Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
ҰБТ сұрақтары бойынша орталық жұмысы Слямова С.Ш. директор Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» Білім беру жүйесін тиімді басқаруды қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі сенімді және берілгендерді салыстыруға негізделген білім беру сапасын тәуелсіз сырттай бағалау болып табылады. Қазақстанда оқушылардың білім сапасын бағалау мақсатында ҰБТ түріндегі тәуелсіз сырттай бақылау қолданылады. Білім беру сапасын сырттай бағалау тәсілі іспеттес ҰБТ-ны енгізу білім сапасын меңгеру үдерісі тиімділігін арттыру үшін кең мүмкіндіктер ашады. ҰБТ талдауы мен нәтижелері білім сапасын арттыру мәселелерін тиімді шешуге, білім беруді басқарудың түрлі деңгейіндегі қажетті басқарушылық шешімдерді қабылдауға ықпал ете алады. Павлодар облысы бойынша білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың Инновациялық орталығы ҰБТ-ға дайындауда ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Ең алғашқы сұрақта өткен жылмен салыстырмалы талдау өткізіледі, 2013 жылдың қорытындылары қарастырылады, ҰБТ қорытындылары бойынша орта балл 76,63-ті құрайды. 100 және одан жоғары балл алғандар – 623 түлек. «Алтын белгіге» 78 үміткер, үздік аттестатқа 46 түлек үздік білімдерін ақтады. № 3 гимназия – 112,07 балл, «Жас дарын» мектебі - 110,03 балл, қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейі – 102,08 балл, Абай атындағы № 10 мектеп-лицейі – 102,02 балл, ПМУ жанындағы облыстық көпсалалы лицей түлектері – 101,77 балл алып, озық нәтижелер көрсетті. Облыстың қалалық жалпы білім беру мектептері арасында Павлодар қаласы түлектерінің озық нәтижелері - 81,38 балл, Ақсу қаласы – 80,74 балл, ауыл мектептері арасында – Качир ауданы түлектері – 71, 95 балл. Сонымен, 2012 жылмен салыстырғанда, ең жоғары деңгей алатын оң нәтижелер түлектердің 2,5 % үлесіне кеміген, 100-ден жоғары балл алатын оқушылар саны 3,4 %-ға артқан. «Алтын белгіге» үміткерлер 9,62 %-ға, облыс бойынша орта балл 1,7 %-ға жоғарылады. Мұнымен қоса, оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда кейбір жеке ұстаздардың кәсіптік құзырлылығының жеткіліксіз деңгейі, оқыту технологиясы тиімділігін әлсіз іске асыру, 2013 жылы ҰБТ бойынша қанағаттанарлықсыз бағалардың болуы да бар. Оқу жылының басынан бері Павлодар облысы бойынша білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы аймақтық оқыту семинарларын, ұстаздарға арналған тренингтер өткізді. Ақтоғай, Железин, Май, Шарбақты аудандарында ҰБТ-ға дайындауда ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету бойынша жол семинарлары өткізілді. Білім беру басқармасымен бірлесе отырып, математика мен физикадан екі тілде айына екі рет онлайн кеңестер өткізіліп тұрады. Озық ұстаздардың қашықтық мектебі сайты әзірлемесі құрыла отырып, ұстаздар мен оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдістемелік көмек көрсетуге баса назар аударылды. 2014 жылы Орталықта облыс аудандары бойынша жылжымалы семинарлар жоспарланды. Облыста ҰБТ бойынша нәтижелерді арттыруды қамтамасыз ету үшін мына іс-шаралар өткізіледі – ұсыныстар: білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинеттері үнемі жүйелі түрде төмен нәтиежелер себептерін анықтап, түлектерді ҰБТ-ға дайындаудағы пән оқытушыларының оң тәжірибелері таратылсын; пән оқытушылары әр оқушыға реттеу жұмысы бойынша шаралар жоспары құрылсын; психологиялық қызмет ұстаздар мен оқушыларға ҰБТ-ға дайындық кезінде тренингтер мен семинарлар өткізе отырып, үнемі психологиялық көмек көрсетілсін; пән ұстаздары логикалық есептердің шығарылуына назар аударсын; нашар меңгерілген тақырыптар бойынша талдау жасалсын; ҰБТ-ға дайындық барысында сынып жетекшілері пән ұстаздарымен және ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасасын. Жалпы орта білім беру деңгейінде көрсетілетін білімдік қызмет сапасын арттыруда ҰБТ маңызды рөл атқарады. Оның нәтижелері мектептердің оқу-тәрбие үдерісін, стандарттар мен оқу бағдарламаларын, ұстаздарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды іске асыруда талданады және пайдаланылатын болады. | |
Просмотров: 1372 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|