Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Қазақстандағы жемқорлықтың өткені мен болашағы
Қазақстандағы жемқорлықтың өткені мен болашағы

Бекенова А.М
№ 21 ЖОМ 11 «А» сынып оқушысы, Павлодар қаласы.
Есмакаева Г.Б
Ғылыми жетекші, тарих және география пәні мұғалімі.

Біздің елімізде жемқорлықтың деңгейі жоғары екендігі құпия емес, әркім оны біледі. Қазақстан жас ел болғанына қарамастан, тез дамып келе жатыр. Елбасымыздың мықты саясатының арқасында көптеген таңғаларлық нәтижелерге жеттік. Алайда, мемлекетіміз қалай тез дамыса да, солай оның дамуына бөгет жасайтын кедергілер пайда болмауына ешкім кепіл емес. Солардың бірі елімізде кең таралған сыбайлас жемқорлық мәселесі, басқаша айтқанда "коррупция". Ал мемлекеттік деңгейде жасалған жемқорлық тек бір-екі адамның емес, мыңдаған, миллиондаған адамның терімен табылған ақшасын, байлығын біреудің қалтасына әділсіз жолмен түсіреді. Осы жағдайда мемлекеттік қазынадан әр азамат төлеген салық ұрланады, халқымыздың әлеуметтік жағдайы төмендейді. Мысалы, бір компания зауыт салып құрғысы келеді делік. Бірақ өз мақсат үшін лайықты жер табалмапты. Қала әкімшілігінен көмек сұраса, әкім компанияға жағымсыз жерлерді ұсынайды. Нәтижесінде компанияның бастығы әкіммен келісіп, пара арқылы ауруханаға арналған жерді компанияға бере салады. Сонан соң аурухана да басқа жерінде салынды, зауыт та лайықты жер тапты. Алайда осыдан әкім ғана өз пайдасын тапты, өйткені осындай нәтижеге заңды жолмен келсек, зауыт бастығы төлеген пара мемлекеттік қазынаға табыс әкелуші еді[3,1б].

Осылайша, жемқорлық Қазақстанның әр деңгейде келісілген жүйеде істейді. Егер де біз, нағыз Қазақстан азаматтары, дамыған өркениетте өмір сүреміз деп үміттенсек, жемқорлықты тамыр жоюына бөгет болу үшін қолығымызға келетін барлығын істеуіміз керек. Менің ойымша, әр адам өзінен бастау керек. Әркім өзіне жемқорлыққа жол бермеуге уәде беру керек. Егер пара берудің куәгері болып шықса жемқорлыққа қарсы арнайы ұйымдарға мәлімет берудің маңызы зор. Осылай адам өзін өзгертсе, ол әрдайым қоршаған адамдарға жағымды әсер етіп, отбасына және достарына үлгі болып дұрыс жолға түседі. Кейін бұл пульсация әсерімен қаланы, қаладан соң аймақты және нәтижесінде мемлекетті өзгертеді.

Қазақстандағы әртүрлі жылдар бойы жемқорлық бойынша өзгерген күрделі динамикасы:

Жыл Мемлекетттер бойынша орны Балл(0-10)
1999 88 2,3
2000 65 3
2001 71 2,7
2002 88 2,3
2003 100 2,4
2004 122 2,2
2005 107 2,6
2006 111 2,6
2007 150 2,1
2012 133 2,8
2013 126 2,6
2014 126 2,9
2015 123 2,8
2016 126 2,9

Осы кестеде 1999 жылдан бастап 2016 жылға дейін мемлекеттер арасындағы Қазақстандағы жемқорлықтың алған орны мен баллы зерттеліп жазылған.
0-ден бастап 10 баллға дейін өлшенеді. «0» ол жемқорлықтың ең жоғарғы белгісі , ал «10» ол мемлекетте жемқорлық жоқ екені туралы айтады.
Қазақстанда 1999 жылдан бастап жемқорлық санала бастады. 2,3 баллмен 99 мемлекет арасында 88 орын алды.
2000 жылы максималды 3 балл алып 90 мемлекет арасында 65 орын алды.
2001 жылы -71,2002 жылы-88,2003 жылы-100,2004 жылы-122,2005 жылы-107, 2006 жылы-111 орынға түсті.Ал 2007 жылы ең томенгі көртекіш берді. 179 мемлекеттер ішінен 150 орында болып, 2,1 балл алды.

Орны Облыстар,қалалар Пайызы
1 Оңтүстік Қазақстан 4,74
2 Жамбыл 4,25
3 Қызылорда 4
4 Батыс Қазақстан 3,94
5 Алматы қ. 3,56
6 Ақтөбе 3,48
7 Астана 3,43
8 Павлодар 3,35
9 Қостанай 3,06
10 Қарағанды 3,02
11 Шығыс Қазақстан 2,67
12 Ақмола 2,58
13 Маңғыстау 2,06
14 Алматы обл 2
15 Солтүстік Қазақстан 2
16 Атырау 1,18

