Кемельбаева И.М. «№32 ЖОББМ» КММ тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы
Білім беру – бұл тек оқыту емес оқу, ал оқу оқушының жеке субъектілік тәжірибесі. Оның мәні – тұлғаның өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау. Бұл жағдайда бір-бірімен демократиялық қарым-қатынасқа үлкен көңіл аударылады, сөйтіп өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, мұғалімнің де пайдалана білуі жүзеге асырылады. Жаңа үрдісті тәжірибеде ендіруде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмауы үшін оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені, оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білуі емес, бүгінгі алған білімін өмрілік қажеттіктеріне сай пайдаға асыра білуіне үйрету.