Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Қазіргі Қазақстанның мәдениеті
План урока

Пән/ Предмет Мәдениеттану Оқытушы: Преподаватель Олжабаева Б.О

Сабақ/ урок №15

Топ/ группа 31ВТ
Күні/ дата

Тақырып/Тема: «Қазіргі Қазақстан мәдениеті».
Сабақтың типі/ Тип урока: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты/ Цель урока: _ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктерін ашып көрсету. _

Сабақтың мәселелері/ Задачи урока:
Білімділік/ образовательные
Студенттерге Қазақстанның көпұлтты мәдениеті, қазіргі қазақ мәдениетінің типтерімен таныстыру. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, авангард, сурет, кино, театр, бейнелеу өнерінің дамуы. Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері мен әлемдік өркениеттегі Қазақстан мәдениетінің алатын орнын айқын ашып көрсету.
Дамытушылық / Развивающие: Бақылау, танып білу белсенділігін арттыру, жаттаған сөздерді әрі қарай дамыту, көңіл бөлуді, ақыл, сөйлеу, қиял, ойлау сезімдерін дамыту; алған білімдерін талдау.
Тәрбиелік / Воспитательные: Қазақ халқының бастан өткен тарихын құрметтеу, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Материалдық және техникалық жағынан жабдықтау
Материально – техническое оснащение урока

Құрал – жабдықтар/ оборудование ____
Көрнекі құралдар/ Наглядные пособия_Қазақстан тарихы картасы
Дидактикалық материалдар/ дидактический материал:

Пәнаралық байланыстар/ Межпредметные связи Қазақстан тарихы
Білім беру әдістері/ методы обучения__ ізденістік, иллюстративті-тусіндіру, баяндау.

Сабақтың құрылымы/ структура урока:
І. Ұйымдастырушылық кезең: 2мин
II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі 15 мин
ІІІ. Студенттерді белсенді білім алуға дайындау кезеңі 10мин
ІV. Жаңа материалды игеру кезеңі 30 мин
V. Бекіту кезеңі 10мин
VI. Сабақтың нәтижесін шығару кезеңі. Рефлексия 10мин
VII. Үй тапсырмасын беру кезеңі 3 мин

Сабақтың барысы / Ход урока

І. Ұйымдастырушылық кезең:
1.Студенттерді сабаққа психологиялық дайындауын ұйымдастыру.
2.Сабақта жоқ студенттерді анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: жалпылама сұрақ қою
1. Абай Құнанбаев шығармашылығының қазақ әдебиетінің дамуына қандай әсері болды?
2. Қазақ жазба әдебиетірің ірі өкілдерін атаңдар
3. ХХ ғ басындағы ұлт зиялыларын атаңдар және олардың қазақ халқының дамуына қандай үлес қосты?
2. Үйге берілген тапсырма Кеңестік Қазақстан мәдениеті тақырыбына баяндамаларын қорғау.
ІІІ. Студенттерді белсенді білім алуға дайындау кезеңі:
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.
Мағжан Жұмабаев

IV.Жаңа материалды игеру кезеңі:
1. Қазақстан Реcпубликасы ұлттарының мәдениеті
2. Қазіргі Қазақстан мәдениетінің типтері
3. Қазақстан мәдениеті мен өнері
4. Қазақстан мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі
V.Бекіту кезеңі: жалпылама сұрақ қою
1. Біздің мемлекетте тұратын халықтардың салт – дәстүрлерін атаңдар
2. Мәдени типтер дегеніміз не?
3. Қазіргі Қазақстандағы БАҚ жайлы не айта аласыңдар?
4. Біздің мәдениетіміз не себептен 90-жж тоқырауға түсті?
5. Қазіргі мәдениет мемлекет тарапынан үлкен қолдау алып отыр, қандай?
VІ.Сабақтың нәтижесін шығару кезеңі. Рефлексия.
1.Бүгінгі сабақта менің есімде қалған…
VІI. Үй тапсырмасы §3.12, 306-319 беттер _____________________________________________________________________________Преподаватель:
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс” басталды. (Астанада арх. К. Курокаваның бас жоспары бойынша /1934-2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава), (Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталық концерт залы (2009, арх. М. Николетти, Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт кешендері тұрғызылды.
Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.
Қазақстан киноөнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.
2006 ж. «Қазақфильм» “Халық таңдауы: Қазақ киносының алтын топтамасы” акциясын ұйымдастырды. Қалың көрермен қауымның іріктеуімен алынған 50 фильмнің 20-сы реставрацияланды. Рейтинг көшбасшылары: «Абай» (А. Әміркұлов, 1995), «Бойся, враг, девятого сына» (В. Пусурманов, В. Чугунов, 1984), «Қан мен тер» (Ә. Мәмбетов, Ю. Мастюгин, 1978), «Жамбыл» (Е. Дзиган, 1955), «Аңызға айналған Шоқан» (А. Әшімов, Цой Гук Ин, 1984).
Республикада Қазақстан мәдениетіне, өнеріне және әдебиетіне арналған 70-ке жуық мемлекеттік мұражай жұмыс істейді.
Әлемдегі бірде бір халықтың мәдениетіне де, өмір жағдайына да, оның географиялық, тарихи және психологиялық сипаттарының ерекшеліктеріне де оқшаулану тән емес. Бұл тереңнен тамыр жайған қазақ мәдениетіне де қатысты. ХХ ғасырда қалыптасқан кәсіби бейнелеу өнері дәуір дауылдарына төтеп беріп, өз дамуында өткенмен рухани үндестікті жалғастырып келді
Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.
Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.
Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлық мемлекеттер өздерін сол мемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын.
Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызу керек болды.
Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылып кете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясат қажет болды [32].
Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасына қарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне бастады, ұттық рухы оянды, өзінің ұлттық құндылықтарын ақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнын бұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болып отырған қазақ ұлтының ұлттық санасының ерекше ояну кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де болады.
Жалпы осы кезеңде, бұдан соңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттың нәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзге ұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.
Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкен мемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайында ұлттардың арасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтан басқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.
Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болса да күшейді.
Үшіншіден, сана бодандығынан құтылған азаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылының күшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланған неміс, т.б. халықтарға тән болды.
1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып — қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл мемлекеттік басқару органдарының, заң шығару, сот ісінің, іс жүргізудің тілі болып саналады және мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады.
.Қазақстан — өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен дейінгі екінші орында көрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық, теңдік қоғамның топтасуының кепілі. Республикада жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асыруда қазақ ұлты оларды біріктіруші рөл атқаратындығы айқын.
Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.
1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл — халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат — Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында «Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М.
Категория: История | Добавил: olzhabaeva_bayan84 (2017-03-26) E
Просмотров: 2848 | Теги: Қазақстан, мәдениет | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 10:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru