Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты
Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу
себептері мен сипаты

Қазіргі кездегі әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, екіншілік кемістік ретінде сөйлеу тілінің дамуы тежелеген ерте жастағы дамуында ауытқулары бар балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе, тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.
Бұл тақырыптың өзектілігі мынада- дамуында ауытқуы бар ерте жастағы қазақ тілді балаларға арналған педагогикалық түзету, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту бойынша жүйесі жасалмаған. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде түзету, олардың жалпы дамуының да бірден бір шарты болып табылады және екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады. Сондықтан, психологтялық және дене дамуы тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға едәуір үлес қосатын жұмыс жүйесін дайындау бүгінгі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Сәбилік кезеңінде сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуі байқалады, яғни сөйлеу тілінің нышандарының жас ерекшеліктерінің нормаларына сәйкес келмеген жағдайы. Тежелудің бұл түрін белгілеу баланың психикалық дамуының онтогенезінде сөйлеу тіліне дейінгі кезеңнің болуы туралы тұжырымға негізделеді. Сөйлеу тіліне дейінгі тежелу сөйлеу тілінің барлық немесе кейбір алғышарттарының баяу қалыптасуымен түсіндіріледі. Бұл кезде сөйлеу тілінің дамуы онтогенездің барлық кезеңдерінен өтеді, бірақ ақырын. Сөйлеу тілінің нышандары жеткіліксіз дамығандығын келесі белгілерден анықтауға болады: бала айқайы мен жылауы әлсіз, бір қалыпты, интонациясы мәнерлі емес, сонымен бірге гуілдеу мен былдырлауы толыққанды емес, сәби өзіне қарап сөйлеген адамдарға қызығушылық танытпайды, олардың сөйлегендеріне еліктемейді, қарым-қатынас орнату үшін дыбыстауды өолданбайды, жалпы айтқанда, коммуникативті тұрғыдан енжарлығымен сипатталады.
Сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз 4 жасқа дейінгі сөйлеу тілі дамуының нормадан қалуы. Мұндай тежелістер түрлі себептерден болуы тиіс. Мысалы, сөйлеу тіліне сұраныс болмаған жағдайда, яғни баламен ешкім сөйлеспесе немесе оның қалауы мен тілегін тауып біліп, өз қажеттілігін сөзбен айтуға ынталандырмаған кезде. Сөйлеу тілінің тежелуі осы қызметке жауап беретін жүйке жасушаларының баяу пісіп жетілуінен де, бас миының ауруы мен зақымдалуынан да болады. Жиі кездесетін себептердің бірі- есту қабілетінің зақымдалуы. Сөйлеу тілі есту негізінде қалыптасқандықтан, естуінде ауытқулары бар баланың сөйлеу тілінің дамуында да тежелістер мен кемістіктер пайда болады.
Естуі нашар балалардың сөйлеу тіліне дейінгі дамуы есту қызметінің төмендеу дәрежесіне тәуелді болады және импрессивті, экспрессивті сөйлеу тілінің нышандарының қалыптасуы кешеуілдейді.
Артикуляция мүшелері қозғалысының бұзылуы да сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуіне әкеп соғады. Мұндай тежелістер сөйлеу аппараты иннервациясының бұзылу салдарынан 1 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі нышандарының қалыптасуын 2-3 айдан артық уақытқа кешеуілдетеді. Ал осы тежелудің себебін дәрігер-невропатолог пен логопед бірлескен тексеру нәтижесінде анықтап, диагноз қояды.
Артикуляциялық аппаратты тексеру бала денесінің тыныштандырылған қалпындағы артикуляция мүшелері құрылымының ерекшелігін, тамақтану кезіндегі мимикалық әрекет ету және дауыс пен дыбыс реакциялар барысында артикуляция аппаратының еріксіз қозғалысын бағалауды қамтиды. Бала қалай емеді, жұтады және осы процестер тыныс алумен қалай үйлесетіні бойынша нервтің қызметі туралы білуге болады.
Сөйлеу тілі дамуының тежелуін диагностикалау анамнестикалық мәліметтердің, ата-аналармен сұхбаттасу және баланы дәрігер-невропатолог пен логопедтің клиникалық-логопедиялық тексеру негізінде жүргізіледі. Импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтау онтогенездегі қалыпты даму нормативтерімен сәйкестендіру негізінде жүзеге асады.


№ 39 қазақ орта мектебінің
мұғалім-логопеді:
Шамшиева Алмагүл Шердарқызы
Категория: Опыт | Добавил: Эльвирок (2014-11-13) | Автор: Шамшиева Алмагүл Шердарқызы
Просмотров: 3620 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 9:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru