Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

«КСРО құдіреті-Қазақ қасіреті!!!»
Өскемен қаласы, "Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі" КММ
Камбасова Молдир Муратбеккызы
Мақсаты: 2019 жылы қазақ халқының тарихындағы атаулы даталардың қатарына жататын Семей полигонындағы сынақтардың басталғанына 70 жыл, Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің енгізілгеніне 40 жыл толуына орай, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерінің қатарына жататын осы оқиғалардың барысын сараптау, нәтижесін талдау арқылы ел тарихына құрметпен қарау, өз елін шексіз сүюге баулу. «Жастар жылының» маңызы мен мақсатын анықтай отырып, Қазақстанның болашағы өз қолдарында екенін айшықтап көрсету.
Түрі: Пікірталас
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер, бейне фильмдер, мультимедиалық проектор.
Ұйымдастыру кезеңі: Бұл кезеңде дөңгелек үстелдің тақырыбы, мақсаты, барысы таныстырылады.
Кіріспе бөлім:
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі дөңгелек үстел тарих пәнінің апталығына орай 11 «А» сынып оқушылары үшін ұйымдастырылып отыр. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «КСРО құдіреті-Қазақ қасіреті!!!». Биылғы жылы Семей атом ядролық полигонында жарылыстардың басталғанына 70 жыл, Ауған соғысына 40 жыл, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 30 жыл толуына орай мемлекеттік көлемінде шаралар ұйымдастырылып басталғаны белгілі. Себебі, аталып отырған екі оқиға да қазақ ұлтының тағдырында өзінің өшпес таңбасын қалтырып отыр. Бұл оқиғалардың басталуына әсер еткен факторлар мен салдары туралы бүгінгі дөңгелек үстел барысында біраз ойлар түйіндейміз деп ойлаймын.
1. Қызығушылығын ояту: «Ой қозғау» - әдісін пайдалана отырып, тақырыпқа бағыт – бағдар беру. «Семей полигоны» және «Ауған соғысы» бейнефильмдері бойынша жұмыс. Оқушылардың бейнематериалдан көрген тақырыпқа байланысты айтылған ойларын тыңдау. Мысалы:
- Бейнефильмдерде көрсетілген ақпарат бойынша не айта аласыңдар?
- Бұл оқиғаларды қазақ ұлтының қасіреті деп атауымызға негіз бар ма? Қалай ойлайсыңдар?
2. Мағынаны ажырату: «6 неге?» әдісі
- Неге КСРО атом полигонын жасауға, оны сынауға сонша мүдделі болды?
- Неге атом сынақтары үшін қазақ жері, нақты айтқанда Семей аумағы таңдалып алынды?
- Неге Семей полигонының зардаптарын жою Қазақстан үшін әлі өзекті болып отыр?
- Неге КСРО Ауған жеріне әскерін енгізді?
- Неге Ауған соғысын «мағынасыз соғыс (бессмысленная война)» деп атайды?
- Неге Ауған соғысындағы адам шығындары туралы билік басындағылар КСРО халқын бейхабар ұстады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар дәлел келтіре отырып, негізгі себептерін түсіндіреді, қосымша деректерді пайдалана отырып маңызды мәліметтерді сипаттайды.
3. Ой-толғаныс: «Ашық микрофон» әдісі:
Биылғы, 2019 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Жастар жылы» болып аталды? Осыны негізге ала отырып (дөңгелек үстел тақырыбымен байланыстыра отырып),
«Қазақстанның жарқын болашағы үшін мен не істей аламын?» - оқушылар арасында ой-толғаныстарын ортаға салу.
Қорытынды: Міне, бүгінгі тақырыбымыз КСРО құрамында болған кезеңдегі қазақ елінің қаралы тарихи беттеріне арналды. Келешек ұрпақ өткен тарихтан сабақ ала отырып, жарқын болашаққа қадам басар, қазіргі таңда атқарылып жатқан игі істерді жалғастырулары қажет!!!
Категория: История | Добавил: molli (2019-05-04) | Автор: Камбасова Молдир Муратбеккызы E
Просмотров: 358 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 1:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru