Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Төлеуқоңыр Алмас Жеңісбекұлы № 8 мектеп-кешенінің тарих пәнінің мұғалімі Семей қаласы Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық бірлестіктер. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылыу себептері мен қызметтеріне сипаттама бере отырып,қоғамдық маңызын ашып көрсету.Плюрализм ұғымын түсіндіру. б) дамытушылық:Оқушылырдың өздерінің саяси құқықтары мен бостандықтарын өмірде дұрыс пайдалана білуге, өз ойларын еркін айта білуге,қорғай алуға үйретуді жалғастыру. в) тәрбиелік: Плюрализмге,саяси белсенділікке,жауапкершілік пен іскерлікке баулу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың түрі: Іскер сабақ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу,баяндау,ой-бөлісу,пікірталас,топпен жұмыс. Пәнаралық байланыс:Тарих,география,биология. Негізгі ұғымдар мен терминдер - Плюрализм – саяси пікір алуандығы,саяси пікір еркіндігі. Партия – белгілі бір әлеуметтік топтың,таптық,ұлттық мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді және ұйымдасқан бөлігі. Қоғамдық ұйымдар - түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің ортақ мүдделеріне қарай бірігіуінің формалары мен түрлері. Коалиция – мемлекеттердің,саяси партиялардың өзге қоғамдық бірлестіктердің бәріне ортақ саяси,әскери,экономикалық мақсаттарды көздей отырып бірігуі. Көрнекілік құралдар: Интерактивті тақта, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңы. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар туралы» заңы.Кестелер. Қанатты сөз: «Демократия жағдайында бір сайлаушының хабарсыздығы қалған барлық сайлаушыға өзінің кесірін тигізуі мүмкін» Дж Кеннеди. Сабақтың құрылымы : 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын сұрау 3. Үй жұмысын пікірталас арқылы жинақтау 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру 5. Кестелермен жұмыс 6. Ой бөлісу,пікір алмасу 7. Қортындылау Сабақтың мазмұны: 1)Сәлеметсіңдерме балалар ! Бүгін бізде ашық сабақ.Сабағымыздың тақырыбы: «Қоғамдық бірлестіктер». Жаңа сабақты бастамас бұрын, үй тапсырмасын қайталап өтейік,яғни Сайлау,оның түрлері; үрдісі туралы.Сайлаудың үш түрі бар екендігін бәріміз білеміз,сондықтанда біз топқа бөлініп,дайындалып келдік. 2) а) І топ – пропорционалдық сайлау туралы ІІ топ – мажоритарлық сайлау туралы ІІІ топ – абсолюттік көпшілік дауыс беру туралы б) І топ – Сайлаудағы шектеуші шарттар.Легитимация ІІ топ – Сайлаудағы үгіт.Қатысу шарттары ІІІ топ – Сайлауды қаржыландыру.Дауысты санау в) ҚР – сайлау туралы хабарлама жасау 3) Ой бөлісу: а)Кандидат бойында қандай қасиеттер болуы керек ? б) Мүмкін сайлау емес,тағайындау дұрыс шығар. в) Неге сайлауды – демократия негізі деп атайды ? кішіпейіл әділетті білімді Кандидат бойында қандай ұлтжанды қасиеттер болуы керек шыншыл еңбексүйгіш патриот оратор ( шешен) б) Сайлаудың Жетістіктері Кемшіліктері Тағайындалудың Жетістіктері Кемшіліктері Мұғалім оқушылар ойын жинақтап,қортындылап,жаңа сабаққа көшеді. 4) Бүгін біздің жаңа тақырыбымыз: «Қоғамдық бірлестіктер» деп аталады.Қоғамдық бірлестіктер деген сөз бізге таныс.Біз бұл сөзді тарих,география сабақтарында да жиі кездестіреміз.Сондықтанда Қоғамдық бірлестіктер дегенде ойларыңа не келеді. Ой шабуылы а) партия қозғалыс Қоғамдық бірлестіктер ұйым ағымдар,топтар Мұғалім оқушылардың ойын жинақтап,қоғамдық бірлестіктерге анықтама жасап,шағын шолу жасайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 5 бабы мен 23 бабынан үзінді келтіреді.(Оқушылар хрестоматиядан қарайды) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер» туралы заңы б) Қоғамдық бірлестіктер Саяси партиялар Қоғамдық ұйымдар Ең алдымен партияларға тоқталамыз. Партия дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік топтың,таптың, ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді және ұйымдасқан бөлігі. Балалар Қазақстан Республикасында қандай саяси партияларды білесіңдер ? 1. «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясы 2. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 3. Қазақстан Коммунистік халық партиясы 4. Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы 5. Қазақстан Патриоттары партиясы 6. Қазақстан социал – демократиялық «Ауыл партиясы 7. «Әділет» демократиялық партиясы 8. «Руханият» партиясы Бұл партиялардың қайсысы бізге жақсы танымал? (Нұр Отан) в) Ал енді балалар оқулықтың 115 бетіне көңіл бөлейік,партияны өзге қоғамдық бірлестіктерден қандай айырмашылықтары бар екен.(бір оқушыға оқыту) Саяси партиялардың жіктелуі Авангардтық Парламентттік Партия Билеуші партия Оппозициялық партия комитет одақ г) Қоғамдық ұйым ұйымдар қозғалыс ассоциация Қоғамдық ұйымдар қызметі халықтық азаматтық бұқаралық Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тоқталу. 5) Ой бөлісу: Балалар егер мүмкін болса қандай ұйым мүшесі болар едіңдер және өздерің қандай қоғамдық бірлестіктер құрар едіңдер. Қорытынды – жинақтау.Оқушыларды бағалау Үй тапсырмасы: §28 Келесі жолы бұл сабақты жалғастырамыз.Қосымша үш топқа,үш тапсырма. І топ «Нұр Отан» партиясы туралы хабарлама жасау. ІІ топ Үкіметтік емес ұйымдар туралы хабарлама жасау. ІІІ топ Балалар мәселесімен айналысатын ұйымдар туралы хабарлама жазып келу. (Бөбек,Сәулетай т.б) . | |
Просмотров: 4116 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|