Менің ойымша, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ұсақ жекемпеншік сауда-саттықпен айналысқандықтан, бұл облыста қылмыс пен жемқорлық көп орын алады. Сауда жүрген жерде қылмыс та қатар жүреді.
Атырау облысында ірі мемлекеттік сауда-саттықпен айналысқандықтан, қылмыс пен жемқорлыққа аса көп жол берілмейд [6,3б].
Жемқорлықтың өткені мен болашағы.
Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған. [1,1б]
Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран иен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. [1,1б]
Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды [1,3б].
Қазіргі уақытта ең танымал болып Сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында елеулі жетістіктерге жету үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді, бірінші кезекте, шенеуіктердің жалақыларының елеулі көтерілуі және олардың іс-әрекеттерен регламенттеу, экономиканы орталықсыздандыру және бюрократиялық рәсімді жеңілдету. Орталық буын болып азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге шағымдармен жүгіне алатын болды және шығынның орнын толтыруды талап ете алатын сыбайлас жемқорлықты тергеу бойынша дербес Бюросы. Сонымен бірге заңдар қатаң болды және соттық жүйе тәуелсіздігі жоғарылады (соттардың жоғарғы жалақысы мен артықшылықтанған мәртебесімен). Бар – жоғы бірнеше жылдан соң осы іс-шаралар кешені сыбайлас жемқорлық деңгейінің жылдам төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта Сингапур әлемнің аз сыбайласқан мемлекеттерінің бірінші ондығының ішіндегі құрметті орынды алады [1,6 б].
КСРО кезінде жемқорлық жасаған адамды қатал жазалады. Сталинның билік құрған уақытында жемқорлық жасаған адамның денесіне шоқ басқан. Тек жемқорлық жасаған адамды ғана емес оның отбасында жазаға тартқан. 50 жылдардың басында КСРО жемқорлыққа қарсы күрес үлкен жетістікке жетті,себебі халық бұл жазалаудан қатты қорқты. Көптеген мәліметтерге сүйенсек Сталин жемқорлықты толықтай жоя алды деп айтуға болады. [3,5 б]
1953 жылы Н.С.Хрущевтің таққа отырған кезінде ресми түрде жалақының өте жоғары көтерілуіне байланысты жемқорлықта қайта орын ала бастады.1966 жылы Брежневтің басқарған кезінде жемқорлық кең таралып тамыр жайған еді [3,6 б].
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданып заңдық күшіне енді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014-2015 жылдардың және 2016 жылдың бірінші тоқсанының қаржысын тексеру нәтижесінде 116 миллиард теңгені құраған заң бұзушылық фактілері анықталған. Бюджеттік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды бұзғаны үшін 1040 лауазымдық тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылыпты. 386 білім жүйесінің қызметкері жемқорлық қылмыстары үшін сотталған [6,1б].
2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қамтамасыз етуге бағдарланған, ол мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады [6,2б].
Стратегия іс біткен соң әрекет етуден сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, ескертуге, оны жасаудың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға өтуді көздейді.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген. Стратегияның негізгі бағыттары: мемлекеттік қызмет саласындағы, квазимемлекеттік және жеке секторлардағы, соттардағы және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Оны әзірлеу кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылда елеулі табыстарға қол жеткізген елдердің тәжірибелері зерделенді [7,4б].
Мемлекеттік қызметке іріктеу және мансаптық жоғарылау кезінде біліміне және жұмыс өтіліне қойылатын талаптармен қатар, маңызды талаптар – қызметшілердің атқарып отырған лауазымдары бойынша нақты міндеттерін тиімді атқаруға қажетті құзыреттерінің болуы. Мұндай тәсіл Қазақстанда бірінші рет қолданылатын болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі де елеу­лі өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі жұмыс нәти­жесіндегі жетістіктеріне сай еңбекақы өсімі есебінен қамтамасыз етілетін бо­лады. Бұл Парламент қабылдаған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда көрсетілген. Демек, бұл қабылдап жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың кадр құрамын кәсібилендіруге, сондай-ақ, өзара бәсекелестік пен өз құзыреттерін дұрыс пайдалануға ынталандыра түседі [8,2б].
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сай мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтердің бизнес пен халық қамы үшін бағытталуын қамтамасыз етеді, қызмет көрсету стандарттары бекітіледі. Бұл үшін қазіргі уақытта мемлекет көрсететін қызметтердің электронды форматына ауысуы бойынша белсенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде (2015 жылы электронды үкіметті дамытудың әлемдік рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан 28-орынды иеленді). Бұған қоса, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жүргізіліп, халық пен бизнестің қанағаттанушылық деңгейі қадағаланады [8,3б].
Қорытынды: Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы кешенді амал-тәсілдерге кадрлық сая­сат, қызметкерлердің әдептілігі пен уәж­­демесін жоғарылату, қоғамда сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру, жұртшылықпен өзара әрекет­тесуде кәсіпкерлік үдерістерді жетілдіру сияқты түйіндер кіреді. Осылайша мем­лекеттік аппарат, халық және бизнестің өзара байланысқан салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға бағытталған шаралар да жүзеге асырылуда. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелерін белгілейтін жаңа мемлекеттік қызмет көрсе­ту стандарттары мен регламенттері де әзірленуде.
Жаңа заңнамалық актілердің барлығы озық әлемдік үрдістерді ескере отырып құрастырылған және бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңіне өтуге септігін тигізеді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту – агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Заң үстемділігі мен демократиялық инс­титуттарды нығайту арқылы жүзеге асырылған өзара әрекеттесудің осындай деңгейі Қазақстанның мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қоғам арасында тікелей диалог құруға ықпал етеді.

Пайдаланған әдебиет:
1.https://www.egemen.kz/2015/10/31/4771
2.http://anticorruption.gov.kz/
3.http://e-history.kz/kz/publications/view/2458
4.Коррупция и антикоррупционная политика: Словарь-справочник / Под ред. П.А. Кабанова. М., 2008.
5.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
6.http://zanmedia.kz/2016/04/28/aza-standa-y-sybajlas-zhem-orly-a/
7.http://kazorta.org/aza-standa-y-zhem-orly-turaly-bayandama/
8.http://www.karlib.kz/index.php/kz/resurstar/ta-yrypty-tizimder/676-aza-standa-y-zhem-orly-a-arsy-sayasat
Категория: История | Добавил: gulmiraesmakaeva (2019-02-28) | Автор: Есмакаева Гульмира Болатовна E W
Просмотров: 360 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 12:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru