Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Ашык сабак жоспары
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов № 2 орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі : Шырылдакова Шолпан негметовна

Қазақстан тарихы 10 сынып сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: «Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы.
Сабақ міндеттері:
Білімділік. «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы , «Алаш» атауының мағынасы және жүздердің пайда болуы туралы қосымша деректер арқылы толық түсінік беру.
Дамытушылық.Оқушылардың ой өрісін дамыту, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік. Оқушылардың туған елінің тарихын қастерлеуге, құрметтеге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивті.
Сабақ тәсілі: Жаңа сабақты түсіндіру, сұрақ- жауап, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карта, ғалымдар суреттері.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың эпиграфы :
Алаштың ұрпағымыз,
Білімге ұмтыламыз.
Айбарлы да, ардақты
Елге қамқор боламыз.

ІІ.Үй жұмысын тексеру:
-Оқушылар, біз өткен сабақта «Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы» атты тақырыппен таныстық. Ендігі кезекте үй тапсырмасын қайталау үшін сұрақтарға жауап қайтарайық.

-Моңғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?
-Этносаяси қауымдастық дегеніміз не?
-«92 баулы қыпшақ шежіресінен» не білуге болады?
-Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының атқаратын рөлі қандай?
-Дешті Қыпшақ сөзінің мағынасы қандай?
-Халық болып қалыптасудың қандай белгілерін білесіңдер?
-Жүздердің пайда болғандығы туралы аңызда не айтылған?
-Қазақ халқының қалыптасуы қашан, қалай аяқталды?

Сәйкестендіру жұмысын жүргізу: Оң жақтағы сөз тіркестің дұрыс жауабын тауп сәйкес қою

қыпшақ әскері
П. Карпини

«Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» Батый
Түркі тілдес халықтардың ішіндегі ең көбі
В.Бартольд
«92 баулы (өзбек) қыпшақ тайпалар саны»
Қазақ хандығы
Моғолстан ыдырап Жетісу жерінде қыпшақтар

ІІІ. Жаңа сабақ :
-Құрметті оқушылар
-Бүгінгі сабағымыздағы жаңа тақырыбы:
«Қазақ» атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы»
Сабағымыздың мақсаты:
«Қазақ» сөзінің шығу тегі, «алаш» атауының мағынасы және жүздердің пайда болуы туралы танысамыз.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: -«Қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдар б.з.б.VІІ- ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады.
-Неліктен көптеген ғалымдар «қазақ»сөзін зерттеуге көп мән береді?
-«Қазақ»сөзінің шығу тарихын зерттеген кезде ғалымдардың негізгі ұстанатын дәлелі?
Слайдтағы кестелер көмегімен «қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы туралы айтылады
Ғалымдар Еңбектері мен пікірлері
Көптеген
ғалымдар «Қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады
А. Н.
Бернштам «қазақ» сөзі кас-пи мен сақ бірігуінен пайда болған деп тұжырымдайды
Зерттеуші
А.Әбдрахманов «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жасалған: оғ- көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қаз - оғ(оқ) қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді

Қытай деректерінде Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетті
Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса(қазақ)» тайпалары туралы жазылған
А.А.Семенов Арба немесе күймені ғұндар мен қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздірінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді
XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын киіз үйлер тіккен. Сондықтан қазақ «терген» сөзінің шығуы да «қасағ» атауының шығу төркініне ұқсас



Академик
В.В. Радлов «қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.
А.А. Самойлович,
Ш. Құдайбердіұлы «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазды.
Ш.Ш. Уәлиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді
Т. Жанұзақов «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі - «қаз», «қас» - Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Н. Мыңжанұлы Атақты «Алтын тас» кітаптарында «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандук», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы, қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну», «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.
М.Х. Дулати Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.
Мұғалімнің сөзі: Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қортытындылай келгенде, қазақ сөзінің шығу тегін неше топка бөліп қарауға болады :
ҚАЗАҚ : 2 1)қазақ сөзі ең алғаш қас пен сақ тайпаларының бірігуінен пайда болды;
2) қазақ сөзінің орта ғасырлардағы еркін адамдар деген мағынасы пайда болды.
картамен жұмыс: каспи сақ тайпаларының мекендеген жерлерін көрсетіңіздер?
-Оқушылар, «Алаш» сөзі қандай мағына береді?
Атамыз – Алаш. Атымыз- қазақ.
Бір атаның баласымыз.
-Неге бұл сөзді біз ұран етіп алдық?
-Тарихымызда бұл сөздің шығу төркіні қазақ сөзінен де беймәлім күйде қалып отыр. Ауыз әдебиетінде алаш, алаша хан туралы деректер сақталған.
Аңыз әңгімені айту
Арыстанның екінші әйелінен ала бала туып, бәйбишеші: «Бұл жақсылықтың нышаны емес»деп, күйеуін азғырып, баланы шешесімен қаңғыртып жібереді. Сол бала қол бастаған батыр болып өседі. Мұны естіген хан уәзірлерімен келісіп, оны еліне қайтармақ болады. Бірақ та оған жіберген адамдардың өздері келмей, онымен бірге қалып қойып отырады. Сонымен қалған жігіттер ел болып, ала баланы Алаша деп атап, хан сайлайды. Алайда бұл оқиғаның қашан болғаны белгісіз.
Құрбанғали Халидтің ел ішінде сақталған мына бір шумақта:
Алаш, Алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Қазақ, қалмақ, ноғайлар,
Бәрі сонда бір болған,-
Ынтымағы жарасып,
Айдын көлдей дүр болған.
-Алаш сөзі қазақ халқына өте жақын. «Алаш», «Алаша хан», «Алаш мыңы», «Алты сан алаш» сияқты сөздер халқымыздың арасында көптеген аңыздар қалдырған. Бұл аңыздар қазақ халқының тұңғыш тарихшылары Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Қазақ жылнамаларында», Әбілғазы ханның «Түркі» шежіресінде жазылған. Тарихшылардың жазуына қарағанда, Алаша хан елінің жазғы жайлауы Ұлытау мен Кішітауда, қыстаулары Сыр бойы Қарақұм мен Борсық құмында болған. Ал ордасы Ұлытаудан ағатын Жанғабыл өзені бойында орналасқан. Жезқазған жерінің Қаракенгір мен Сарыкенгір өздерінің бір-біріне құйылатын жеріндегі биік төбенің үстінде Алаша ханның күмбезі деген мазар тұр. Ескерткіштің қашан, қай кезде жасалғаны туралы ешбір дерек кездеспейді.
(Аталған жерлерді картадан көрсете отырып, кесене суретін көрсету.)
Бұл деректер алаш деген сөздің өзі өз кезінде қазақ халқы сияқты ұғымды білдірген деген ой туғызады. Бүгінгі күннің өзінде халқымыздың ішінде өздерін Алаштың ұрпағымыз деп санайтындар көп.

-«Алаш» сөзін басшылыққа, атауға алған партия ?
-«Алаш» партиясының басты мақсаты?
-Алашорда мүшелері ?
- Алаштың арыстары ?
-Бес арыстың армандап кеткен арманы ол –Қазақ елінің Тәуелсіздігі!
-Қазақстан елінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығының мазмұны мен мәні туралы не айта аласыздар?
Алаштың ұрпағымыз,
Білімге ұмтыламыз.
Айбарлы да, ардақты
Елге қамқор боламыз.
айтқандай сіздер мен біздер, Алаш ұрпақтары, киелі Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, қадірлей білуіміз керек.

Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!- дегендей, «алаш» сөзі дегенде «жүз», яғни «қазақтың жүзі» сөздері қатар келеді
Қазақ халқында неше жүз бар?
Жүздердің пайда болуы туралы не білесіңдер?

«Жүз»
сөзі Кейбір зерттеушілер оны арабтың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғыммен байланыстырады.
Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.
Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады. А.Левшин “Тәуке ханның Ұлы, Орта, Кіші жүздерін билеген билері болған”, - дейді.
С.А. Аманжолов: «Жүздер X - XII ғасырларда пайда болды», - десе, Т. Сұлтановтың пікірі бойынша жүздердің құрылу мерзімін ХVІ ғ. жатқызады.
Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жонғар шапқыншылығы кезінде пайда болды», - дейді, Ал
В.В. Бартольд “Қазақ жүздері әлеуметтік - экономикалық жағдайға байланысты туды”, - деген.

-Жүздердің пайда болуы туралы айта келсек, нақты деректер жоқ, бұл сөздің төркіні беймәлім күйде қалып отыр. Дегенмен, зерттеушілердің көпшілігі «жүз» сөзінің мән мағынасын тануға әрекет жасауда.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында халқымыздың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов «Қазақтар өздері көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын сақтау үшін үш жүзден одақ құрған» деген.
Қазақ жүздерінің пайда болуын кестедегі деректер арқылы түсіндіруге болады.
Ұлы жүз ұраны «Бахтияр» (бақыт үшін деген мағына білдіреді)
Орта жүз ұраны «Ақжол» (әділдік үшін деген мағына білдіреді)
Кіші жүз ұраны «Алдияр» (Алла үшін деген мағына білдіреді)
Жүздер территориясын, құрамындағы ру тайпалар атауын картадан кім көрсетеді?
Үш жүздің құрамы ежелден өмір сүріп келе жатқан жергілікті ру-тайпалар бірлестігінен құралады.
Ұлы жүзде – сарыүйсін, албан, дулат, суан, шапырашты, жалайыр, ысты, ошақты, қаңлы, шанышқалы, сіргелі;
Орта жүзде – арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ;
Кіші жүзде – байұлы, әлімұлы және жетіру.
Жүз дегеніміз – халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория. Жүздердің жаз жайлауы, қыс қыстауы тарихи географиялық жер жағдайына байланысты бөлінген.
ІV.Сабақты қорытындылау: оқушыларға сұрақтар қою.
1. Көп ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін немен байланыстырады?
2. Қазақ сөзін зерттеген ғалымдар ?
3. Жүз дегеніміз не?
4. Жалпы қазақ ұраны?
5. Алаштың ардақты азаматтары, олардың тарихтағы орны?
V.Сабақты бекіту:
- Мен бүгін сабақтан не білдім?
- Мен бүгін сабақтан не үйрендім?
-Құрметті оқушылар, бір сабақ барысында «Қазақ, Алаш, жүз» сөздерінің мағынасын толық ашып оқу мүмкін емес, сондықтан келер сабақ барысында және өздігіген ізденетіндеріне сенімдімін.
VІ.Үй тапсырмасын беру.
Параграф 12 оқу, мазмұндау, картамен жұмыс жасау.
Әр адам өзінің шыққан тегін білуі керек.
Атамыз қазақ «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер»-, дегендей өздеріңнің шыққан тектерің туралы қысқаша әңгіме жазып келіңдер.
VІІ.Оқушылардың білімін бағалау.
Категория: История | Добавил: фкокше (2012-04-10) | Автор: sholpan.negmetovna.76@mail.ru E
Просмотров: 7940 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru