Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Сабақтың тақырыбы: Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы Сабақтың мақсаты: б/м: Қазақстан жерінің Батысын мекендеген сармат тайпаларының қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, тұрмысы жайлы ақпарат алады. д/м: Сармат тайпалары жайлы мәлімет ала отырып, олардың өзіндік даму ерекшеліктерін ажыратады. т/м: Топта жұмыс істей отырып, өзгінің пікірін тыңдауға, өзгелермен ой бөлісуге дағдыланады. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақ типі: СТО Сабақ әдістері: «Болжам жасау», «рөлдік ойын», «үш қадамды сұхбат», ойға-ой» стратегиясы. Көрнектіліктер: СТО қағидалары, интерактивті тақта, сол тарихи кезеңге арналған карта, «Менің Елім Қазақстан» кітабы. Ұйымдастырушылық кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақ бастауға жағдай жасау. Алдын-ала бөлінген топ бойынша отырғыру. I Қызығушылықты ояту «Болжам жасау» стратегиясы бойынша ұжымға: «Бүгінгі тақырыбымыз"«Сарматтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы" Бұл тақырыпта не ойтылуы мүмкін?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар тақырыпқа байланысты әр түрлі пікірлер айтуы мүмкін. II Мағынаны ажырау Ұжым төрт топқа бөлінген: «Тарихшылар» «Жылнамашылар» «Археологтар» «Этнографтар» «Рөлдік ойын» стратегиясы бойынша әрбір топ өз саласына байланысты мәліметтерді тақырыптан анықтап алады. Мысалы: «тарихшылар» - сармат тайпаларының мкай жерде мекендегенін, қандай шаруашылықпен айналысқанын айтады. «жылнамашылар» - оларда әскери демократиялық жүйе болғанын, ерлер мен әйел құқықтарын бірдей болғанын көрсетеді. «этнографтар» - олардағы заттай мәдениеттердің түрлерін, киімдерін, ыдыс-аяқ түрлерін айтады. «археологтар» - сарматтар тарихын зерттеудегі қазба жұмыстарының нәтижелерінің маңыздылығын, деректерін келтіреді. «Ойға-ой» стратегиясы бойынша топтардан бір-бір алдын-ала берілген тапсырма бойынша келтірілген мәліметтерге қосымша ақпараттар қосады (Мәліметтер әр түрлі деректерден алынуы мүмкін). III Ой толғау «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы бойынша әрбір топ келесі топқа сұрақ қояды: жылнамашылар тарихшыларға, тарихшылар этнографтарға, этнографтар археологтарға, археологтар жылнамашыларға сұрақ қою мүмкін. Мысалы: 1. Бесоба қорымынан не табылған? 2. Неге сармат қоғамы сол кезеңдегі көшпенділердікінен өзгеше болды? 3. Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? т.б. Үй тапсырмасы: §24+Д+Т, тайпалар кестесіне сарматтарды қосу. Бағалау: Бағалау парақтарына әркім өзі бағалайды. Бағалау парағы: оқушының өзін бағалауы, топ жетекшісінің, мұғалім бағасынан кейінгі ортақ көрсеткішпен бағаланады | |
Просмотров: 6044 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|