Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Тақырыбы: «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: жазушының өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, шығарманы талдау. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: шындықты қабылдау, намысты, арлы, әділетті болуға баулау. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу, ынталандыру. Психологиялық бағыт: Қазақ халқы былай деген: «Жақсы сөз - жарым ырыс”. Көңіл-күй тамаша болу үшін жылы, жақсы сөздерді айтайық: ақыл, жүрек, рақым, махаббат, достық, әділет, сезім, еңбек, өнер, ғылым, ар, білім... Осы сөздердің бәрі Абайдың шығармаларында кездеседі. Ал, Абай туралы көп жазған - әрине, Мұхтар Әуезов. Үй жұмысын тексеру: «Ой қозғау» стратегиясы. М. Әуезовтің өмірбаянына байланысты «зымыран сұрақ» жүргізу. ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру ІІІ.Сабақтың мақсатын, өту барысын айту. Сабақтың ұраны: Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана. Қалайша бас имессің оған, сірә. ІҮ.Тірек-сызба, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, жаңа модуль бойынша тақырыпты түсіндіру. Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі - Әуезов. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр. М.Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан да, атасы Әуез де хат танитын сауатты адамдар болған. 1904 жылы Абай дүниеден өткенде, Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады. 11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады. М.Әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды. 1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды. 20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады. Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң, қайғы.Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағы әрекеттері болатын. «Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы. Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Ү.Оқулық пен дәптермен жұмыс. 1. Тірек-сызбалары, дәйексөзді дәптерге жазу. ІІІ деңгей. Тапсырма. 1. М.Әуезовтің туған жылы 2.М.Әуезов шығармаларының тақырыбы 3.М.Әуезов әңгімелері 4.М.Әуезов пьесалары ІІ деңгей 1. М.Әуезов алғашқы сауатын қалай ашты? 2. М.Әуезов кімнің тәрбиесінде болды? 3. Тұңғыш жарық көрген туындысы қалай аталды және онда қандай мәселе қозғалды? Жауабы: 1.М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 2.М.Әуезов шығармаларының тақырыбы - бұрынғы қазақ даласының тіршілігі мен тағдыры 3. 20-жылдары: «Оқыған азамат», «Қорғансыздың күні», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», т.б. 30-40 жылдары: «Іздер», «Білекке білек», «Үш күн», «Бүркітші» т.б. 4 .М.Әуезовтің пьесалары: «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз», «Абай», Айман-Шолпан», «Түнгі сарын» т.б. ІІ деңгей 1.Бала Мұхтар алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады. 2. Он бір жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін Мұхтар қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. 3. 1917 жылы «Адамдық негізі-әйел» атты туындысы жарық көреді. Бұл көсемсөзінде автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені қозғайды. 4. М.Әуезовтің 1921 жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда шұрайлы тіл, терең психологизм, таза мөлдір шындық бар. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесі мен үйлесімділік табады. Жазушы тақырыбы ортақ, сюжеті желілес осы әңгімелерінде сыншыл реализм әдісін қолданған. І деңгей 1.Ғ.Мүсірепов «Абай» романы туралы, З.Қабдолов Әуезов.Ы.Т.Дүйсенбаев,Н.А.Анастасьев Е.Күзембаев, Ұ.Күзембаев 2.Абай жолы-халық жолы.Абайдың өсу, толысу, қалыптасу жолы әке жолынан бөлек халық жолын таңдап алуы осының айғағы. Жазушы Абай бейнесін халық өмірімен бірге алады. 3.Құнанбай образы-шебер жасалған образ.М.Әуезов айтқандай, Құнанбай образы, идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні- ескіні көрсету нәтижесінде туған. 4. Қазақ неткен ғажайып халық» (Бенжамен Матип). «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті.»(М.Луконин). «Абай» романын неше рет қайталап оқысам , сонша әрдайым жаңа көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам» (Ғ.Мүсірепов). Тест сұрақтары 1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? А) 1900-1973 Ә) 1897-1961 Б) 1895-1960 В) 1894-1959 2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? А) Немере ағасы Қасымбектің Ә) Әкесі Омарханның Б) Нағашыларының В) Атасы Әуездің 3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді? А) жиырмадан енді асқан Ә) жиырмада Б) Отызда В) он сегізде 4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз. А) «Бақыт жолына» Ә) «Бәйбіше-тоқал» Б) «Ш.Уәлиханов» В) «Ант» 5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз. А) Майбасар Ә) Тәкежан Б) Ызғұтты В) Ербол 6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз. А) «Мәдениет һәм ұлты» Ә) Философия жайынан» Б) Адамдық негізі-әйел» В) Оқу ісі 7.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз. А) Б.Матип Ә) К.Федин Б) Бельгер В) Л.Арагон 8.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз. А) «Қаракөз» Ә) «Абай жолы» Б) «Еңлік-Кебек» В) «Жетім» 9.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз. А) Зере Ә) Айғыз Б) Ұлжан В) Күңке 10. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін белгілеңіз. А) Табанды , қырсық адам Ә) Сыр бермес Б) Жалтақ адам В) Сұм адам Жауабы: 1-ә, 2-а,3-а, 4-ә,5-б,6-б,7-а,8-в,9-ә,10-б. Тест сұрақтары ІІ нұсқа 1.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз. А) «Абай жолы» Ә) «Қилы заман» Б) «Қаракөз» В) «Еңлік-Кебек» 2.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді? А) 1922 Ә) 1928 Б) 1924 В) 1926 3«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім? А) Рабиға Ә) Ғазиза Б) Жәмила В) Қадиша 4М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз. А) Кәмшат Ә) Айгүл Б) Мағыш В) Салиха 5.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз. А) «Қилы заман» Ә) «Қаралы сұлу» Б) «Қараш-қараш оқиғасы» В) «Оқыған азамат» 6.«Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз. А) Бөжей Ә) Байдалы Б) Қодар В) Қаратай 7.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты? А) Абай жолы» ІІ кітап Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап Б) «Дос-бедел-дос» В) «Абай жолы» І кітабы 8.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз. А) Азамат Ә) ақын Б) Ел қамқоры В) Азамат-ақын 9.»Абай жолы» романындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетіңіз. А) Орта шаруалы адам Ә) Абайдың шәкірті Б! Кедей жатақ В) Бай , болыс 10.Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз. А) Оқиғаны баяндау Ә) Табиғатты суреттеу Б) Оқиға болған жерді көрсету В) Адамның сыртқы түрін сипаттау Жауабы: 1-в, 2-ә, 3-ә, 4-а, 5-б, 6-а, 7-а,8-а, 9-б, 10-ә. VI. Сөзжұмбақты шешу: 1. Семей 2. Мұхамеджан 3. Абай 4. Ербол 5. Пушкин Үйге тапсырма: эссе жазып келіңдер. | |
Просмотров: 16794 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|