Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде,баулып тәрбиелеуде,өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдет- ғұрыпы,салт-санасы,тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Ал,сол ұлттық ерекшеліктерді көрсететін әдет-ғұрып пен салт-сана, дәстүрлер, сайып келгенде,сол ұлттың географиялық орнына,соған байланысты қалыптасқан шаруашылық-экономикалық , тұрмыс жағдайларына байланысты бір емес,әлде бірнеше ғасырлар бойы қайтаталанып сыннан өтіп сандаған ұрпақтың тәрбие құралы ретінде өмір қажетін өтеуге негізделген,сол халықтың өзіне тән асыл қазынасы болып табылады.Осы ұғымдардың жиынтығы халықтың жан дүниесін құрап,оның психологиялық ерекшеліктерін, өзіне тән ойлау жүйелерін анықтап,өзіндік ерекшеліктерін белгілейді.Сондықтан осы ұғымдарды өз бойына жинақтаған барлық тәрбие құралдарын, біз бүгінде халық педагогикасы деп атап жүрміз. Халық педагогикасының бір саласы - ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар әр халықтың өзіне тән ерекшеліктерін айнытпай дәл көрсете білетін өте құнды мәдени мұраларының бірі.Әр халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігіне байланысты шаруашылық-экономикалық ерекшеліктері ұлттық ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Қазақ халқының ұлттық ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол,ол тек көңіл аулап , қызық қуып , уақыт өткізу үшін емес ,белгілі бір білімділік , тәрбиелік мақсаттарды көздейтіндігінде.Сондықтан қазақтың қай ұлттық ойынын алып қарасақ та,оның өнебойы тұнған өнер мен өнегені тілеп тұратын, дидактикалық мақсаттарға арналып жасалғандай.Себебі шаруашылық-экономикалық жағдайына байланысты бүгінгідей бүкіл елге жалпақ жайылған мектебі болмаған кезде ,өз ұрпағына қоршаған ортаның сыр-сипатын ,өмір,тіршілігінің жай-күйін білдіретін ,өмірге келген жас сәбиді күнбе - күнгі өмірмен тікелей араластырып , байланыстыратын жас организимнің қимыл-қозғалысы ғана емес,оның тілі мен дінінің ,ақыл -ойы мен дүние танымының,адамгершілік, инабаттылық түсінігін қалыптастыра- тын , өнер атты асыл қазынаға бастап апаратын , бірден-бір тура жолы осы ұлттық ойындар деп атау артық емес.Оның да өзіндік мәнісі бар.Өйткені аға ұрпақ өкілдері өздері өмір сүрген дәуірдің тәжірибесін жинақтаудың нәти- сінде туып қалыптасқан тәрбие құралдары арқылы , келешек ұрпаққа өз өмір тәжірибесін жинақтап қалдыруға тырысады.Сондықтан болар қазақ халқының ұлттық ойындары нақты тәжірибелік ,білімділік ,тәрбиелік негізде құрылып , халық өмірімен тығыз байланысып , ұштасып келеді. Олай дейтініміз , ұланғайыр қазақ даласында , ешқандай техникалық қатынас құралы болмай тұрған кездің өзінде , қазақ халқының тіл тұтастығын сақтауға бірден - бір себеп болған ауыз әдебиет туындылары десек, соны әр адамға жеткізіп,ауыздан-ауызға айтқызып отыруда негізгі қызмет атқарған да ұлттық ойындар мен ойын - сауығы, салт - дәстүрлері болды деп айта аламыз .Олай болатын себебі қазақ халқының бірде-бір ұлттық ойыны ән-күйсіз, өнер жарысынсыз өтпейді .Сондықтан әрбір ойынның бойында өнерге ,білімге ,білуге деген құштарлық отын жағар дидактика,адамды өмірге шыңдап шығарар педагогикалық-психологиялық негіз бар.Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ ,қазақ халқының ұлттық ойындары негізінен үш саладан тұрады .Атап айтқанда:ойын-сауық ойында- ры ,оймен келетін ойындар, дене шынықтыру мен спорттық ойындар. Бұл үш саладағы ойындардың бәрі де негізінен жас ұрпаққа өзін қоршаған өмірден қажетті білім, тәжірибе жинақтауға негізделген. Олардың әрқайсысының өзіндік мүм-кіншіліктері бар.Кейбір ойындар сабақтың барысында бірден дидактикалық материал ретінде қолданылуға мүмкіншілік берсе,ал кейбіреулерінің тек негізгі идеялары мен оны жеткізу формаларын оқушылардың ұғымын жеделдетуге лайықтап сабақтың тиімділігін арттыру құралына айналдырамыз. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді .Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың дене шынықтыру сабағын сүйіп оқуына , қатысуына жету үшін ұлттық ойындарын тәрбие құралы деп қарауға болады .Ұлттық ойындарды әр сабақтың мақсатына қарай ,сонымен бірге мазмұнына сай ,сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға болады .Мектеп оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойындарын іріктеп, оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс.Дене шынықтыру сабағында халық ойындарын пайдалану жас өспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай ,олардың жан-жақты дамуына, сана-сезімінің өсіп жетілуіне, оқу үлгеріміне де айтарлықтай әсер тигізеді.Мектептегіоқушылардың әр түрлі пән сабақтарының үстінде алатын білімін, тәрбиесін жалғастыратын кезең сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері болып табылады . Оқу-тәрбие кездерінде бір-бірімен ұштасатын дәнекерлердің бірі- ұлттық ойындар. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында,сыныптан тыс,бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді , қабілетті оқушылардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн.Мұғалімдер ұжымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнатуды жалғастырады.Оған бақылау , басшылық жасайды . Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында оқушы тынығады,өмір танымын кеңейтеді,бірлеседі,ұйымшылдыққа үйренеді. Төзімділік , шыдамдылық пен ұстамдылық , өзін өзі тежеу сияқты қасиеттер- дің қажеттігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады.Мысалы , сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады . «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Қойыңа қасқыр шапты», «Жаяу көкпар», «Жалау алу», Сақина жинау», «Күзетшілер» т.б.Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып , денесінің шынығу деңгейін көтереді, баланың бойында ұйымдастырушылық белсенділік ойлау тапқырлық шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырады. «Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді»- деген П.Ф. Лесгафтың пікіріне көңіл бөле отырып,мектепте бала ұлттық ойындар арқылы ұйымшылдыққа,шыдамдылық сияқты адамгершілік қасиеттерінің қалыптасатынын байқадық. Ойын арқылы баланың бойына түрлі адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге деген құштарлығын оятып, сабаққа деген ынтасын қалыптастыруға, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқу процесін жандандырып ,сабаққа деген белсенділігін көтеріп,сүйіспеншілігін арттырумен бірге логикалық жүйелі ойлауды қамтамасыз етеді . Мысалы,Қ.Әлімжановтың«Сөз таптары табысты»деген мақаласындағы «Санамақ» , И. Шұғаевтың «Бастауыш мектеп» журналындағы «Онға дейін санап көр», М. Әлімбаевтың « Балдәурен, шіркін балалық шақ» кітабынан «Он саусақ», «Санамақ» өлеңдері арқылы әрі ана тілі сабағында мазмұнын түсіндіру арқылы, ал математика сабағында тіл ұстартумен оқушылардың логи- калық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.Сондай -ақ ұлттық ойындарды әр түрлі пән сабақтарында дидактикалық құрал ретінде пайдалану,оқушылардың еркін сөйлеуін,тіл байлығын жетілдіре түсуді , халықтың еркін сөйлеу әдісі мен логикалық ой жүйелерін дамыту тәсілдерінің ерекшеліктерін,тапқырлық пен дәлділікті тез ойлап,дәл шешу мен сөзді дәл өз мағынасында қолдануды бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре беру болып табылады. «Бала сөзбен де ойнайды .Осы сөзбен ойнағанда ,өз ана тілінің нәзік қасиет- терін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады»,- деген А.М .Горькийдің ойларын біз өз тәжірибемізде сынап,күнбе-күн жұмысымызда балалар қауымымен араласып,олардың ойын үстіндегі тіл өнерін меңгеру белсенділігіне байланысты өте дұрыс және орынды айтылған пікір екеніне көзіміз әбден жетті. Ұлттық ойындары мен элементтерін сабақ барысында «деректерден дерек- сізге,жеңілден ауырға, күрделіден қарапайымға, жақыннан алысқа» деген принциптерді негізге ала отырып жүргізген сабақ оқушыларға әсерлі болып,олардың білуге деген құмарлығын оятып,оқушылардың жалпы үлгеруі мен білім сапасын арттырары сөзсіз. | |
Просмотров: 4609 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|