Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жолдары
Хамзина Нүрилә Хасенқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
«№40 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» делінген. Қазақстандықтардың білімі оның мемлекеттік тілі қазақ тілінің тағдырымен тығыз байланысты. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл ретінде оқытудың барысын жан-жақты қарастыру әрбір мұғалімнің міндеті деуге болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерін дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы. [1, 12 бет]

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан–жақты, терең таныстыру,тілдерін дамыту. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.

Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты- өзге тілді жастардың өз ойын қазақ тілінде ауызша не жазбаша түрде толық жеткізуге, қазақ тілінде сөйлеген сөзді жақсы түсінуге үйрету. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға баса көңіл аударылады.Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек.Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе,ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады.

Оқу тілі орыс тілінде жүретін сыныптарда тіл дамыту жұмысына мынандай талаптар қойылады: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; тіліміздегі сөздерді орфоэпиялық ережелерге сай айта білуін қалыптастыру; сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын дұрыс,жүйелі жеткізе білуге үйрету, т.б.

Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударылады. Мұғалім әр оқушының ауызша жауабын тыңдай отырып, оның қандай қате жібергенін анықтап, сол қателерді жою мақсатында түрлі жұмыстар жүргізуі тиіс. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелету, мәтінге ауызша жоспар жасату, сөйлем құрастыру, белгілі адамдар өмірі мен шығармашылығы туралы ауызша әңгімелету, т.б. жұмыс т үрлерін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.

Оқушының сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыра білу қабілеттерін дамыту – байланыстырып сөйлеуге үйретудің шарты.Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру олардың дұрыс жазу дағдысын меңгеруіне негіз болады. Оқушыны қазақ тілінде сөйлеуге үйретуді тілімізге тән дыбыстарды меңгеруден бастаған жөн. Қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін меңгерген оқушы тіліміздегі сөздерді дұрыс айтып, жаза білетін болады. Тілімізге тән дыбыстарды жекелей айтқызу арқылы кез келген сөз құрамында осы дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгертуге дайындаймыз. Қазақ тіліне тән дыбыстарды өткенде жаңа сөздерді меңгертіп отырaмыз. Бұл қазақ тілінің фонетикасын оқып үйренудің лексикамен тығыз байланысын айқындайды.
Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты–үндестік заңын меңгерту болып табылады. Дыбыстардың өзара тіркесу заңдылықтарын, сөздердің байланысу жолдарын білмей тұрып, сөйлем құрату мүмкін емес.

Оқушылардың қазақ тілін меңгерту үшін мынадай жұмыстарды ұйымдастыру тиімді:

1. Фонетика, лексика,синтаксис мәселелерін салыстыра отырып, ережелерді меңгерту.

2. Сабақта сұрақ-жауап әдісін жиі қолдана отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға тырысу.

Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс–тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс – тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар- балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білімін деңгейіне сай келу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады:

3. Мәтінмен жұмыс.
• мәтінді мәнерлеп оқыту;
• түсінуге қиын сөздердің мағынасын ашу;
• мәтіннен жаңа сөздерді тапқызу, олардың айтылуы мен жазылуын, мағынасын меңгерту;
• мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап алу;
• мәтінге тақырып қойғызу;
• мәтін бойынша жоспар жасату;
• мәтін мазмұнын әңгімелету;
• мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ дайындату, т.б.

4. Жаттығу жұмысы. Жаттығу – грамматиканың теориялық курсы бойынша білімді бекіту мақсатындағы оқушының белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы. Сыныпта орындалатын жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, түсірілген сөздерді табу, сөйлемдерді өзгерту,сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту, көп нүктенің орнына тілдік тұлғаларды қою, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлемді толықтыру, т.б. жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қазақша сөйлеу қабілетін дамытуға болады. Мұнда оқушылардың грамматикалық материалдарды бағдарламаларға сай меңгерту, сөздерді ауызша сөйлеу барысында дұрыс қолдануы үшін тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі қажет. Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы тиянақты ойды білдіруге болады. Сөйлемді толықтыру жаттығуларында берілген сөздерден сөйлем құрату, әр сөздің мағынасын орысша,қазақша түсіндіру, дәптерге, тақтаға жаздыру жұмыстары жүргізіледі.

5. Қайталау - тіл үйретудің негізгі шарты. Сабақ барысында меңгерген сөздерді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп жаттықтыра беру қажет. Сөздерді жиі қайталату сол сөзді ұмытпау үшін керек.Мұндай жұмыс түрінде орыс тілінде жеке сөзді атап, қазақ тіліндегі аудармасын оқушыларға айтқызу арқылы тексеруге болады.

6. Мәнерлеп оқу немесе жаттау. Белгілі бір мәтінді, сөйлемді мәнерлеп оқыту тілді меңгертуге септігін тигізеді. Олеңдер, жұмбақтар мен мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар жаттаудың да маңызы зор.

7. Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс, оқушылардың тілді белсенді меңгеруі үшін ол сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы кер ек. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайда байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының:»Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», - деген тұжырымды бұған дәлел бола алады.

Сөздік қордың жүйелі болуы тақырыптың дұрыс таңдалуымен тікелей байланысты. Тақырып аясына тиісті сөздерді топтау басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын арттырып, бір- бірімен осы тілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Сабақты тиімді де құнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді.

Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. [4,5 бет]
Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады. [5,101 бет]

Әдебиеттері:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2008ж.
2. Маманов Ы., Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту., Алматы,1980ж.
3. Ж.Д.Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000ж.
4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003 ж, №5; №1, №2,№10, 2010ж.,№2,2004ж.
5. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі, Алматы, 2000ж.
6. Байтұрсынұлы А., Тіл тағылымы., Алматы.,1989ж.
Категория: Опыт | Добавил: ber-lar (2014-04-24)
Просмотров: 3453 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2025-07-03, 11:37 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru