Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

урок по истории
Автор разработки: учитель истории ТайбуроваК. Г.
Г. Семей ГУ сош № 36
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман- тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
2. Дамытушылық: Тарихи материалды оқу барысында алған білімдерін бір жүйеге келтіруге, схемалар және қосымша көрнекіліктер көмегімен жаңа тақырыпты өздері қамтуларына, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, шапшаң ойлауға баулу, таным процессін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Интерактивті оқыту технологиясы бойынша топпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, география.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, деңгей бойынша тест сұрақтары, тақырыптық материалдар, схемалар, баллдық белгілер, мәтін.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезең.
Оқушыларды түгелдеп, топқп бөлу.
1- ші топ: «Тайлақ»
2- ші топ: « Құнан»
3- ші топ: «Бота »
Әрбір топ сұрақтары мен тапсырмаларына толық жауап берсе «қызыл жұлдызшалар» ,яғни 5 балл, орташа жауап берсе « көк төртбұрыш» - 4 балл, ал толық жауап бере алмаса « сары үшбұрыш »- 3 баллды белгілер беріледі. Сайыс аяғында қай топ көп балл жинады, сол топ жеңіске жетеді.
Сайыс бөлімдерімен таныстыру:
1. «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!»
2. «Білімдіге дүние жарық»
3. « Картамен саяхат»
4. « Жұлдызды сәт»
5. «Мен саған,сен маған»
ІІ. Ұй тапсырмасын сұрау.
«Ой бөлісу»
1- сайыс бөлімі: «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!»
Топтағы төменгі деңгейдегі оқушыларға тест беру. Ал қалғаны сайысқа қатысады.
Сұрақтар:
1. 15 ғасырдың орта кезінде қазақ жерінде қандай хандықтар өмір сүрген?
2. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық не себебті болды? Кімнің тұсында күшейді?
3. Этникалық жағдай қандай болды?
4. Сол кезде экономикалық жағдай қандай еді?
5. 15 ғасырда қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына не ықпал етті?
6. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары қандай болды?
7. Әбілқайыр мен Моғолстандағы саяси жағдайлар неліктен ушыға түсті?
8. Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды?
Тесті жинап алу.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыруЖаңа сабақты өздері қамтитынын айту.
Интерактивті тақтада жазылған сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызу.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Хандықтың негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей.
2. Қазақ хандығының аумағы.
3. Халқының этникалық құрамы.
4. Көрші елдермен қарым – қатынасы.
«Ой қозғау»
1- топқа: Қазақ атауының шығу тарихын білесің бе?
2- топқа: Жүз қалай пайда болды?
3- топқа: Хандық дегенді қалай түсінесің?
Сайысымыздың екінші бөлімі: «Білімдіге дүние жарық»
Біраз мағұлмат беру.
- Өздерің жаңа айтып кеткендей, қазақ жерін мекендеген ру- тайпалардың этникалық және саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Бұл үрдістің дамуы қазақ халқының құрылуына жеткізіп, үш жүздің қалыптасуын да аяқтады. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құрған Ақ Орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Олар 1465-1466 жылдары Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетіп Жетісу жерінде қазақ хандығының негізін қалады.
Керей мен Жәнібек хандарының портреттерін көрсету.
Сайыс талабы бойынша қазір әрбір топқа мәтін беремін, сол мәтінен «қазақ хандығы қалай құрылды? «- деген сұраққа жауап беріп, кестені толтырасыңдар.

Сайысымыздың үшінші бөлімі « Картамен саяхат»
1- топқа тапсырма: Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан аумағын картадан көрсет.
2- Топқа тапсырма: 15 ғасырдың аяғындағы қазақ хандығының территориясын картадан көрсет.
3- Жәнібек ханның қыстауының аумағын картадан тауып, көрсет.
Сайысымыздың төртінші бөлімі: « Жұлдызды сәт» .
Бұл бөлімде әрбір топқа әр түрлі қағаз қиықтары беріледі. Тақтаға кескін ілінеді. Әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша қағаздарға жауабын жазып, тақтаға іледі.

1- Топ «Тайлақ» 2-топ «Құнан» 2- Топ «Бота»
Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар Мекендеген териториялары Ұқсас белгілері



«Ой толғаныс»
Моғолстан ханы Есен – бұға не себепті Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алды?

1. Сонымен Моғолстан ханы Есен – бұға батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Керей мен Жәнібек сұлтандармен одақ құруға ұмтылды. Оларды ойраттар шабуылына тойтарыс беру үшін пайдаланбақшы болды.
2. Жәнібек пен Керей қырғыз халқымен өзара тату қарым- қатынас орнатты.
ІV. Бекіту. Сайысымыздың бесінші бөлімі: «Мен саған,сен маған»
Бұл сайыста екі топ жаңа тақырып бойынша екі сұрақ дайындап, бір- біріне кезектесіп сұрақ қояды.
V.Қорытындылау.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы туралы айтып, Керей мен Жәнібектің қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға беру.
VI. Бағалау.
1.Топтар жинаған белгілерді санап, жеңген топты атау.
2. Жеке оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §35.Қазақ хандығының территориясын кескін картасына түсіру.
Категория: История | Добавил: nensi (2012-02-28) | Автор: Куралай E
Просмотров: 1676 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 11:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru