Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Өскемен қаласы "№3 мектеп-лицейі" Мухамадиянова Айнұр Мухамадияқызы Қазақстан тарихы 10 «Б» сынып 2.12.2016 ж. Сабақтың тақырыбы: Моңғол шапқыншылығы. Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру Сабақтың түрі: Кембридждық оқыту әдістері Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Дүние жүзі тарихы, Орыс әдебиеті Сабақта қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, сыни тұрғыда ойлауға үйрету, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Сабақтың әдісі: Оқулықпен, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, формативті, суммативті бағалау. Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Бейнефилмьдерді көру және талқылау», «Бірге ойлаймыз», «Кубизм», «Сұрақтары бар қорап». Сабақтың мақсаты: Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік Қазақстан аумағында XIІІ ғасырдағы Моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, қазақ жерлерін басып алу кезеңдері, зардаптары туралы білімдерін тереңдетеді. Тақырыппен таныса отырып, танымдық қабілеттерін дамытады, қорытынды жасайды. Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушылар патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиеленеді. Сабақ кезеңдері Сабақтың құрылысы, барысы Технологиясы, әдіс-тәсілдері Формасы Қолданылатын модульдер Құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар Білімді тексеру, бағалау І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқытушы мен оқушылар сәлемдеседі - Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу - Топқа бөлу (4 ұлыс бойынша: Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Төле ұлысы) Психологиялық дайындық Қайырлы күн оқушылар ! Сабағымызды бастамас бұрын кішкене сергіп алайық! -Егер сендер мектепке және бүгінгі сабаққа қуана- қуана келсеңдер, оң қолдарыңды көтеріңдер -Егер сендерге еліміздің тағдыры маңызды болса, сол қолдарыңды көтеріңдер - Егер сендер өздеріңді Отанымыздың патриотымыз деп есептесеңдер, көтерілген екі қолды қосып шапалық ұрамыз. Рахмет балалар! Интерактивті тақта Ұжыммен жұмыс Оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу Ақпараттық құзіреттілік ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе: Сабақтың мақсатын анықтау Интерактивті тақта ІІІ. Жаңа сабақ: «Дарынды оқушымен жұмыс»: 1. Қызығушылығын ояту: «Бейнефилмьдерді көру және талқылау» стратегиясы 2. Мағынаны ажырату: "Бірге ойлаймыз" стр - Әр топқа тапсырмалар беріледі: "Жошы ұлысы": Моңғол империясынң құрылуы, қоғамдық құрлысы, жаулаушылық соғыстарын таныстырады; "Шағатай ұлысы": - Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуын, «Отырар опатын» таныстырады; "Үгедей ұлысы": - Этникалық өзгерістер, жаулап алу зардаптары және ұлыстардың құрылуымен таныстырады; "Төле ұлысы" тобы: - Батыйдың орыс жеріне жорығын таныстырады. М. Шаханов «Отырар апаты» өлеңінен үзінді оқу 3. Ой-толғаныс: - Әр топқа өздеріне берілген тақырыптарды қосымша материалдарды қоса отырып тапсырма беріледі: Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы: Хронологиялық диктант жазады: 1206 жыл 1155-1227 жыл 1207-1208 жыл 1207-1209 жыл 1217 жыл 1211-1215 жыл 1219 ж қыркүйек 1219-1224 жыл Үгедей ұлысы, Төле ұлысы: Тарихи сынақхат. Шарты: Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толықтыру. 1. ХІІІ ғасырдың басында .............. хандықтарының шекарасына іргелес жатқан монғол тайпалары бірде тату, бірде араз өмір сүрген. 2. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы ................ болды. 3. 1217 жылы Шыңғыс хан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға ............. аттандырады. 4. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. .............. қаласы үш ай бойы, ............. қаласы он бес күндей берілмеген. 5. Шапқыншылық әсерінен ........... қаласы жойылып кетті. 6. Жетісудағы елді мекендер азайды. Моңғол шапқыншылығына дейін ....... ден астам, моңғол шапқыншылығынан кейін ......... ға жуығы қалды. 7. Шыңғыс ханның кіші баласы ............... Бұхара қаласына бет алады. «Кубизм» бойынша топтарға сұрақтар қойылады: ( Қандай, сенің ойыңша, қашан, неге, не үшін, атап бер) Қазіргі күнмен байланыс: «Қ Р Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» туралы тоқталу. Видео материал Іздендіру, зерттеу Интерактивті тақта, қосымша материал Сұрақ-жауап Жеке, топпен жұмыс Топпен жұмыс Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу. Сыни тұрғыда ойлауға үйрету, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқытуды басқару және көшбасшылық Талантты және дарынды балаларды оқыту. Сыни тұрғыда ойлауға үйрету, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқытуды басқару және көшбасшылық Ақпараттық құзіреттілік Коммуникативтік құзіреттілік Шығармашылық құзіреттілік Коммуникативтік құзіреттілік Өзін-өзі бағалау Өзін-өзі бағалау ІҮ. Үйге тапсырма: 27 тақырыпты оқу, дата, термин жазу, талапкер материалдарын жаттау. Ү. Бағалау: Алған білімге қорытынды жасау Бағалау парағын толтыру Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. «Сөйлемді аяқтау» әдісі арқылы сабақ жайлы пікірлерін және өз білімдерін «Бағалау парағына» бағалайды. Бағалау парағының үлгісі: 1) «Формативті бағалау әдісі»: «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша « Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды...... сынды ой-тұжырымдарын жазды. Суммативті бағалау кезеңі: Оқушының аты-жөні: Тақырыптың мазмұнын терең және толық түсіндім, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата аламын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастырамын, анықтама, ұғымдарды түсінемін, мұғалім тарапынан берілген сұрақтарға жауап беретін қосымша материалдарды қолдана аламын, топ ішіндегі жұмыстарға белсене араласып, өз ойымды ортаға салдым. Қосымша толықтыруды қажет етпеймін. «5» Тақырыптың мазмұнын түсіндім, бірақ оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата аламадым, анықтама, ұғымдарды түсінемін, мұғалім тарапынан берілген сұрақтарға топ ішіндегі оқушылармен ақылдаса отырып жауап бердім. Қосымша толықтыруды қажет етемін. «4» Тақырыптың мазмұнын түсіндім, бірақ оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата аламадым, мұғалім тарапынан берілген сұрақтарға сұрақтарға жауап кезінде қиындықтар туындады. Өзгелердің жауаптарын қабылдай аламадым. Маған сұраққа жауап беруге құрбыларым көмектесті. Маған қосымша түсіндірме керек. «3» | |
Просмотров: 604 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|