Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
ШҚО Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылы Абай атындағы «Мектеп – бала бақша кешені » КММ Дайындаған: бейнелеу өнері, сызу, технология пәндері мұғалімі Ахметкалиева Г.К. Бейнелеу өнері сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыны шығармашылық ізденіске баулу. Бүгінде еліміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Ұстаз алдындағы басты мақсат-сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан – жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау. Өз ұрпағының жауапты да жігерлі бәсекеге барынша қабылетті, өресі биік жеткіншектерін тәрбиелеуде ұстаздың жаңаша ойлау түріне педагогикалық іс - әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жеткізеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен зандылықтарын жете біліп, жаңа технологиялар мен жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдана білу керек. Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деген сөзі ұстаздар алдына бағдарлы мақсат жүктеп отыр. «Білім туралы занда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды нұсқаларын таңдап – талғау алдыңғы кезекте тұр. «Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, тәжірибеде сынап байқаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбиелеу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғылым мен техниканың дамыған заманында озық ойлы, шығармашылығы жоғары оқушы тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеті.Оқушылардың шығармашылық іскерліктерін арттырып, заман талабын ескере отырып, әрбір сабағымда жаңашыл педагогтардың әдіс-тәсілдерін, озық технологиясын басшылыққа алып, оқыту үрдісінде АКТ, СТО, кіріктірілген сабақ түрлерін көп қолданып, сабақтар өткіземін. Сыни тұрғыдан ойлау мен сабақ үдерісінде ақпараттық - коммуникативтік технологияны \АКТ\ қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлауына, ой қорытуына, қабілетіне, визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына, өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерімен жаңа білімдерін ұштастыра отырып тақырыпты түсінуге бағыт беріледі. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс әрекеттер оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл ойын дамытады, ұжымдық іс әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан жақты ізденеді, өз ойын жеткізеді. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұрады, яғни оқу мен үйренуге арналған құрылым. 1 Қызығушылықты ояту сатысы. 2 Мағынаны тани білу сатысы. 3 Ой – толғаныс сатысы. Үйренгенін қабылдайды, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін нақтылау жолын қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді. Осы модульдермен жұмыс барысынды оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып және ойы мен қабылдауын меңгерту мақсатында 2008 – 2009 оқу жылында аудандық семинар өткізіп, технология, бейнелеу өнері, музыка пәндері мен байланыстырып «Өнерлі өрге жүзеді» тақырыбында кіріктірілген сабақ, бейнелеу өнері бойынша «Ертегі кейіпкерлері» тақырыбында СТО, АКТ технологияларын қолдана отырып, слайд арқылы ашық сабақтар өткіздім. Білімнің кіріктірілуін қамтамасыз ету оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларын қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр. Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі – пәнаралық байланыс. Міндеттері: - оқушылардың оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық белсенділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру; - оқу пәндерінің оқушыларға білім мен тәрбие беру және пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспары мен бағдарламаларына тыңғылықты талдау жасау; - мұғалімдердің пәнаралық байланысты тәжірибе қызметінде пайдалануы; - сабақтан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс бағыттылығын күшейте түсу. - мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білуі. Пәнаралық байланыс оқыту үрдісіне ықпал жасайды және белгілі бір әдіс, ұйымдастыру формасы арқылы жүзеге асады. Осы арқылы пәнаралық байланыстар оқушылардың жалпы пәндік білімдерді тиімді қабылдауын қамтамасыз етеді. \слайд\ Кейінгі жылдары компьютерлік технологияны қолданып оқыту педагогика ғылымның келелі мәселесіне айналды. Қазіргі уақытта кез келген мұғалімнің мақсаты-оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу арқылы білім сапасын жақсарту болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компьютерлік компоненттерді бейнелеу өнерін білім жүйесіне қосу қажет, себебі бейнелеу өнерін оқыту барысында компьютерді қолдану біршама маңыздылыққа негіз болады. Бейнелеу өнері сабағында компьютерлік технологияларды қолданатын мұғалім жетекші, кеңес беруші, үйлестіруші, сарапшы, тіпті өзекті ақпарат көзі бола алады. Мұғалім компьютерлік технологиялаларды кез келген сабақта және оның түрлі кезендерінде қолдануына болады. Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсаттарды көздейді. 1. Ақпараттық технологияны білім деңгейін тексеру бағытында қолдану. 2. Мұғалімнің оқытушылық мақсатында қолдануы. 3. Компьютерді мультимедиалық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану. 4. Электрондық оқулықтар мен интернетті пайдалану. Атап айтқанда, оның мүмкіндіктері мынадай: 1. Сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі. 2. Дайындалған материалды қайта- қайта қарауға мүмкіндік береді. 3. Дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол. 4. Интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар. 5. Әртүрлі қосымшалармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады. 1. Ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта қабылдау. 2. Назар аударудың белсенділігі. 3. Пәнге қызығуды жоғарылату. 4. Үйретудің көрнекілігі, танымдылығы. 5. Ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру. 6. Сабақ уақытын үнемді пайдалану. 7. Оқушының жанжақты дамуы. 8. Білім сапасын жақсарту. Оқу үрдісінде компьютерде пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың баяндама, реферат жазғанынан презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды оқушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Оқушылардың ғылыми жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауы көмегін тигізеді. | |
Просмотров: 5932 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|