет. «Уахабилердің» жоғарыда тізбектей айтылғанынан басқа да зиянды іс-әрекеттері жетерлік.
Мұндай теріс, әрі зияны мол амал-әрекеттердің алдын алудың жолы – дәстүрлі Исламды яғни Исламдағы Ханафи бағытын кеңінен насихаттау. Насихат байыпты әрі салихалы пікірлермен үндесе, үйлесе таралуы үшін елімізде іргелі оқу орындарын ашып, онда ұлт, ел тарихы мен мәдениеті, исламтану, дінтану мамандықтарын мемлекеттік стандарт бойынша жүргізу керек. сонымен қатар жастардың діни сауатын ашу жолындағы жұмыстарды да үздіксіз жүргізіп, оның әдістерін де жетілдіріп отыруды қолға алу керек. Ата-аналармен бірлесіп тәрбие жұмыстарын жүргізіп, мектеп, ауыл, аудан, қала әкімшіліктерімен ұйымдаса отырып, жастардың рухани мәдени дамуына әсері мол шараларды жиі өткізіп отырудың да өз жемісін берері сөзсіз. Өлшеулі өміріңіздің сәнін кетіріп, қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көріп те, естіп те жүрміз. Еліміздің ертеңі мұнан да жарқын, тәуелсіздігіміз баянды бола түссін десек, бізге бірлік пен ынтымақ, тыныштық пен өзара түсіністік ауадай қажет. Олай болмаса, ниет-пиғылы жат, іс-әрекеті алауыздық пен дүрдараздық туғызуға бейім дін атын жамылған ағымдар мен секта, топтардан, бойымызды аулақ салайық!
Елбасының ынтымақ пен бейбітшілікке негізделген «Бір – халық, бір – ел, бір – тағдыр» мақсатына қол жеткізу үшін біздер қоғам болып жан-жақтан атсалысуымыз қажет. Діни ахуалдың тұрақтығы өз кезегінде еліміздің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығының бірден бір себебі болса, онда біз ертеңгі ел болашағы болған жастардың діни сауатын көтеру қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1. Телебаев Г.Т. Религиозная идентификация населения и религиозная ситуация в Республике Казахстан. // Социс. 2003. № 3.
2. Телебаев Г.Т. Этнорелигиозная идентификация молодежи Казахстана. Основные итоги республиканского социологического исследования. Астана, 2007
3. Косиченко А.Г. Ислам и православие в духовной консолидации казахстанского общества// Проблемы социальной стабильности в полиэтническом обществе: Сборник материалов международной научно-практической конференции, г.Алматы, 2001.
4. Альниязов Н. Факторы, влияющие на развитие ислама в Казахстане.
5. Султангалиева А. Эволюция ислама в Казахстане.
Категория: История | Добавил: Сункар2419 (2016-01-29) | Автор: Тоқтархан Сұңқар E
Просмотров: 1275 | Комментарии: 2 | Теги: вахабизм, салафизм | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 10:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru