Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ
ШҚО
«Ұзынжал негізгі мектебі»КММ
тарих пәні мұғалімі
Енсенова Риза Кайсаровна

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ
Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті. « Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым», - деп атап өткен болатын. Ендеше осы тарихымызға біраз шолу жасақ. Біз XV- ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде бірден-бір дерек «Тарих-и Рашиди» дерегіне сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шайбан әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен саяси күрес, жауласудан кейін оның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен көтеріле көшіп, Шу өзінінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері XIV-XV- ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы – төңірегендегі жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы-төбені білдірсе керек. Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен үлкен Керей ақ киізге хан көтеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жеңібек хан әмір жүргізеді. Сірә, қазақ жұртының Әбілқайырдың жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – ол халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігне ұйытқы болған асыл ұлық, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан; Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейханов – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары. Түрік жұртының бұған дейінгі мың жылдық тарихында сыннан өткен жол-жора, қалыптасқан жүйе негізінде соңғы екі жарым ғасыр орайында ер халықтың, мерт халықтың жиын ортасынан жарып шыққан, бар тілегі туған елінің мұратымен берік астасқан асыл тұқым – Шыңғыс хан – Жошы хан – Орыс хан - Әз-Жәнібек хан әулеті өз жұртын тарихтың барлық қиын өткелінен алып өтті. Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей бодандығын қабылдап, сол бодандықтың шырамауынан шығу үшін Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Есет бастаған күресімен, 1916 жылғы тар жол тайғақ кешуді бастан өткерген, 1930-1932 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы қазақ жастарының қасқалдақтың қанымен келген бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді. Осындай жолмен жеткен тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.



Керей мен әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні 24 жыл бойы Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел биылғы 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында «Біздің Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI- ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға

тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Парасатты қоғам құру, қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. «Патриотизм-Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегенімізмемлекет деген ұғымды,оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді» -дейді Б.Момышұлы. Патриотизм -Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына,жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай?. Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда,ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі. Жолдаудағы маңызды бағыт – қазақ¬стан¬дық патриотизм. Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық атаулы тек отан¬сүйгіштіктің арқасында дүниеге

ке¬леді. Қоғамның қай саласына болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстан¬дық ұмтылыс, толыққанды білім мен са¬палы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс жатыр. «Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әрбір жас қазақстандық қыз-жігіт¬тердің ой-санасында: «Мен – қазақстан¬дықпын! Мен – елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжіри¬бемді осы мемлекеттің бүгіні мен бола¬ша¬ғына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, ел¬жандылық пен ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз болмақ

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 12 желтоқсан 2012 ж, akorda.kz.
2. Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 27 желтоқсан 2012 ж, akorda.kz
3. «Қазақстандық Ұлы жол» Егемен Қазақстан 2012 ж 1 қаңтар
4. «Мәңгілік Ел» мәйегі тарихтың алтын дәйегі» Егемен Қазақстан 2015 ж 12 қыркүйек
5. «Қазақстандық патриотизм» Қазақстан тарихы әдістемелік журнал 2014жыл 12 ай
Категория: История | Добавил: гульнараж (2016-11-21)
Просмотров: 736 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru