Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
«Өзін-өзі тану» гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Кашаганова Гульсумкан Усеновна 10-сынып. Қазақстан тарихы Тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты: • XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру; • Құжаттардағы деректермен жұмыс істей отырып, ең бастысы неге назар аударуды анықтау, деректерді салыстыра отырып қорытынды жасау; • Өз халқының тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Әдісі: интерактивті Көрнекілік: Қазақстанның XVIII ғасырдың І ширегіндегі картасы, сызба. Негізгі ұғымдар:дипломатиялық миссия, транзиттік сауда, Ресей саясатының әскери-отаршылдық сарыны, ойрат басқыншыларына қарсы қазақ хылқының азаттық күресі, отар, империя, сепаратизм, құрылтай. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу Үй тапсырмасын қайталау:үй тапсырмасын сұрау кезінде практикалық жұмыс ретінде картамен жұмыс және терминдер бойынша диктант аламын (қазақтардың саны мен орналасқан жерлері, жүздердің аумағы, т.б.). Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары: 1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты. 2. Қазақ хандығының ыдырай бастауы. 3. Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі және жоңғар шапқыншылығы. 4. Қазақстардың жауға тойтарыс беру әрекеттері. 5. Қазақстардың қару-жарағы мен әскери дәстүрлері. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін осы тақырыпқа байданысты 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы курсы бойынша өткен тақырыптарынан сұрақтар қойып, естеріне түсіремін, себебі бұл материалдардың жаңа тақырыпты түсіндіруге тікелей қатысы бар: 1. 1680-1715 жлдары Қазақ хандығын кім биледі? 2. Тәуке хан шығарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағының қандай тарихи маңызы бар? 3. Жоңғар хандығы қашан құрылды? Жоғңғар билеушілерінен кімдерді атай аласыңдар? 4. XVI ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарының қандай ерекшеліктері болды? Осыдан кейін оқушылардың жауаптарын тыңдап балаларға XVIғасырдың аяғы мен XVII ғасырдағы Ресейдің қазақ жеріне баса назар аудара бастағанын әңгімелеймін. Ол, бірінші, Ресейдің саяси және сауда -әлеуметтік-экономикалывқ дамуынан, екіншіден орыс мемлекетінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және дипломатиялық байланыс орнатуынан көрінеді. Сабақты түсіндіре отырып, оқушылардың көз қаперін арттыру үшін төмендегідей хронологиялық кесте толтыртамын. Жылдар Негізгі оқиғалар Мақсаты мен маңызы 1552 1556 1585 1586 1587 1594 1604 1710 1716 1717 1718 1720 №1 тапсырма: Осы оқиғаларға сүйене отырып, Ресей Қазақ хандығына қатысты саясат жүргізгенде алдына қандай мақсат көздегенін анықтаңдар. Осыдан соң Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын, сондай-ақ Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоғары билік үшін әр жүздің билеушілері арасындағы таласты оқушылардың есіне сала отырып, келесі тапсырманы беру керек. №2 тапсырма: - Қазақстан тарихы хрестоматиясынан Тәуке ханның билігі кезіндегі материалдарды пайдалана отырып, Тәукенің жеке басына мінездеме беру. (Бұл тапсырма бұрынғы алған білімді жаңа сабақ арқылы толықтыруға көмектеседі. Осыдан кейін оқушылардың жауаптары бойынша кесте толтыра отырып, XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығының қызметін көрсету.) Хандар Тәуке хан Қайып хан Әбілқайыр хан Жеке бас ерекшеліктері Ханның жүргізген іс-әрекеті мен саясаты Тарихи маңызы Қазақстан аумағына сыртқы қауіптің күшеюі мен жоңғар шапқыншлығы төмендегі жағдайларға байланысты болды: Тәуке ханның қайтыс болуы, хандық ішіндегі саяси бытыраңқылық, Қазақ хандығына көрші мемлекеттердің басып кіруі, бір орталыққа бағынғн Жоңғария мемлекетінің құрылуы және оның бұрыннан көз алартып жүрген қазақ жеріне негізгі күштерін жіберуге мүмкіндіктің пайда болуы, т.с.с. Жоңғарияға тойтарыс беру әрекеттері жөнінде айтар алдында оқушыларға келесі сұрақтарды қоямын: қарсы тұру қозғалысы қалай ұйымдасты, осы кездегі қазақ сұлтандарының іс-әрекеттері, жауға тойтарс беру идеясына батырлар мен халықтың көзқарасы. Қазақтардың қару-жарақтары мен әскери салт-дәстүрлер туралы айта отырып, қосымша «Қолданбалы өнер үлгілері», «XVIII ғ. Қазақтардың қару-жарағы», т.б. еңбектерді пайдаланамын Жаңа тақырыпты бекіту үшін қойылатын сұрақтар: 1. XVIII ғасырда Ресейдің Қазақстанға қызығушылығының күшеюіне не себеп болды? 2. XVIII ғасырдағ Қазақ хандығының ішкі жағдайын қалай бейнелеуге болады? 3. XVIII ғасырдың І-ширегіндегі Қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал-ахуал өте күрделі болды, осыған мысал келтір. (Құжаттармен жұмыс, 19-бет.) Үй тапсымасы: 1. Картамен жұмыс-Ресейдің Қазақстан жерімен шектесетін аумақтарда салған әскери-тірек бекеттерін картаға түсіріңдер. 2. Осы кезеңде қазақ хандары ішінен кімді жетекші болды деп есептеуге болады, себебін көрсетіңдер. 3. 1635ж ., 1710ж ., 1715ж. – Қазақ хандығы тарихындағы қандай оқиғаларға байланысты даталар. | |
Просмотров: 1087 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|