Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
«Заң және заман» Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Студенттерге заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Дамытушылық: Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Сабақтың кернекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.) Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. Сабақтың барысы: «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев. «Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады». Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? Студенттер пікірі тыңдалады. Құрметті студенттер біздің мемлекетіміздің болашағы сендерсіңдер. Елбасымыздың жолдауын, Қазақстан – 2050 стратегиясын жүзеге асыратын да сендер. Егер де біз болшағымызды жарқын болып көргіміз келсе, заңға бағыну бұл біздің міндетіміз. Құрметті студенттер «бостандық» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы теріс қылық пен қылмыс өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда жылына жасөспірімдермен 145 000 қылмыс жасалынады. Оның әрбір бесіншісі тәртіп түзеу колонияларына түседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Статистика бойынша сол жасөспірімдер жасаған істерін мен кінәлімін деп мойындамайды. Кім кінәлі деген сұраққа: қоршаған орта, өмір, ата-анам, қажеттілік деп жауап береді. Сонда кім кінәлі??? Қазіргі жастардың екі түрі бар. Олар (слайд бойынша көрсету.) - Ал сендер өздеріңді осы жастардың қай түріне жатқызасыңдар? Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Сондықтан жасөспірімдер қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жас өспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Әрине бірден жасөспірімдер қылмысқа бармайды. Ол теріс қылықтан басталады, құқық бұзушылықпен жалғасады, қылмыспен аяқталады. • Теріс қылық дегеніміз – бұл құқық бұзушылықтың бастауы, ол үшін ауыр жаза қолданылмайды. Мысалы: • Адамды шошыту • Таныстарыңа қоңырау шалып, сабақ болмайтынын айту • Терезе шағу • Үстел мен орындықтарды сындыру • Кішкентайлардан ақша тартып алу • Қоршаған ортаға зиян келтіру • Жан-жануарларға аяусыздық көрсету Бостандық пен жауакершілік, құқық пен міндет ажырмасыз ұғымдар. Жауапкершіліктің 4 түрі бар: - Әкімшілік жауапкершілік - Тәртіптік жауапкершілік - Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Қылмыстық жауапкершілік «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, егер теріс қылық десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер. 1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады. 2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр. 3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді. 4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті. 5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды. 6. Колледж студенттері жүзім ұрлады. 7. Топтағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Студенттер түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады). Күнделікті көрініс: Әрбір топқа түрлі жағдайлар таратылады. Таратылған жағдайларды 2 минуттың ішінде дайындалып, ойнап шығып көрсету, шешімін табу. №1 жағдай Берік досының туылған күніне келді, көңілді, көпшілік жиналды, бейтаныс жастар да көп екен. Жігіттердің біреуі Берікке келіп насывай ұсынды. Кейн насывайға тез үйрениіп кетті. Арада өткен соң Берік одан да күшті әсер алатын нашаның да дәмін татқысы келді. 2 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз. №2 жағдай Жасөспірімдер арасында қыздарға деген қызығушылық арта түседі. Дөреке қылықтар көрсетіп, құшақтарына басқысы келеді. 2 минуттың ішінде бойжеткен не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз. №3 жағдай Бірінші күрс топ студенттері, топтың туған күнің атап өтеміз деп кеш ұйымдастырғысы келеді. Ол кеште спирттік ішімдіктерді алу мақсат етеді. 2 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз. № 4 жағдай Жоғарғы күр студенттерінің төменгі топ студенттерінен ұялы телефон, ақша талап етіп қыспаққа алады. 2 минуттың ішінде оның не істеу керек екенін шешіңіз. Сахналанған түрде осындай жағдайдағы ең тиімді деген шешімді ойластырып сахналап шығыңыз. Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Сөз заң қызметкерлеріне және колледж психологына беріледі. Қорытынды сөз: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Дегенмен де әрбір адам өз өмірінің режисері, сценаристі дегенді ешқашан ұмытпайық. Рахмет. | |
Просмотров: 1511 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|