Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Тақырыбы: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым бұл Мақсаты: Білімділік: оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық сана-сезімін , саяси сауаттылығын ояту; тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру; Дамытушылық: оқушылардың туған елдің тарихын, тәуелсіздіктің қалай жеткендігін білуге деген қызығушылықтарын ояту. Тәрбиелілік: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін, қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірінің жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру; Отаншылдыққа, ел қамын ойлаған, елі мен жері үшін қан төккен бабаларымыздан өнеге алып, үлгі тұтуға, халықтың тарихын білуге, ынтымақтылыққа тәрбиелеу; Көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы презентация, слайдтар, тарихқа байланысты өткізілген іс-шаралар көрмесі. Сабақтың түрі: сыныптан тыс танымды сайыс сабағы. Қатысатын оқушылар: 8 Ә, Б, В сынып оқушылары Сабақтың жүргізілу барысы: І. Үйымдастыру кезеңі 1. Әнұран орындау 2. Оқушылардың шығармашылығы. Тәуелсіздікке байланысты өлеңдер оқылады. 1-оқушы: Губе Омар Тәуелсіз ел тарихы! Ерте заман,о бастан қазақ халқы, Ел болуға талай ғасыр шайқасты Үйсін,сақтар ғұндардың патшаменен батыры Еуропаның төріне,даңқы өрлеп жайғасты, Алла бізге сыйлады еркіндік пен елдікті, Оған қоса берген ғой сабырлық пен теңдікті Зар заманда бірігіп,жұдырық пен найзасы Қорғады ғой өле-өлгеншебасқа ұлт пен теңдікті. Еділ патша ұрпағы Абылаймен жалғасып, Елдік үшін күрестік тайсалмастан сан ғасыр 2-оқушы: Хусар Халид Сарапта тарих беттерін, Парақта тарих беттерін. Оқисың одан не қилы, Шежірелі сөздерін. Қанды қырғын Шыңғыс та, Салды ойранды қазаққа Өзбек пенен қалмақта, Салды ылаңды қазаққа. 3-оқушы: Лочь Асия Ер Абылай тұсында Азаттық алған елім-ай. Талай қырғын азапты, Көтерген менің жерім-ай. Кенесары, Қасымдай, Саржанменен, Сырымдай, Исатай мен Махамбет, Еңіреп туған ерлерім Айта берсем мың бір рет. 4-оқушы: Нусырова Рабия Ашаршылық құрбаны, Болған қайран, елім-ай. Репрессия құрбаны, Болған қайран, ерім-ай. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мағжан, Дулат, Ахмет, Әлихан, Тұрар, Шәкәрім. Еңіреп өтті –ау елім деп. Соғыс зарын шеккен ел, Қорлықты сонша көрген ел, Желтоқсанға құрбандық, Өз қолымен шалған ел. Дүниеге паш болып, Тәуелсіздік алған ел. Нарықтың да қыспағын, Жаншыла басып көтерген Қазақ деген елім бұл. 5-оқушы: Лиров Мухамед Он алтыншы желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік, Ел жадында қалған күн Жасай берсін, ұлы күн! Үміті боп елінің, Ақ күні боп баланың, Шаттығы боп шалдардың,желтоқсан, Елдің ұлы мейрамы, Жаңа шыққан көктемдей. Жаз күніндей жайдары, Арымыздай тап – таза, Жанымыздай шуақты, Көтерілді биікке ,Қазақстан байрағы! Он алтыншы желтоқсан, Ел мерейі тасыған, Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан, Естісін ел үніңді, Дүние түгел естісін, Тәуелсіздік туыңды, Биік көтер, жас ұлан! 3. Мұғалімнің сөзі - Құрметті ұстаздар мен оқушылар!. Тәуелсіздіктің ең басты –жетістігі еркіндік. Еліміздің бүгінгі таңдағы тәуелсіздігі онай келе салған жоқ. «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған ауыр кезеңнен, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі - бәрі ғасырларға созылып, бабаларымыз аңсап кеткен отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. Ата-бабамызды арманы орындалған күн, жұлдызымыз биіктен көрініп, барша қазақ жұртына қуаныш сыйлаған күн – бұл 1991 жылдың 16-желтоқсаны еді. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Сондықтан, Тәуелсіздік біз үшін басты құндылығымыз. Биыл 2016 жылы біз – қазақстандықтар Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Бұл өте қуанышты мереке. 25 жылда елімізде көптеген өзгерістер болып, талай жетістіктерге қол жеткіздік, Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды десек те болады. Бүгінгі кешіміз тәуелсіздіктің 25 жылдығын арналғалы отыр. Сондықтан бүгінгі танымдық ойын тақырыбы «Тәуелсіздік – ұлы ұғым» деп аталады. (интербелсенді тақтада Қазақстанның сонау «ақтабан шұбырындыдан» тәуелсіздікті алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктері көрсетіледі) Ортаға бүгінгі ойынымызға қатысушыларды шақырайық. Бүгінгі қатысушыларымыз – 8 Ә, Б, В сынып оқушылары. Әр сыныптан 5 оқушыдан қатысады. (ортаға оқушылар шығып, орындарына жайғасады). ІІ. Ойынның шартымен таныстыру 1. Топтардың аттарымен таныстыру 1-топ: «Атамекен» 8 «Ә» 2-топ: «Кемеңгер» 8 «Б» 3-топ: «Болашақ» 8 «В» 2. Ойынның айналымдарымен таныстыру Ойын 5 айналымнан тұрады. 1. «Тарих сыр шертеді» топтарға 6 сұрақтан беріледі. 2. «Тәуелсіздік шежіресі» Семантикалық картаны толтырады. 3. «Алтын қақпа» (әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар тұлғалар жасырылған, сол тұлғаларға сипаттама береді) 4. «Кім жылдам?»( капитандар жарысы). 5. «Елімнің ертеңі жастар көзімен» (Әр топ Қазақстанды енді 25 жылдан кейін қалай елестетеді, суретпей бейнелейді) ІІІ. Ойынның барысы: Мұғалім: І-айналым. Топтарға 6сұрақтан беріледі. Ойлануға 30секунд беріледі.Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан. Егер сұраққа жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады. 1-топ: «Атамекен» 1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/ 2. Түріктер қандай шаруашылықпен айналысқан?Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/ 3. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/ 4. «Ұлы» сөзінің оған қосылуы шығыс пен батыс өлкелерді байланыстырып жатуынан...... /Ұлы Жібек жолы/ 5. Жәнібек пен Керей кімдер? /қазақ хандығының негізін кұрған хандар / 6. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы? (1992 ж.) 2-топ: «Кемеңгер» 1. Ерте темір дәуірінде қазақ жерін мекен еткен ірі тайпалық одақтар? / сақтар/ 2. Сақтарды «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл» деп есептеген кімдер? /гректер/ 3. Тәуке ханның үш жүздің басын қосыпқұрылтай өткізіп отырған жері /Күлтөбе/ 4. 14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы жерінде құрылған мемлекет? /Моғолстан/ 5. Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы жайындаайтылатын аңыздардың бірі. / «Алаша хан»/ 6. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жер? /Таңбалы Нұра/ 3-топ: «Болашақ» 1. Ақ Орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары кімдер? /Керей мен Жәнібек/ 2. Қазақ хандығының алғашқы ханы кім? /Керей/ 3. Қазақ хандығы ту тіккен жер? /Қозыбасы/ 4. Есім хан тұсындағы заңдар жинағы қалай аталады? /Есім ханның ескі жолы/ 5. «Жарғы» сөзінің мағынасы? /әділдік/ 6. Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы құнды дерек қалдырған кім? /М. Х. Дулати / Эксперттердің ұпайларын жария етуі. ІІ-айналым. «Тәуелсіздік шежіресі» Семантикалық картаны толтырады. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, ІІ-айналымды бастайық. Топтарға семантикалық картаны тарату. Бірінші аяқтаған топ жасыл түс арқылы белгі береді. Дайындыққа 3 мин. Интербелсенді тақтадан дұрыс жауаптары тексеріледі. Әр жауапқа 1 ұпай. 1723-1727жж 1991ж. 1731ж. 1465-1466жж 1992ж. 7мамыр 1992ж. 4маусым 1986жыл. 1992ж.2наурыз Қазақ хандығының құрылуы + ҚР-ның Тәуелсіздігінің жариялануы + Кіші жүздің Ресейдің қоластына кіруі + «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» + Желтоқсан оқиғасы + БҰҰ-на ҚР-ның мүше болуы + ҚР-ның рәміздерінің қабылдануы + ҚР-ның Қорғаныс Мин.құрылуы + ІІІ-айналым. «Алтын қақпа» (әр қақпаның астында тарихта елеулі ізі бар тұлғалар жасырылған, сол тұлғаларға сипаттама береді) айналымына өтеміз. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. 1-топ: «Атамекен» Назарларыңа ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғанда айтқан сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл ұлы адам кім? (Қазыбек би ) 2-топ: «Кемеңгер» Аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері, Түркістан қаласында дүниеге келген, Түркістан қаласында үш жүздің ханы болып сайланған. Ол билер кеңесінің құқығын едәуір шектеді. Сот билігін күшейте түсіп, қазақ билері мен батырларының беделіне арқа сүйеді. Рулар арасындағы алауыздықты тоқтатып, елдің егіншілікпен айналысуына қолдау көрсетті.ақын-жырау мен діни қызметкерлерге қамқорлық жасап отырды. Ол Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету үшін Қытай мен Ресей империяларына тәуелділігін сөз жүзінде ғана мойындады. Оның басты мақсаты елдің дербестігін дипломатиялық шаралармен қалай да сақтап қалу еді және соған қол жеткізді. Бұл ұлы тұлға кім? (Абылай хан) 3-топ: «Болашақ» Бұл тұлғаның бастаған көтерілісі ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары қатысты. Оған орыс зерттеушісі Майер «көзсіз ерлік тән еді» деп жазған. 1841 жыл үш жүздің басы қосылған жиында хан сайланды. Сөйтіп қазақ хандығын қайтадан қалпына келтірді. Ол туралы Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай-ХАНШАЙЫМ» өлеңін жазды. Ол бірнеше бағытта күрес жүргізді: Ресейдің патша үкіметіне, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы. Бұл ұлы тұлға кім? (К. Қасымұлы) Эксперттердің қорытындысы. ІҮ-айналым. «Кім жылдам?»( капитандар жарысы). 1 мин 10 сұраққа жауап беру. Әр жауап 1 ұпай. 1-топ басшысы: 1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков 2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/ 3. Тәуелсіздік күні /16 желтоқсан 4. «Қазақ елі» ескерткішінің биіктігі /91 метр/ 5. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш таныған бауырлас мемлекет?/Түркия/ 6. ҚР-ның Конституциясының құрылымы? /98 бап, 9 бөлім/ 7. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданған жыл? /1993жыл 28 қаңтар/ 8. Моғолстан мемлекетінің аумағы /Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Жетісу/ 9. Әбілқайыр хандығының екінші атауы /Өзбек хандығы немесе Өзбек ұлысы/ 10. «Қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды? /15ғ-ң екінші жартысында/ 2-топ басшысы: 1. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек кімдердің ұрпақтары? /Шыңғыс ханның/ 2. Қазақ хандығы құрылған жер? /Батыс Жетісу/ 3. Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы? /Есен -бұға/ 4. Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек қалдырған? /М. Х. Дулати / 5. Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күш-жігерін жұмсаған хан? /Қасым/ 6. Қазақ хандығында ең тыныш заман қайсы ханның тұсында болды? /Тәуке/ 7. С. Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс? /1783-1797/ 8. 2016 жылы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлаймыз? /25 жылдығы/ 9. Кенесары Бастаған көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы /бүкіл қазақ жерін қамтуы/ 10. ҚР-ның ұлттық валютасының айналымға енген мерзімі? /1993жыл 15 қараша/ 3-топ басшысы: 1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саны /5/ 2. Ұлы Отан соғысы қашан болды? /1941-1945/ 3. Мемлекеттің Ата Заңы /Конституция/ 4. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот - Аман Уалихан ҚР - ның қай рәмізінің авторлары /Елтаңба/ 5. Түркі сақ халықтарының әйел патшасы ( Томирис) 6. Түркілердің жаңа жылы (наурыз) 7. Тәукеханның зандар жинағы (Жетіжарғы) 8. ҚожаАхмет Йассауи күмбезінде"жерленген батыр (Бөгенбай) 9. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнаркөзі (халық) 10. Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей Ордасы) Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей Ордасы) Эксперттердің қорытындысы. Ү-айналым. «Елімнің ертеңі жастар көзімен» (Әр топ Қазақстанды енді 25 жылдан кейін қалай елестетеді, суретпей бейнелейді). Дайындыққа 10мин уақыт беріледі, уақыт аяқталғанда жұмыстарын иқорғайды. Жақсы шыққан еңбектеріне 10 ұпайдан . ІҮ. Эксперттердің қорытындысы, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау. Ү. Рефлексия - Менің сабақтағы көңіл-күйім? - Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім? - Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны? - Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны? Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! | |
Просмотров: 2773 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|