Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Қазақстан Республикасы.
Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы
Үлкен Владимировка орта
мектебінің тарих пәні мұғалімі
Молдабекова Асел Орынбасаровна
Сынып: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы.
(қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты:
 Өтілген тақырыпты қайталап, бекіту;
 Оқушыларға аймақтық компонентті қолдана отырып, туған өлкеміз Бесқарағайдың тарихымен таныстыру;
 Өлкетану тарихын пайдалана отырып оқушылардың бойында өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін дамытып, патриоттық сезімге, елін, халқын сүюге тәрбиелеу.
 Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ ( Бесқарағай жеріне саяхат)
Көрнекіліктері: «Менің Отаным-Қазақстан», «Астана»,«Бесқарағай тарихы» тақырыптарына слайдтық фильмдер, интерактивті тақта, фишкалар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды, келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Сабағымызға облысымыздың түкпір-түкпірінен қонақтар келіп отыр. Олар, сендердің күш-жігерлеріңді, білімдерінді, еңбекқорлықтарынды бағаламақшы. Ендеше, бір-бірімізге бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне тілек білдіріп, көңіл-күйімізді көтерейікші. Ол үшін, жанымызда отырғанның қолынан ұстап, жыл бойы тойланып келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, сәттілік тілейікші. РАХМЕТ!
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. № 1-2 слайд
Сабағымыздың эпиграфы: «Туған жерің-тұғырың»
Балалар, менің білуімше ізденпаз балаларсыңдар. Сондықтан, бүгін біз сендермен Отанымыз Қазақстан Республикасына саяхат жасаймыз. Саяхатты бастамас бұрын, атымыздың басын тірейтін аялдамаларымызды анықтап алайық. Ендеше, экранға назар аударыңдар:
№ 4 слайд.
Оқушыларға сұрақ:
-Балалар, сендер өткен сабақта Отанымыз - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихымен таныс болдыңдар. Енді, өзіміздің туып-өскен жеріміз Бесқарағайдың тарихымыен танысқыларың келе ме?
Ол үшін сендер, бүгінгі саяхат-сабағымызда, әр аялдамадан сүрінбей өтулерін керек, сонда ғана, біз сендермен өзіміздің Бесқарағайға жетіп, ауданымыздың тарихымен таныса аламыз. Түсінікті ме, балалар?
Ендеше, жол болсын!
Бірінші аялдама – «Қазақстан» деп аталады. Назар салыңдар, әр аялдамада сендерді сыйақы күтіп тұр. Ол сыйақыны алу үшін, сендер белгілі бір сұрақтарға жауап берулерің керек. Дұрыс жауап берген балаларға Бесқарағай ауданының Елтаңбасы бейнеленген фишка беріп отырамын. Сендер, ең соңында өзіміздің ауданымызға жету үшін, Қазақстан Республикасын Тәуелсізідігінің 20 жылдық мерейтойына орай 20 фишка жинауларын керек.
Іске сәт!
Бірінші аялдамамыздың тапсырмасы: Алдарында аялдамаға байланысты «Қазақстан» деген сөз тұр. Сендер қазір осы сөзге байланысты, қатысты деп ойлайтын сөздерді жазуларың керек. Қане, кім жазады? (оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасайды)
Өте жақсы, балалар! Сендер алғашқы аялдамадан сәтті өттіңдер, Ендеше сендерді сыйақы күтіп тұр. Ол үшін экранға назар аударайық.
«Қазақстан Республикасы» атты тақырыптық слайдтық фильм.
Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Келесі аялдамамыз «Астана» деп аталады. Бұл өткелден сәтті өту үшін сендер сөзжұмбақты шешулерің керек. Сөзжұмбақты дұрыс шешетін болсаңдар, белгіленген жерден ауданымыздың, ауылымыздың аты шығады. Ендеше сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының рәмізі? (Елтаңба)
2. Біздің Отанымыз солтүстігінді қай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)
3. Қазақстанның жүрегі? (Астана)
4. Астана қаласы қай облыста орналасқан? (Ақмола)
5. Бейбітшілік пен келісім сарайы? (Пирамида)
6. Қазақстан республикасының жоғарғы басшысы? (Президент)
7. Мемлекеттік Әнұранның музыкасын жазған? (Қалдаяқов)
8. Біз сендермен Қазақстанның қай өңірінде тұрамыз? (Шығыс)
9. Қазақстанның оңтүстік астанасы болып есептелетін қала? (Алматы)
10. Астананың жүрегі? (Бәйтерек)
(Оқушылар сөзжұмбақты тақтаға орындайды, жауаптардың суреттері слайд арқылы көрсетіліп отырады)
Сөзжұмбақты тамаша шешкендерін үшін сендерге сыйақы беріледі. Ендеше, экранға назар аударайық.
«Астана» атты тақырыптық слайдтық фильм.
Міне балалар,барлығы 20 фишканы жинап, өзіміздің ауданымызға, үйімізге де келіп жеттік.Соңғы аялдайтын жеріміз-Бесқарағай. № 21 слайд. Бүгінгі біздің саяхатымыздың басты мақсаты, сендерді туған жеріміз, кіші отанымыз Бесқарағайдың тарихымен таңыстыру. Мұқият тыңдап алайық.
№ 22-27 слайдтарды көрсете отырып, аудан тарихын әңгімелеу.
Жалпы, тарихи құжаттарға үңіле отырып, Бесқарағай ауданы 1928 жылы құрылғанына көз жеткіземіз. Ауданның атауы жердің түріне байланысты аталған. Ауданның жері қарағайлы орманмен қоршалған. Барлығы бес қарағайлы орман белдеулері бар. «Бесқарағай» сөзінің шығуы осыған байланысты. Ауданымыз көрші Павлодар облысының құрамында құрылған. 1959 жылы Семей облысына берілді. 1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Бесқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. Орталығы – Бесқарағай ауылы. Аудан әкімі Байғонусов Қалихан Байғозыұлы. Ауылымыз халық арасында «Борас» деп аталады. Оның айтылуы тарихтың терең қойнауында жатыр. Ертеректе, нақты айтатын болсақ, ХVІІ ғасырда осы жерде Бораш деген бай өмір сүріпті. Соған байланысты «Борас» деп аталуы осыдан. Кейіннен, ауылымыз Үлкен Владимировка деп аталды. Оның аталу себебі, 1867-68 жылдардағы Ресейдегі жер реформасынан кейін, орыс ұлт өкілдері көрші мемлекет, Қазақстанға коңыс аудара бастаған. Сол кезде осы жерге ағайынды шонжарлар Владимирлер көшіп келеді. Үлкен ағасы біздің ауылымыздың жерінде, кіші інісі Владимир қазіргі Кіші Владимировка ауылына қоңыстанады. Ауылдардың бүгінгі күнге дейін аталуы да осыдан. 2008 жылдан бастап ауылымыз «Бесқарағай» деп өзгертілді. Ауданымыздың басты байлығы – оның халқы болып табылады. Бүгінгі күнде 24 мыңннан астам халқы бар ауданымызда 25 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ауданымыздан Ұлы Отан соғысының батырлары: Иван Корнев, Сергей Елистратов, Махмет Қайырбаев, Александар Белоусов, сонымен қатар, аты аңызға айналған Нұрлыбек Баймұратов, ауған соғысының ардагері, жауынгер-батыр Калел Калтаев т.б. көптеген атақты адамдар шыққан. Бұл адамдар туралы күнтібелік жоспарға сәйкес келесі сабақтарымызда кеңінен тоқталамыз. Бүгінгі күнде ауданымыз 10 ауылдық округке бөлінген.
- Балалар, біз сендермен қай округте тұрамыз?
- Ал, ауданымыздың ірі ауылдарын білесіңдер ме? Қане, атап беріңдерші. (Дәптерлерімізге жазып алайықшы)
Өте жақсы! Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын «Туған жерің-тұғырың» деп бекер алған жоқпын. Осы ауданымыздың, мемлекетіміздің тарихын жалғастыру, мелекетімізді одан әрі дамыту, Сендердің қолдарыңда. Сол үшін сендер білім алып, еліміздің көркейуіне өз үлестеріңді қосуларын керек. Еліміздің, туған өлкеміздің нағыз патриот азаматы, «Туған жерлеріңнің тұғыры» болуларын қажет. Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өтіп отырғандықтан, өткен сабақта сендерге шығармашылық тапсырмалар, яғни, «Отан», «Қазақстан» тақырыптарына 4 жолдық өлең құрастыру және осы тақырыптарға суреттер салу берілген болатын. - Қане, кім жауап береді?
(Оқушылар өздерінің тақпақтарын, суреттерін таңыстырады)
Өте жақсы, балалар!
- Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Бүгінгі біз сендермен алдымызға қойған сабақтың мақсатына жеттік деп ойлаймын. Сабаққа белсенділікпен қатысқандарға зор алғысымды білдіремін. Келесі сабаққа «Менің туған ауылым» деген тақырыпқа қысқаша эссе шығарма жазып келіңдер. Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!
Категория: История | Добавил: Ася (2012-01-06) | Автор: Асел E
Просмотров: 2237 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru