Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
«Өзін-өзі тану» гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Кашаганова Гульсумкан Усеновна . 9-сынып. Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық ғалымдар және олардың жетістіктері Сабақтың мақсаты: 1920-30 жж Қазақстандағы мәдениет саласындағы жетістіктері мен танымал өнер қайраткерлерінің еңбектерін жан-жақты талдап түсіндіру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жоғары патриоттық және рухани қызығушылығын ояту. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сабақта өз бетінше жұмыстандыру арқылы, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: СТО,Ротация , технологиясы,тірек сызба Сабақтың көрнектілігі: слайд презентация, қосымша мәліметтер,бағалау парағы, плакат, Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындау. Топқа бөлу (әдебиет,өнер,театр) жазуларды алу арқылы І-топ (әдебиет) ІІ-топ (өнер) ІІІ-топ (театр) Психологиялық дайындық: «Жүрек жылуы» әр топ бір-біріне тілек. 1мин Үй тапсырмасы бойынша алдыңғы сабақтарда алған білімімізді тексеру. «Ротация»-әдісі бойынша: Үш топқа тапсырма беріледі. І-топқа (Әдебиет) «1920-30 жж ағарту ісіндегі іс-шаралар» ІІ-топ (Өнер) «Кәсіптік білім беру» ІІІ-топ (Театр) «Ғылымның қалыптасуы» тапсырманы қол шапалақтаған кезде топтар алмастырып ,соңғы топ қорғайды .6 мин Жаңа сабақ: видео(Ә.Қашаубаевтың дауысын тыңдау) Оқулықтағы 104-ші бетті ашып тақырыпты дәптерге жазамыз. Сабағымызды: Естігенімді ұмытамын Көргенімді есте сақтаймын Өзім істегенді меңгеремін Қытай данышпаны: Куньфуцзы: Сабақта топтарға тапсырмалар беру: І топқа (Әдебиеттің дамуы) –постер қорғау . 20-30 жж қазақ әдебиетінің дамуына танымал қайраткерлер: С.Сейфуллин, М.Дулатов, Ғ.Мүсірепов,Б.Майлин,т.б көрнекті орын алды. Қазақтың ақын-жазушыларының тамаша шығармалары жарық көрді. С.Сейфуллиннің «Советстан», «Көкшетау» С.Мұқановтың «Сұлушаш» І.Жансүгіровтың «Құлагер» И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмалары Драмалық шығармалар жазылып,театр сахнасында қойылды М.Әуезовтың «»Айман-Шолпан , «Түнгі сарын» Б.Майлиннің «Жалбыр» Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Ж.Аймауытовтың «Мансапқорғаны», «Ел қорғаны» Қазақ жазушылары орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды А.Байтұрсынұлы И.А.Крыловты Ж.Аймауытов А.С.Пушкинді,М.Ю.Лермннтовты М.Жұмабаев Гетені,Гейненің,М.Горькидің шығармаларын аударды ІІ-топқа (Өнер) –топтастыру әдісі. Музыка өнері А.В.Затаевич Күләш Байсейітованыөнері Әміре Қашаубаев өнері ІІІ-топ (Театр ,кино) слайд презентация қорғау 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров. Қ.Қуанышбаев,Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтар болды Театрды талантты драмашы,режиссер және әртіс Ж.Шанин (1891-1937) басқарды. 1933 жылы Алматыда халық тарихында тұңғыш рет ұйғыр сазды драма театры ашылды 1937 жылы Қызылордада корей театры ашылды 1930 жылдары Қазақстан кино өнерінің негізі салынды «Востоккиноның» Алматы бөлімшесі «Жайлауда», «Түркісіб», «Дала әндері», «Жұт» фильмдері шықты 1938 жылы «Ленфильм» «Амангелді» киносы түсірілді Сабақты бағалау парақшаларымен топ басшысы бағалау. Сабақты қорыту : «Синквейн»әдістері бойынша Үйге тапсырма:104 бет,шығармашылық тапсырма | |
Просмотров: 1340 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|