Главная » Статьи » В помощь учителю » История |
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы №30 жалпы орта мектебі мектебі/мекемесі тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Нургазинова Айжаркын Сабыровна «Ұлт тірегі - Елбасы » Интеллектуалдық сайысы Сайыс сабақтың өтілу күні: 30.11.2012ж. Өткізілетін орыны: Мәжіліс залы Сайысытың мақсаты: Білімділік: Білім алушылардың Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін тексере отырып, отан алдындағы жауапкершілігін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу, мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, білім алушының тарихи танымдылығын, өз ойын ашық айту білім дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, патриотизимге, экономикалық-саяси сауаттылыққа, төзіміділікке, бірілікке, ғылыми танымға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Сайыс сабақ. Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру. Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ауызша, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс, ойлау, зерттеу. .Оқытудың техникалық құралдар: Мультимедиялық презентациялар Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Адам және қоғам Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының Президентінің қанатты сөздері, Қазақстан Республикасының Президентіне арналған ақпарат басылымдары. Сайысқа қатысушылар: 6 сынып оқушылары, әділ-қазылар алқасы. Сайыстың барысы: 1. «Сергіту» кезеңі 2. «Шынығу» кезеңі 3. «Ой толғау» кезеңі 4. «Жеке жоба қорғау» кезеңі 5. «Ойында қорытындалау» кезеңі: 1. «Сергіту» кезеңі. Әр сұраққа 1мин уақыт беріледі. Барлығы 10 минут. Сұрақ: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Теміртауда 1969-1971 жылдары қандай қызмет атқарды? Жауабы: Комсомол комитетінің І-хатшысы Сұрақ: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туған жері? Жауабы: Қарасай ауданы Сұрақ: Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті кім? Жауабы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сұрақ: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1990 жылдары қандай қызмет атқарды? Жауабы: ҚазақКСР-нің президенті Сұрақ: “Тарих Толқынында “ атты кітабының авторы кім? Жауабы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сұрақ: Қазақстанда «Ұлт көшбасшысы» атағын алған кім? Сұрақ: 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қандай бағдарлама жариялады? Жауабы: “Қазақстан – 2030” “Стратегиясы” Сұрақ: 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қандай мемарандумға қол қойды? Жауабы: “Семей сынақ полигонын жабу” туралы Сұрақ: 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы қандай Халықаралық ұйымға өкілетті мүше ретінде кірді? Жауабы: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2. «Шынығу» кезеңі 1. тапсырма. Тәртіпті орнат, сәйкестігіні анықта 2 минут 10 ұпай. 1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жыл А) 30 тамыз 1995 жылы 2. Қазақстан Республикасының Қонситуциясы қабылданған жылы Ә) 4 маусым1992 жылы 3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі қай жылы қабылданды? Б) 1 наурыз 1995 жылы 4. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қай жылы қабылданды? В) 16 желтоқсан 1991 жылы 5. Қазақстан Халықтарының ассамблеясы қашан құрылды? Г) 15 қараша 1993 жылы Жауаптары: 1 2 3 4 5 В А Г Ә Б 2 тапсырма. «Шашылған әріптер» Әріптерді орнына қойып , сөзді дұрыс құра Уақыты 1 минут 5 ұпай 1. ЕНТЕЗПРИД – 2. ЯХАИЕОЛОГР- 3. ЕКТМЛЕМЕК- 4. ТЛСДІКӘЕЗУІ – 5. УЦИЯТИСКОНТ- Жауаптары: 1. Президент 2. Археология 3. Мемлекет 4. Тәуелсіздік 5. Конституция 3 . «Ой толғау» кезеңі. Бес жол өлең шығару керек . Барлығы 5 минут. «Президент қандай болу керек»- деген сұрақты қоя отырып президенттің тұлғалық мінез қаситтерін көрсетіп жаз. 1. Н.Ә. Назарбаев 2. Сын есім – 2 3. Етістік – 3 4. Сөйлем – 1 5. Ұқсастықтар( ассоциациялар) «Менің Президентім» хат жолдау немесе өз елінің президентіне тілек жазу. 4. «Жеке жоба қорғау» кезеңі. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі. «Ұлт тірегі - Елбасы» тақырыбы бойынша жеке жобаларын қорғайды. 5. Ойынды қорытындылау кезеңі: Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Қатысқан топтарға біліміндеріне сай орын тағайындалады. | |
Просмотров: 1208 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|