Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Алматы қаласы
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Қашағанова Гүлсімқан Үсеновна

9-сынып. Қазақстан тарихы. Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: 1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 20-ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай-күйі туралы жан-жақты мағлұматтар беру..
Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи - әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным-түсініктерін арттыру.
Тәрбиелік:. Оқушылардың бойында өз Отанына , халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: Сын тұрғысынан дамыта оқыту
Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, әдебиет, география
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, фотосуреттер.
Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, сәйкестендіру, Венн диаграммасы, ассосация жекелей, фронтальді, жартылай ізденушілік, шығармашылық, сұрақ-жауап, проблемалық , оқулықпен жұмыс, эссе жазу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныпты топқа бөлу
1- «Қызығушылықты ояту»
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»
Қазақстанның 20-30 жылдардағы қоғамдық – саяси өмірі.
1 – топ: 20-жылдардағы қоғамдық – саяси өмірдің сипаты, республикада партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы.
2 – топ: Ауылдық жерде мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі.
3 – топ: Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.
Өткенді қайталау: өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын алу.
1. «20-ғасыр басында қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деген пікірді кім айтты? (А.Байтұрсынұлы)
2. «Түрксіб» темір жол құрылысы қай жылы басталды? (1927 – жылы)
3. Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик? (Губкин)
4. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын? (Жамбыл Жабаев)
5. 1924-1929 жж. Қазақстанның астанасы қай қала? (Қызылорда)
2 - «Мағынаны тану»
3. Жаңа сабаққа даярлық: Үй жұмысын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға таныстырып өту.
4. “Ассосация”
5. Жаңа сабақ: 1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Жоспар:
1. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою.
2. Халық ағарту ісінің дамуы.
3. Кәсіптік білім берудің жайы.
4. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының дамуы.
5. Әдебиеттің дамуы.
6. Қазақ өнерінің гүлденуі.
7. Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубеттер.
2 тақырыпшадан топтарға бөліп беру. Сұрақтар беру арқылы қорыту.
«Мағынаны тану»
1 – топ:
1. 20-30 жж. әдебиеттің дамуына үлесін қосқан қайраткерлер мен олардың жарық көрген еңбектері?
2. 20-жылдардың аяқ кезінде әдебиетке келіп қосылған жастар:
3. Аудармалар; Халық ақындары, олардың жырына арқау болған тақырыптар; басқа
ұлттар әдебиеті
4. “Қазақтың 1000 әні” еңбегінің авторы?
5. 1925-ж. Парижде өзінің орындаушылық шеберлігімен көзге түскен қазақ әншісі?
6. Сандар сөйлейді: 1926-ж. , 1933-ж. , 1937.,1938-ж.
Жалпы сыныпқа бейне сұрақ: Амангелді Иманов – Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.
Қай жылы, қай студия «Амангелді» киносын түсірді. Және алдарыңдағы бұл картинаның авторы кім?

2-топ:
1. 20-ж. басында техникумдар не үшін ашылды?
2. Сандар сөйлейді: 1928-ж, 1931-32ж, 1929, 1930ж.
3. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қай жылы ашылды?
4. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қандай, қанша оқу орны жұмыс істеді?
5. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды?
6. Қазақстандағы ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың еңбегі?
Жалпы сыныпқа видео бейне сұрақ: Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан ғылымында алатын орны ерекше. Ғалымға қай жылы, қоғамға сіңірген еңбегі үшін Лениндік сыйлық берілді? Және ол құрастырып шығарған орта мектепке арналған алғашқы оқулық қандай оқулық?
3 –топ:
1. Сандар сөйлейді: 1924-ж, 1928-ж, 1931-ж, 1939-ж.
2. Ең алдымен кімдердің арасында сауатсыздықты жою қажеттігі туындады? Ол не үшін қажет болды?
3. Халық ағарту ісінде қандай Заң іске асырылды?
4. Қазақ мектептерін дамытуға үлес қосқан қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері:
5. Қазақ тілді мектептерден басқа қандай мектептер жұмыс істеді?
6. 30-жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы ілгері басты. Неліктен?
Жалпы сыныпқа видео бейне сұрақ:
Білім беру жүйесінде балаларға білім беретін мектептер қандай сатылардан тұрды?
3 - «Ой-толғаныс»
6. Бекіту:
1-топ: 20-ғасырдың 20-30 жылдардағы мәдениет пен 21-ғасыр басындағы қазіргі кездегі мәдениетпен салыстыру жасау. Өз өлкеміздің мәдениетіне де тоқталып өту
2-топ: Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» бағдарламасы бойынша Қазақстан халқына Жолдауының «2050 Қазақстан мұраты» бөлімі бойынша бір ғасыр аралығындағы жағдайды салыстыра отырып, өз ойларын айту (1930-2030 жж.)
3-топ: Н.Ә. Назарбаевтың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру ісіне арналған бөліміне қысқаша шолу жасау.
7. Қорытынды: Топтастыру стратегиясы Қиындықтар, нәубеттер
8. Үйге тапсырма беру: 19-параграф пен қосымша деректерді оқу, даталарды жаттау, дәптерге кесте орындау.
9. Бағалау.
Категория: История | Добавил: ТатьянаТатьянка (2016-11-30) | Автор: Қашағанова Гүлсімқан Үсеновна E
Просмотров: 1372 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru