Қазақстан тарихы пәні бойынша әдістемелік әзірлеме
Тақырып: «Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы»
Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі», 1 курс
Оқу пәні: «Қазақстан тарихы»
Сабақтың түрі: теориялық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.
Академиялық сабақтың уақыты: 80 минут
Сабақты өткізу әдістері: топпен жұмыс, теориялық иллюстративті, интерактивті.
Студенттермен жұмыс жасау түрлері: өздігінен жұмыс жасау түрлері
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, интерактивті тақта, инструктивті карталар, үлестірме карточкалар, оқу карталар, плакаттар.
Мақсаты:
Білімділік:
Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің құрылымы туралы студенттердің білімдерін арттыру.
Дамутышылық:
Еріктілікті дамыту, қабілеттік пен белсенділік, танымдық қиыншылықтықты жеңуге тырысу. Студенттердің оқу процесі арқылы машықтану, іздену қабілетін арттыру және дамыту.
Тәрбиелік:
Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу.
Пәнішілік байланыс: «Қазақстан аумағындағы мемлекеттер», «Қазақ хандары хронологиясы».
Пәнаралық байланыс : «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Қазақ әдебиеті»
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин;
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау – 10 мин;
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин;
ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау - 30 мин
VІ. Сабақты қорытындылау – 5 мин;
VІI. Үйге тапсырма – 2 мин
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу, олардың қатысуын, жұмыс кабинеттің дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
№ Сұрақтар Жауабы
1. «Қазақ» сөзі қандай мағына білдіреді? «еркін», «кезбе», «нағыз сақ – қас сақ»
2. Қазақ хандығы қашан құрылды? Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп кетті? 1465-1466жж. көшпелі Өзбек хандығынан (Әбілхайыр хандығы).
3. Қазақ хандығының алғашқы мекені Шу мен Қозыбас ауданы
4. Керей мен Жәнібекті қай хан құшақ жая қарсы алды? Моғолстан ханы Есенбұға
5. Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлініп кету себебі неде? Орда-Ежен ұлысынан шыққан сұлтандарға қысым көрсетуінде болды.
6. Ең алғашқы қазақ хандығын тарихы туралы дерек қалай аталады? «Тарих-и-Рашиди» деп аталады
7. «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің авторы кім? Мухаммед Хайдар Дулати
8. Моғолстан ханы Есенбұғаның негізі мақсаты не болды? Өзінің Әбілхайыр хандығымен шекарасын нығайту.
9. Қазақ хандығы мен Шайбанитер арасындағы негізгі шайқастар себебі? Сыр бойындағы қалалар үшін.
10. Қазақ хандығы қашан Ресей империясының құрамына енді? 1731 жылы кіші жүз ханы Әбілқайырдың басшылығымен.
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақ хандығының қалыптасу тарихы. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың«Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы негіз болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен.) Қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып,қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати«Тарих-и-Рашиди»атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанныңбатыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».
1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққааттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде Аққыстау деген жерде қаза тапты. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар1470 жылы осы күресте қаза тапты. XY- ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірініңбірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайдакеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды
Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. Сыр бойы қалалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжіболса Сауранды иемденді.Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді. Екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйене отырып, Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың біріккен әскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде, Созақ пен Сығанақ аралығында, Мұхаммед Шайбанидың әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. Одан кейін де сыр бойындағы қалалар бірде қазақ хандарына бірде Мұхамед Шайбаниға ауысып тұрған кезеңдер болды.
Қазақ хандарының билігінің нығаюы Шайбани ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлегімен Мауереннахрға ығысуға мәжбүр етті. Мұхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауереннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Бұрын Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығында қолданылған «өзбек-қазақ» деген жалпы атау бір-бірінен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылды.
ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау
Студенттердің өздік жұмысы:
1. Интерактивті тақта және слайдтармен жұмыс.
«Хандар» тобы – Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен
салыстырады
«Батырлар» тобы – Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен
салыстырады
«Билер» тобы – Қазақ хандығының аумағын ҚР
территориясымен салыстырады
2. Топтар тақырып бойынша екі сұрақтан дайындап, бір-біріне қояды.
3. «Қазақ хандығының құрылуы» туралы деректі фильм.
4. Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беру.
ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау
«Қазақ хандығының құрылуы» туралы деректі фильм.
V. Сабақты қорытындылау
1.Сабақ өз мақсатына жетті.
2.Студенттер мен оқытушының арасында түсіністікпен байланыс болды.
3.Студенттер сабаққа белсенді қатысты.
4.Студенттердің білімі комментарий беру арқылы бағаланды.
VI. Үйге тапсырма
Қазақ хандығының құрылу тақырыбына байланысты интернеттен қосымша материалдарды жинап қарау.
Әдебиеттер:
1. Боранбекова: Б.А. Орта ғасырлар тарихы (V ғасырдың екінші жартысы)
А,: Фолиант 2013
1. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарына аранлған оқулық.
А,: Фолиант 2013
2. Төлеубаев Ә., Қасымбаев. Ж., Қойгельдиев. Қазақстан тарихы. А : 2014
3. Тұрлығұл.Т.Т. Қазақстан тарихы. 11 сынып А. «Мектеп»
|