Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
МӘШҺҮР ЖҮСІП МҰРАСЫ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН РУХАНИ БАЙЛЫҚ НЕГІЗІ Құралай Уахитқызы Негманова Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері 2014 жылдың сәуір айында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі «Машһүртану» ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығы орай Павлодар облысы білім беру басқармасы Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығымен бірге Павлодар облысы бойынша «Мәшһүр Жүсіп мұрасы – ұлттық құндылық пен рухани байлықтың негізі» атты облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына облысымыздың 60 педагогі қатысты. Семинарда өткен ғасырлар мұрасы 19-20 ғасырлар аралығындағы шығармаларда көрініс алып, сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына ұлттық салт - дәстүрлер енуі зерттелді. Қазіргі таңда педагогтер Мәшһүр Жүсіп тарихи - мәдени мұрасын арнайы курстарда бірігей материалды - рухани элементтер жүйесі ретінде қарастырып, тарихи - әлеуметтік мәдениет үдірісін қалыптастыратын жағдайлар, дәстүрлер үдірісітері тұлғаның дамуын қалыптастырады. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғылыми жұмыс және инновациялар бойынша проректор Н. Т. Ержановтың алғы сөзінен кейін қызу әрекет басталды. Ол өз сөзінде « Машһүртану» ғылыми-практикалық орталығына 10 жыл толғаны туралы айтты. Қазақ әдебиеті шығармаларында ұлттық сана мәселелері терең де жан-жақты зерттелді(көбінесе 19 -20 ғғ.). Бұл іс тек өсіп келе жатқан ұрпақтың қызығушылығын артып қоймай, сонымен қатар туған ел әдебиеті тарихын оқуға баулып, жаңа ұғымдар мен ұлттық намыс туралы патриоттық сезімді қалыптастырады. Аталмыш тақырыпты семинардың пленарлық бөлімінде филология ғылымының докторы, профессор А. Т. Тұрышев жан-жақты тоқталып өтті. М.Ж. Көпеевтің прозаларының орыс тіліне аудармаларының ерекшелігі туралы қазақ халқының ұлттық- рузани дамуы туралы к.ф.н. М. Т. Тезекбаев тоқталды. М.Ж.Көпеев шығармаларында түркі тілдерінің ауыз және жазба әдебиетін үлгілерін пайдаланғаны туралы «Мәшһүртану» орталық жетекшісі А. Ж. Көпеев тоқталды. Инновациялық орталық әдіскері К.У. Негманова М.Жүсіп мұрасы бойынша «Павлодар облысы бойынша Машһүртану курсын оқыту мәселелері» атты секциялық топтың жұмысын жүргізді. Ең алдымен «Баянауыл ауданында Мәшһүртану курсын оқыту» бойынша Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Т.Қ.Ахатов атқарылған жұмыстарымен бөлісті. «Лебяжі ауданынада Мәшһүртану курсын оқыту» Лебяжі ауданының Малыбай ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.А. Шалабаевада осы бағыттағы жұмысын көрсетті. М.Көпеев мәдени мұрасын оқу, зерттеу, сақтау туралы Екібастұз қалалсының №26 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Р.Т.Жұмабекова озық тәжірибесімен бөлісті. Павлодар қаласының №19 ЖОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.А. Тұрсынова, ағылшын тілінің мұғалімі М.С. Оспанова, «Мәшһүртану» ҒПО-ның к.ғ.қ. М. Б. Аманжоловамен аталмыш курс бойынша өз мектеп мұражайының видиоматериалдарын таныстырды. «Мәшһүртануды оқыту мәселелері» бойынша ҒПО-ның к.ғ.қ. С. Ә. Ысқақ баяндама жасады. Семинар бағдарламасының ерекшеленгені университеттің «Мәшһүртану» орталығына экскурсия болды. Семинарға қатысушыларға М.Жүсіповтің шығармаларын заманауи рәсімдеу жағы өте әсерлі болды. Семинар қорытындысын шығарған кезде қатысушылар мәдени мұра шығармашылықтың қайнар көзі болып табылатыны, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы болып табылады. Бүгінгі таңда қазақ халқынының рухани - мәдени қазынасына қомақты із қалдырған – ұлы ақын, публицист, философ, ғалым М.Ж. Көпеевті қайта «жаңғырту» оны терең түсінуге уақыты келіп тұр. | |
Просмотров: 1646 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|