Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Ақпаратты технология
Айнұр Мұхамадияқызы Мұхамадиянова.
1.Білім беру жүйесіндегі ақпаратты технологиялар
2.№ 3 қазақ мектеп гимназиясы, тарих пәні мұғалімі.
Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту – заман талабы. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның тиімділігі – келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасауында. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Ақпараттық технология уақытпен жарысып, қарқынды дамуымен қатар, адамзат үшін күнделікті қажеттілікке де айналып отыр.
Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.
Адамзат дамуының қазіргі деңгейі идеяны үлкен байлыққа, ал білім мен ақпаратты мықты қаруға айналдырғанын көріп отырмыз. «Білекті бірді жықса, білімді мыңды жығар», «білімдінің алды – жарық, білімсіздің алды – көң шарық» деген еді қазақ атамыз. Осы сөздің шынайы іске асуының нағыз заманы енді келді ғой деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі заманғы технологиялар оларды игере алған адамдардың қолын бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұзарта түсті. Сөйтіп білім мен ғылым және оларды туындатқан технологиялар әлемдік дамудың және әлемдік экономикалық қатынастарға зардапсыз интеграциялаудың негізгі локомотивтеріне айналды.
Біздің елімізде халыққа білім беру ісі «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Сондықтан бұл салада еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері күрделі реформалық шаралар үздіксіз жүргізіліп келеді. Ал ол реформалардың жалпы мақсаты – еліміздің білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу болып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізудің оңай болмайтындығы байқалады. Ол ұзақ жылдарды, жүйелі жұмысты, төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі алғышарттарының бірі ретінде маңызды рөл атқаратындығы белгілі бола түсуде.
Біздің елімізде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – білім саласындағы жаңашылдығы және саланың таяу он жылдығы болашағын жүйелі түрде жоспарлағандығы болып табылады. Бағдарлама әлемдегі озық тәжірибелерге сүйене және еліміздің ішкі ерекшеліктері мен мүмкіндігі ескеріле отырылып жасалынған. Сондықтан оны еліміздің даму мақсаттарымен қатар заман талабына жауап бере алады деп ойлаймын. Бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі – электронды оқытуды толығымен меңгеру. Барысында педагог мамандардың біліктілігін көтеру үшін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модулдік жұмыс бағдарламалары жасақталған. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесіне айналып отыр.
Қоғамда ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуына байланысты оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етуде. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта әрі педагог, әрі психолог, әрі оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуң керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогокалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы әсерді қуып кетпей, оқыту бағдарламасының тек сыртқа емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. \
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық формулалар, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, сызбалар, иллюстрациялар, физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғалардың тізімі аспаптардың сипаттамалары және т.б жатқызуға болады. Мұғалім араласпай, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауға электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогоикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритимдік диниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға моделдер құра біледі.
Бағдарламалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардың еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мұндағы мақсат мыналарды көздейді:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуалдық және бағалау бөліктері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру;
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттер қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мақмұнын анықтау:
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қплыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қыз меттерінге енгізуге байланысты қйымдастыру жүйесін жасақтау.
Негізінен, білім беруді ақпараттандыру үрдісі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану үшін үлкен талаптар қояды.
ҚР Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі міндеттерінң бірі – мамандардың осы сала бойынша біліктілігін көтеру және қайта даярлау. Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша әр пәндердегі курс талаптарының мазмұны өзгертіліп, жаңаланды. Оның негізгі мақмұны білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетілдіруге, басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжірибе жүзінде дәлелденгендей, кез келген мұғалім мен білім саласы қызметкерлерінің өз қызметтеріне компьютерді пайдалануы олардың әлемдік ақпараттық кеңістікке енуде ақпараттық мәдениетінің қалыптасатынымен өлшенеді. Сонымен бірге, бұл жағдайда, инновациялық әдістер мен құралдарды оқу үрдісіне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерін игеруде қызығуларын арттырады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану мынадай педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдыған ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану;
- оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдану;
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және моделдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, вертуалды орта және мультимедия-технология) пайдалану арқылы оқу үрдісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Мамандардың біліктілігін көтеру міндеттерін шешуде оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялақ технологияларды пайдаланудың келесі мүмкіндктерін ұсынуға болады.
- Ақпараттық мәдениет элементтерін қалыптастыруда білім мекемелері мамандарының қажеттілігін қанағаттандыру (информатика, ақпараттық және желілік техноллогиялар саласы бойынша жаңа білімдер алу);
- Білім беру жүйесін басқару мамандарын және пән мұғалімдерн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге үйрету;
- Арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалімдердің қызметін бағыттау;
- Облыстағы білім беру мекемелерін ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік бағытына жетекшілік ету;
- Оқу үрдісі мен ғылыми – әдістемелік жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негізінде олардың озық тәжірибелерін тарату.
Білім беру қызметкерлерін қайта даярлау тәжірибелік және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжірибесі, сабақты ақпараттық ортаға бейімдеп жобалау және т.б жұмыстарды қамтиды.
Ақпараттық мәдениетті дамыту қазіргі педагогтің ақпараттық құзырлылығына қойылатын талаптарына сай анықталады.
1. Қазіргі білім беру жүйесінлегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру.
2. Ақпараттық сауаттылық, яғни оқу-әдістемелік, озық тәжірибелерді зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін түрлендіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту, қолданбалы бағдарламалық құралдар мен жаңа бағдаоламалық құралдарды игерту.
3. Өз қызметтеріне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану (жаңа ақпараттық технолонияның мүмкіндіктері туралы білім, коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы, білім беру үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтеріне сәйкес бейімдеп пайдалану).
Оқу үдісінде пайдаланылатын мультимедиялық үйретуші бағдарламаладың, тексеру бағадарламаларының, электрондық оқулықтардың өзкелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалана алатындай деңгейге жеткізуіміз керек. Бұл мәселе – өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасын таба беретіні даусыз.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылыұпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу – тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Дегенмен, осы қажеттілікті шешу.
Білімді оқыту үдерісінде алдыңғы қатарлы ақпараттық қатынастың технологияларын пайдалануға жастарды кеңінен тарту жолымен ақпараттандыру мектеп орындарын, жоғарғы оқу орындарын компьютерлендіру және интернеттендіру, электронды оқулықтар мен оқытудың электрондық – коммуникативтілік әдістерін қолдану, білімдік веп – порталдарды және артықшылықтарын оқытуды дамытуды құру есебімен іске асырылатын болады. Осы бастама еліміздің жас азаматтарының сапалы жаңа деңгейін құруға, кәсіби дайындалған мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осы орайда, интерактивті құралдар оқытушының, студенттің шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашып отыр. Интерактивті құрал ретінде интерактивті тақтаны қолданудың мәні зор. Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті құралдарды сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- Алған білімді жүйелеу;
- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және студенттердің ақпаратты меңгеруін тексеру мақсатында қлдану өте тиімді. Себебі, оқушылардың, студенттердің көпшілігі естігеннің 5 пайызын және көргенінің 20 пайызын ғана есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 пайызға дейін арттырады. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың тиімділігі сол – сабаққа дайындалу барысында оқытушы сабақ мазмұны оқушылар мен студенттер үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсай отырып, нәтижеге бағытталған мақсаттар мен міндеттеріне жете алуында. Оқытушы сабақ материалын Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде береді. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гипер – сілтемелер, графиктер қоса алады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете және өзгерте алады. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады. Сонымен қатар, ақпаратты PDF форматында да сақтап, оқушылар мен студентттерге электронды пошта арқылы арқылы жіберуге болады. Оқытушы алдын – ала дайындалған сабақты оқушылардың, студенттердің білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материл қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы жаңа тақырыпқа қатысты мысалдарды көрсетіп түсіндіреді.
Оқытушы оқушыны не болмаса студентті тақтаға шығарып, оларға жеке тапсырма беріп , қалған оқушылар не студенттер көңіл бөлу үшіні бағыт береді және бақылап отырады. Оқытушы алдыңғы сабақта өтілген материалдарды ашып, өткен сабақтарды қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс – әректтерін есте сақтап келесі сабақта қолдануына болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын- ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі – түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы елтану тағы басқа пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, өтіліп отырған тақырыптарға сай суреттерді алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төрт - бұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – тің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген сурет пен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының немесе студенттің жауабын дұрыс жауаптармен салыстыра алады және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарда пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Мәселен елтану пәнінен Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары жөнінде мағлұмат алады. Атап айтқанда, жағрапиялық орыны, климаты, өзен, таулары, атақты қалалары мен көрнекті орындары, саяси құрылымы, тағы басқа. Оқытушы жаңа сабақты дәріс – презентация әдісімен өткізе отырып, баяндалған ақпараттың барлығын суреттер арқылы көрсетеді. Оған қоса, айтып өткен ақпараттарды оқушылар мен студенттердің ұққан – ұқпағандарын тексеру мақсатында тест тапсырмалары мен бақылау сұрақтарын беруге болады. Мұның нәтижесінде оқушылар мен студенттердің ел тануға деген қызығушылықтарын арттырып, сабақты қызықты және тартымды етіп өткізуге, қойылған сабақ мақсаттарына жетуге болады. Осы ретте, осы режимде оқушылар мен студенттердің жоба жұмыстарының нәтижелерін бақылауға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалдарды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Тақырыпты қорытындылау сабақтарында осы режим арқылы тест тапсырмасын бере отырып, дұрсы жауаптарды шторкамен жауып, лезде дұрыс жауаптарды тексеруге, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Оған қоса, бұл режимде оқушылар мен студенттерді түрлі сөздіктермен жұмыс жасатуға үйретуге болады.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының немес студенттің жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға жетелеп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби мүмкіншіліктерінің қалыптасуына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылар мен студенттердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардың тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Электронды оқыту
- Білім беру ұйымдарының 90 % - ы кеңжолақты интернетпен (4-10 Мб/сек) Wi-Fi, Wi-Max локальды желісімен қамтамасыз етілген.
- Электронды жоспарлау, журналдар, күнделіктер, кітапханалар.
- Сандық білім беру континентінің 25800 бірлігі.
- Барлық оқушылар мен оқытушылардың әлемдік білім ресурстарына қолжеткізуі.
- Автоматтандырылған басқару жүйесі, алғашқы статистиканы жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
- Білім алуға қол жеткізудегі теңсіздікті азайту.
- Мұғалімдердің біліктіліктерін қашықтан арттыру.
- Оқушылардың оқу материалдарын меңгеруін жақсарту.
- АКТ арқылы әлемдік білім кеңістігіне кірігу.
- АКТ арқылы білім беру ұйымдарын басқару, мониторингілеу, талдау, бірыңғай орталықтандырылған статистикалық деректер базасы.
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Олай болса, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашағымызға жұмсауымыз керек.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Болашақ мұғалімнің кәсіби шығармашыл тұлғасын қалыптастыру. // Білім – Образование. – Алматы 2010. - №4 (52). – Б. 41-46.
2. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.
3. Назарбаев.Н.Ә Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
4. Нұрғалиева Г.К. Электронды оқулықтар – мұғалім мен оқушының қызметін ізгілендіру құралы. Компьтер әлемі. Республикалық журнал, № 2, 2002.
5. Сарсимбаева С.М., Каипова А.Д,. Амиргалиева Т.А. «Интерактивті тақтамен жұмыс жасау негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар. Ақтөбе, Қ. Жұбанов атындағы АМУ, 2008.
Категория: История | Добавил: aikajan (2012-02-18) | Автор: Мухамедиянова Айнур E
Просмотров: 5271 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru