Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Соғыстан кейінгі ғылым мен білім.(9-сынып. Қазақстан тарихы"
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі
Кашаганова Гульсумкан Усеновна

.9-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы: Соғыстан кейінгі ғылым мен білім.
Сабақ мақсаты: Соғысқа дейінгі және кейінгі Қазақстанда білім және
ғылымның дамуы, әдебиет пен қоғамдық ғылымдардың
қысым жасауы қудалаумен жазалаудың жалағасуын
түсіндіру.
Білімділігі: Қазақстанда мәдени жаңа құбылыстар жайында ғылым
мен білімнің дамуында жетістіктер мен қатар «Бекмаханов
ісі» сияқты жағымсыз істердің орын алғандығы жөнінде
білім-біліктілікті қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіре отырып, өз
Отанының тарихын білуге еліміздің атақты ер азаматтарын
білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлтжандылық
қасиетті қалыптастыру.
Дамыту: Қазақ тарихының қыспаққа алынуы цензураның күшейуі,
«Бекмаханов ісіне» байланысты қосымша материалдар
жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: Суреттер, кестелер, қосымша құжаттар.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, география, саясаттану.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
әдісі: Электронды оқу жүйесі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Кесте арқылы өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабаққа байланысты кестені пайдалану.
Бекіту «Кім жылдам».
Бағалау. Үйге тапсырма беру.
Сабақ жоспары:
1. Жоғарғы және орта білімді дамыту.
2. Әдебиет жаңа толықты. «Абай мектебі».
3. Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.
4. Қоғамдық ғылымдар қысым жасалды.
5. «Бекмаханов ісі» М. Елікбаевтың тағдыры.
6. «Космополит».
Қазақстан мәдениетіндегі жаңа құбылыстар.
(Соғысқа дейінгі білім мен ғылым)
1. Тегін оқу. Ұлдар мен қыздарды бірге оқыту.
1924 жылы сәуір «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Кеңестік білім
жүйесінің негізгі қағидалары: тегін оқу, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, дніи
пәндерді оқу бағдарламасынан алып тастау болды. 1921-1927 жылы 200 мың адам
оқып сауатын ашты. 1928 жылы аяғында сауатты адамдар 25 %, оның ішінде
қазақтар – 10 % болды. 1926 жылы «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ереже»
қабылданды. Осы ережелер бойынша міндетті бастауыш білім беру енгізілді. Үш
жылдық және төрт жылдық мектептер және қазақ қыздарына арнап мектептер
ашылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан, Оралда
ашылды.
2. Зайырлы пәндер. Латын әрпінің ендірілуі.
Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды.
Араб тілінде оқулықтар жазылды. Мысалы: А. Байтұрсынов – суретті әліппені,
мысал-жұмбақтар жинақтары, Ж. Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту
әдістемесі, Ә. Бөкейханов – география оқулығын, Қ. Сәтпаев – алгебра оқулығын
құрастырды.
1928 жылы латын әрпіне көшу туралы жарлық шықты. Араб әрпімен оқып,
сауатын ашқан қазақтар жаңа әліппені меңгеру керек болды. Ғасырлар бойы
жазылған рухани мұраны игеруге мүмкіндік болмай қалды. Араб әрпімен шыққан
басылымды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист» деп жарияланып,
қудалауға ұшырады.
3. 1928 жылы комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды.
Соғысқа дейін 65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты. 1931 жылы
желтоқсан «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім
беру» енгізілді. 1939 жылы жалпы халықтың сауаттылығы 65 %-ға, оның ішінде
қазақтар 40 %-ға жетті.
4. Жоғары оқу орындарының ашылуы.
1928 жылы – тұңғыш педагогикалық институт, оған кейін Абай есімі берілді.
1929 жылы – Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты.
1930 жылы – Қазақ ауылшаруашылық институты.
1931 жылы – Алматы медицина институты.
1931-1932 жылдары – Орал және Қызылорда педагогикалық институттары.
1934 жылы – С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті.
1934 жылы – Қазақ кен-металлургия институты.
1928 жылы – 24 техникум, 1940 жылы – 118 техникум.
Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып 40
мыңдай адам оқыды.
5. Қазақстан ғылымының қылыптасқан кезеңі.
1920 жылы қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды. Қазақ АКСР халық ағарту
комиссариятының академиялық орталығы құрылды. Бұл орталық қазақша жазуды
жетілдірді. Қазақ тілінде алғашқы оқулықтарды құрастырды. Қазақ халқының
тарихы, этнографиясы жөнінде еңбектер басып шығарды. Мысалы: 1926 жылы
М. Е. Массон Әулиеатада қазба жұмыстарын жүргізді
1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды.
Зоология және ботаника секторларының қатарына тарих секторы қосылды.
1935 жылы «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» (авторы С. Асфендияров)
жарыққа шықты. Соғыс қарсаңында 57 ғылыми мекемеде 1700-дей ғалым
еңбек етті.
6. Қазақ әдебиеті мен өнері қалыптасты.
Қазақстанның мәдени мұрасында қазақ әдебиеті ерекше орын алды.
Прозалық шығармалар:
• С. Сейфуллин – «Тар жол, тайғақ кешу» (1927 жылы).
• Б. Майлин – «Азамат Азаматыч».
• Ж. Аймауытов – «Қартқожа».
• С. Мұқанов – «Жұмбақ жалау».
• С. Ерубаев – «Менің құрдастарым».
• Ғ. Мустафин – «Өмір мен өлім».
Поэзия:
• С. Сейфуллин – «Көкшетау».
• С. Мұқанов – «Сұлушаш».
• І. Жансүгіров – «Құлагер».
Қазақ драматургиясы дамыды.
• М. Әуезов – «Айман - Шолпан», «Түнгі сарын».
• Б. Майлин – «Жалбыр».
• Ғ. Мүсірепов – «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
• Ж. Аймауытов – «Мансапқорлар», «Ел қорғаны».
1934 жылы 12-18 маусым – Қазақстан жазушуларының 1 съезі өткізілді.
1935 жылы Халық поэзиясының алыбы Ж. Жабаевтың 90 жасқа толуы атап өтілді.
1936 жылы С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы мерекеленді.
Сталиндік жазалау қазақ әдебиетінің дамуын төмендетті.
6. Қазақ Кеңестік өнер қалыптасты.
Халықтық музыканы зерттеуде А. В. Затаевичтің еңбегі ерекше. Ол 2300-ден астам
халық әндері мен күйлерін жазып қалдырған. Оның еңбектері:
- 1925 жылы «Қырғыз (Қазақ) халқының 1000 әні».
- 1935 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі деп аталды».
Қазақ өнері. 1922 жылы – Қарқаралыда халық жыршыларының бәйгесі өткізілді.
1925 жылы Ә. Қашаубаев (1888-1934 жылдары) Парижде концертте ән шырқап, күміс медаль иеленді. Германияның Майн қаласында қазақ ән өнерін көрсетті (1927 жылы).
1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылып, «Еңлік – Кебек» пъесасы қойылды, режисоры – Ж. Шанин.
30-шы жылдардан кейін Қазақстан кино өнерінің негізі қаланды. «Жайлауда», «Түрксіб» деректі фильмдер, «Дала әндері», «Жұт» деген дыбыссыз фильмдер түсірілді (Ленфильм).Дыбысты фильм «Амангелді» түсірілді.
1934 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Мемелекеттік оркестрі құрылды, жетекшісі – сазгер А. Жұбанов.
1936 жылы Жамбыл атындағы қазақ Мемелекеттік филармониясы ашылды. Күләш Байсейітова (1912-1957) КСРО Халық әртісі атанды.
П. Г. Хлудов шеберханасы сурет өнерінің орталығы болды. Шәкірті Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтың «Амангелді сарбаздары», «Түрксіб» суреті жазылды.
1939 жылы А. С. Пушкин атындағы кітапхана ашылды.
6. «Космополит»
Қазақстанда бір ғана «Бекмаханов ісі» емес биология, медицина, экология
саласындағы ғалымдарға «космополит» деген айыптар тағылып, олар
республикалық ғылыми – зерттеу мекемелерінен және оқу орындарынан
қуылды. Мысалы: Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры
Төлеген Тәжібаев.
1951 жылы 6 шілде - «Қазақ Мемлекеттік Университетіндегі саяси – тәрбие
жұмысы мен кадрлық іріктеудегі ірі кемшіліктер туралы» қаулы қабылданды.
Т.Тәжібаев – оқытушылық қызметке саяси сенімсіз болғандықтан Академиядан
құрылған адамдарды жұмысқа алғандығы үшін және буржуазияшыл – ұлтшыл
Е.Бекмахановты қолдағаны үшін айыпталды.
Нәтижесінде Т.Тәжібаев ректорлық қызметтен босатылды. Сонымен қатар М.Елікбаевтың тағдырына тоқталсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер, жоғары білімді маман болған. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласында бірқатар бұрмалаушылықтар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. Өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы оқулықтар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мұнымен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитеті мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті айналысып партия қатарынан шығарылды, одан әрі мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапқан. Ол аштық жарияласа түтікше арқылы тамақтандырады. Осы сияқты 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» психикалық емдеу жолынан өтеді.
Қорытынды:
Мінеки, балалар, еліміздің білім және ғылым саласының дамуының кезеңдерінің жағымды және жағымсыз кездері болғанын түсіндік. Жағымды жағы -халық тегін білім алды, жағымсыз жағы - еліміздің тарихы ақсады, қыспақта болды. Оған тарих куә.

Бекіту «Кім жылдам?»
1 – нұсқа

1. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?
а. 1928ж. в. 1921ж.
б. 1920ж. г. 1924ж.

2.1928 ж. сауатты адам қанша % , оның қазағы қанша % ?
а. 25%, қазағы 5% в. 30 %, қазағы 15 %
б. 25 %, қазағы 10 % г. 30 %, қазағы 20 %

3. Соғысқа дейінгі міндетті оқу:
а. 2 жылдық бастауыш білім в. 4 жылдық бастауыш білім
б. 3-4 жылдық бастауыш білім г. Орта білім міндетті

4. Қай жылы латын әрпіне көшірілді?
а. 1921ж. в. 1928ж.
б. 1925ж. г. 1930ж.

5. Суретті әліппе оқулығын кім шығарды?
а. А.Байтұрсынов в. Ә.Бөкейханов
б. Қ.Сәтбаев г. М.Дулатов

6. Ана тілін оқыту әдістемесін кім құрастырды?
а. А.Байтұрсынов в. Ә.Бөкейханов
б. Ж. Аймауытов г. Қ.Сәтбаев

7. География оқулығын кім жазды?
а. Ә. Бөкейханов в. Қ. Сәтбаев
б. А.Байтұрсынов г. Ж.Аймауытов

8. Алгебра оқулығын кім жазды?
а. Қ.Сәтбаев в. Ж.Аймауытов
б. Ә.Бөкейханов г. А.Байтұрсынов

9. Мәдени жорыққа қанша комсомол қатысты?
а. 60 мың в. 70 мың
б. 65 мың г. 75 мың

10. Соғыс алдында халықтың сауаттылығы қанша пайыз?
а. 65 %, қазақтар 40 % в. 75 %, қазақтар 50 %
б. 65 %, қазақтар 45 % г. 75 %, қазақтар 55 %



2 – нұсқа

1. Абай есімі берілген педагогикалық инститта қай жылы ашылды?
а. 1925ж. в. 1929ж.
б. 1928ж. г. 1930ж.

2. Қзаақ Мемлекеттік Университеті:
а. 1930ж. в. 1934ж.
б. 1932ж. г. 1936ж.

3. Соғыс қарсаңында қанша жоғарғы оқу орны және орта арнаулы оқу орны болды?
а. 20 жоғ. оқу орны 118 техникум в.25 жоғ.оқу орны 120 техникум
б. 22 жоғ.оқу орны 120 техникум г. 25 жоғ.оқу орны 118 техникум

4. Соғыстан кейінгі міндетті оқу:
а.бастауыш білім в. 11 жылдық білім
б. 10 жылдық білім г. 3-4 жылдық білім

5. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы құрылды:
а. 1930ж. в. 1936ж.
б. 1932ж. г. 1938ж.

6. Қазақ КСР-ң Ғылым академиясы ашылды:
а. 1932ж. в. 1996ж.
б. 1940ж. г. 1948ж.

7. Қазақ КСР-ң Ғылым академиясының тұңғыш президенті:
а. А.Байтұрсынов в. Ж.Аймауытов
б. Қ.Сәтбаев г. Ә.Бөкейханов

8. Қазақтың тұңғыш КСРО халық әртісі:
а. А.Жұбанов в. Күләш Байсейтова
б. Ә.Қастеев г. Ж.Жабаев

9. Қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі:
а. Түркісіб в. Жайлауда
б. Амангелді г. Дала әндері

10. 25 жылға сотталған қазақ тарихшысы:
а. С. Асфендияров в. Е.Бекмаханов
б. Ә.Бөкейханов г. Қ.Сәтбаев
Категория: История | Добавил: ТатьянаТатьянка (2016-12-22) | Автор: Кашаганова Г.У. E
Просмотров: 1552 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru