Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі енгізілгені туралы рефлексивті есеп.
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету модулі қалай және не үшін енгізілгені туралы рефлексивті есеп.
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн.
Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Қазіргі заман мұғалімнен өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік талап етілуде. Қойылған талаптарды орындау үшін Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейінің «Бірінші бетпе – бет» кезеңінен өттім. Мен осы курста жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылатынын байқадым. Жүзеге асыру үшін бірнеше сабақтар топтамасының жоспарын жасадым. Ондағы мақсатым: оқушылардың ақпаратты өз бетінше алуға үйрету, топтық жұмысқа белсене қатыса білуге дағдыландыру, оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіріп жинақтау, өз ойларын дәлелдету, нені қалай оқу керектігін ұғыну арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Мен мектеп кезіндегі тәжірибемді 4 «А» класына қазақ тілі пәнінен өткіздім. Бұл класта 19 оқушы бар. Тәжірибе барысында жеті модульдің ішінен сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қолдандым. Сыни ойлау арқылы баланың ой ұшқырлығын, жан- жақтылығын арттыруды басшылыққа ала отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамытуды көздедім. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану». Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық тәсілдің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, ойлаудың, тәжірибенің, талдаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ой елегінен өткізуді қамтиды (Нұсқаулық 49 бет).
Мен алғашқы сабақтарымнан бастап оқушылардың сыни ойлауына ықпал еттім. Оқушылардың топ құруы, топ ережесін ойластыру оқушылардың сыни ойлай алатынын көрсетті.
Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау мазмұнын оқу әрекетінің бірнеше түрлерінде жүзеге асыруға болатынын байқадым.
Бірінші сабағымның тақырыбы: «Сөйлем». Атмосфералық орта қалыптастыруда «Сіз білмейсіз, мен...» тренингінде тұтығып сөйлейтін оқушы Манас «Сіз білмейсіз, мен домбыра тартамын», Дариға: «Сіз білмейсіз, мен нан пісіремін», көп сөйлемейтін оқушы Әли «Мен өлең айтамын», Дәулет «Мен кәуап пісіре аламын» деп, оқушылар өзінің ерекше қабілетін, қасиеттерін айтты. Оқушылар бір - бірін қайталамауға тырысып, сыни ойлап, сабаққа деген қызығушылықтары артты.
«Моншақ теру» әдісі арқылы оқушыларды үш топқа бөлдім. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей байланыс жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді (Нұсқаулық 50 бет).
Сын тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіретінін (Нұсқаулық 49 бет) ескере отырып, «Болжам жасау» әдісін қолдандым. Оқушылар «Аю мен еліктің лағы» ертегісінен үзіндіні бейнероликтен көрді. Әрі қарай не болатынына болжам жасады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтің берері мол. Ол сөйлесудің негізгі түрі. Александердың пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатырған идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады (Нұсқаулық 29 бет). Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға
«Көршіңмен бөліс» әдісін пайдаландым. Балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі - үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым. Сұрақ дұрыс қойылған кезде ол сабақтың тиімді құралына айналады (нұсқаулық 41 бет) Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылар бір-біріне өзара сұрақ қойды. Сабақты қорытындылау мақсатында «Жұбыңмен бөліс» әдісін қолдандым. Өткен сабақтарға байланысты оқушылар бір- біріне сұрақ қойды.Ең бастысы сабақ барысында ұялмау керек екенін түсінгенін айтты. Сабақты оқушылардың жақсы меңгергендігін көріп, өте жақсы көңіл- күйде болғанымды сездім. Сабақта өзім көшбасшы бола алдым. Екінші сабағымда балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін «Сен қандайсың?» тренингін өткізгенде, Дильназ: «Мен дидарлы Дильназбын», Әли: «Мен әнші Әлимін», Индира:»Мен инабатты Индирамын» деп жауап берді. Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл балалардың жеке басының тәжірибедегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру (Нұсқаулық, 49 бет) екенін басшылыққа ала отырып, сабақтың мағынасын ашу кезеңінде «Конверт сұрақ» әдісін қолдандым. «Жалаң», «Жайылма» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесің? деген сұрақтар арқылы сыни ойлаттым. Әр оқушы стикерге жауап жазып конвертке салды. Аяна: «жалаң деген жалғыз ғана сөз сияқты, ал жайылма жайылып тұратын сөз». Асель: «жалаң» деген біреу деп ойлаймын. «жайылма» деген ол адамдарға таратылып кеткен зат деп ойлаймын. Дәулет: «жалаң дегеніміз бір жұқа киім кигенді айтамыз, жайылма деп көп киім кигенді айтамыз. Оралхан: «Жалаң дегеніміз бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. Жайылма сөйлем жайылып айтылатын сөйлем» Оқушылардың жауабын оқи отырып жаңа сабаққа қосымша мағлұмат бердім. Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің стратегиялары көрініс тапты деп түсінемін. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы өзара талдау тәсілін пайдаланып, бір – бірінен үйренгендігіне және олардың пікірлері басқалар үшін маңызды екендігін түсіндім.. Мен оқушыларымның сыни тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту үшін тапсырмаларды түрлендіріп беруге тырыстым. «Мақал ішінде мақал» тапсырмасын орындауда оқушылар сыни ойлай отырып, төрт мақалдың сөздерінен әр түрлі мақалдар шығарды. Айбар: «Сөз кітапта, алтын жерде», Дильназ: «Білім мектептің асылы, жер елдің асылы». Оқушыларды сыни ойлатуда АКТ –ны пайдаландым. Сыни ойлату – оқушының шығармашылық қабілетін сұрақ қоя отырып дамыту, сабақты түрлендіріп өткізу, жаңа әдістерді қолдану, тіл байлығын дамыту, дұрыс сөйлеу мәнерін қалыптастыру болып табылатынын басшылыққа алып, «Күзгі алма бақ» бейне ролигін көрсеттім, сол бейне ролик бойынша 1 топ эссе, 2 топқа өлең шығаруға, 3 топқа сурет салуға тапсырма бердім. Үлгерімі төмен оқушым Замира мәтінді суреттер арқылы түсіндіре алатынын көрсетті. 2 топтың « Қызыл алма» өлеңі:
Қызыл алма, сары алма Қызыл алма, сары алма,
Кең даланың бәрі алма. Қандай тәтті бұл алма!
Толтыр қабын жомарттың,
Олжа болма сараңға.
Өлең шығаруда оқушылар өте қызығушылықпен орындады. Топ оқушылары белсенді қатысты. Сынып оқушылары топтық жұмыс жасау барысында бір- біріне деген жанашырлық, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. Сабақ барысында оқушыларымда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасап отырдым (Нұсқаулық 35 бет). Оқушылар өздерін ынталандыра отырып, оларда алға қарай ұмтылыс пен қызығушылық пайда болды.Топтық жұмыс кезінде өзіне сенімі аздау Замира, Манас, Рүстем сынды оқушылардың әртүрлі жағдайда, топтық әңгімеде өздерінің пікірлерін ашық айтып, сабаққа қызығушылықпен қатысып отырғаны мені таңғалдырды. Топ ішінен Манастыңың топтық таныстырылымды қорғауға шығып, еркін сөйлеп, өз ойын айтқаны бәріміз үшін үлкен жаңалық болды. Тұтығып сөйлейтін Манастыңың өзін еркін ұстап көп оқушының ішінен өз еркімен шыққанына қарап «үнсіз» оқушымның ашыла бастағанын байқадым. Әр топтың міндеті әртүрлі болғандықтан тапсырма оқушылардың қызығушылығын арттырды. Басым көпшілігі белсенді болып, өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарға жауап беруге қатысты. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлаулары әңгіме барысында байқалды. Топтық таныстырылым барысында оқушылар өз жұмыстарын жолдастарының алдында қорғауға алып шыққанда өздерін еркін, көңілді сезінді. Оқушылар тақырыптан ауытқымады. Топтық таныстырылымды қорғағаннан кейін топтар бір- бірінің жұмыстарына екі жұлдыз бір ұсыныс айтты. Оқушылар екі жұлдызды жақсы айтып, ал ұсыныс айтуда қиындық туындады. Ұсыныс айтқанда тек жазу калиграфиясының нашарлығы туралы қайталана берді. Осы жерде бағыт бердім.
Үшінші сабағым «Құрмалас сөйлем» Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым- қатынас қалыптастыру мақсатында оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып «Мен ұқсаспын, өйткені ...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып сабақты тренингпен бастадым. Тренинг кезінде оқушылар өздерінің қай оқушымен ұқсас екенін айтты.Тоқтала кетсем, Айбар: «Мен Диарменен ұқсаспын, өйткені аналарымыз апалы- сіңілі». Диара: «Мен Алматпен ұқсаспын, өйткені екеумізде қарамыз». Жасмин: мен Айсанамен ұқсаспын, өйткені екеумізде ақылдымыз», Дильназ: «Мен Айанамен ұқсаспын, өйткені екеумізде оқу озатымыз» деген жауаптары арқылы сабақтың әрі қарай жалғасуына ықпалын тигізді. Сабақтың өтілу барысында оқушыларымның мен білмейтін қырларының бар екенін аңғардым. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріндегі ерекшеліктер: ұтқырлық, өзіндік сана- сезім, пайым тәртіп (Нұсқаулық 53 бет). Осы қасиеттердің менің оқушыларымның бойында да бар екенін байқадым. «Ойлан –бірік- бөліс» әдісіндегі күтілген нәтижем – ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгереді, мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын жетілдіреді және кластастарымен жылы қарым – қатынас жасайды. Осы әдісте оқушы өтірік өлеңді алғаш өзі жазды, содан соң оны қасында отырған оқушыға баяндап берді, өздерінің ең үздік өлеңдерін біріктіріп, содан кейін класпен бөлісті. Оралхан: «Бұлтта өскен қызғалдақты, көбелекпен жинап келдім», «Үнсіз оқушы» Сұлтанның жазғанын оқушылар жақсы жазған деп бағалады. Сұлтан: «Көгершінге мініп бұлтқа жеттім, тасбақаға мініп атқа жеттім». Диалогтық оқытуды қөру мақсатында «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісін қолданып, оқушылардың дұрыс сөйлеуін, тілін дамытып, оқушылар өздерінің арасында да сұрақ қоя білуді дағдыландырдым. Индира, Дильназ, Оралхан, Айбар жолдастарының қойған сұрақтарына жүйелі жауап бере алды. Төртінші сабағымда «Сөйлем мүшелері» тақырыбындағы сабақта сызбаны анықта, жасырын сөз, ойлан тап, ойлан-бірік- бөліс, ашық микрафон әдістерін қолдандым. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой қозғау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар ашты. «Өз отбасы туралы, отбасының басында кім және оның мүшелері кімдер екенін стикерде білдіріп, «Қабырғадағы роль» сызбасына жапсырды. Неге тұрлаулы мүшеге атаң мен әжеңді жаздың? деген сұраққа Ақмарал: «өйткені олар үйдің басшысы, әкем мен шешем де атам мен әжемді тыңдайды деп жауап берді. Тұрлаусыз мүшеге неге өзіңді, апа, ағаларыңды жаздыңдар? деген сұраққа Аяна:«Өйткені біз отбасын толықтырып тұрмыз» деп жауап берді. «Сызбаны анықта» әдісін пайдаланғандағы күтілген нәтижем- оқушылардың алдында алған білімдерін еске түсіру, сол арқылы тақырып бойынша білімдерін актуалдандыру, ақпаратты қысқа да нұсқа айтуға дағдыландыру. Үш топ балалары барынша өз білетіндерін және сызбада жазылып тұрған мағлұматты айтты, бірақ екінші топ жүйелі сөйлеумен ерекшеленді. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алға тәрбиелеу екенін «Жасырын сөз», «Көзбен көру айғақтары» әдісін қолдануда білдім. «Жасырын сөз» әдісінде оқушылар ребусты шешті,шешуі «кітап». Сол сөзге байланысты бір топ мақал, екінші топ жұмбақ, үшінші топ жаңылтпаш құрастырды. Жекеше ойланды, жұппен әңгімеледі, топпен ортаға салды. Ойларын флипчартқа түсірді. «Сөз жақсысы кітапта», «Кітаптан білім аласың, оқымасаң надан боласың», жұмбақ: «Ішінде түрлі заттар бар, еңбектенген алады, жалқаулар одан құр қалар»,жаңылтпаш: «Кітаптан кім білім алады, білім алмаған кім болады?» Топтардан бір спикер ортаға шығып жазған мақалдарын оқыды. Жұмбақты шешті, жаңылтпашты жаңылмай әрі тез айтып шықты. «Көзбен көру айғақтары» әдісінде ойжұмбақ берілді. Көз алдына елестету арқылы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатынын білді. Топтағы барлық оқушылар Выготскийдің оқушылар өздерінің жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) (Нұсқаулық 28 бет) жұмыс істесе, жақсаратындығы туралы айтқан пікірін өткізген іс – тәжірибемде «Ойлан тап» әдісі арқылы көре білдім. Бір сөйлем жасырылған. Жасырын сөзді табуда кейбір оқушыларға көмек қажет болды. Бағдат көп ойланды, оған ойы ұшқыр Тоқтамыс Айбар көмек көрсетіп, Бағдат: «Мұхтар жасынан оқи білді» деп жасырын сөзді тапты. Топта жұмыс жасау, тиісті топтың ерекшеліктерін білу, ынтымақтастық ахуалын ұстай білу, мәселені шешу мақсатында тиімді қарым-қатынастар құру, түрлі өзгерістерге дайындық оқушының қысылмай еркін сөйлеуін, қарым-қатынас мәдениетін, шыдамдылықты жетілдіруге мүмкіндік береді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта қолданудың тиімді екенін түсіндім.Осы аз уақыт ішінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің маңызы зор, оқушы үшін өте тиімді екеніне көзім жете бастады. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын ашық айта алмайтын , өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы шексіз. Сыни тұрғыдан ойлауға жүгінсем алынбайтын қамалды да алуға болатынына көз жеткіздім. Сыни тұрғыдан ойлауды тәжірибеме енгізгенде оқушыларда біршама өзгерістер болды: Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың белсенділігі артты. «Үнсіз оқушым» ашылды. Еркін ойлауға, еркін сөйлеуге деген ұмтылыс пайда болды. Ойларын ашық айтып, дәлелді пікір айтуға үйренді. Сыни тұрғыдан ойлау әдістері менің сабағымның тиімділігі мен нәтижелігін, сапасын арттырды. Оқушылар жаңа сабақты өз бетімен түсінді. Мен болашақта сын тұрғыдан ойлауды одан әрі жетілдіріп, күнделікті сабақтарымда қолдансам деймін. Өйткені сыни ойлау- оқушылардың өз пікірін дәлелді түрде қорғауға жетелейтін, өзіндік пікірін қалыптастыратын, сөздік қорының дамуына ықпал ететініне сенімім мол. Сондықтан, келешек ұрпақтың жеке тұлғалық сипатын дамытуда, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенім қалыптастыруда алар орны ерекше деген түйінге келдім. Бұл жетістік бағдарламаның нәтижесі.3 апталық тәжірибемде жақсы нәтижеге жеттім деп айта алмаймын. Белгілі бір нәтижеге жету үшін біраз уақыт керек сияқты. Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда мынандай қортынды шықты: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға,еркін сөйлеуге, ой бөлісуге, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға, көзқарастарын кеңейтуге, баланың ізденуіне, зерттеуіне үздіксіз жол аштым.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2014
Категория: Опыт | Добавил: Эльвирок (2014-11-11) | Автор: Аргинбаева Амансулу Умиралиевна E
Просмотров: 5694 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 11:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru