Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Байғанин ауданы,Алтай батыр ауылыА.С.Пушкин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірбай Жанат Смадиярқызының тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есебі «Сабақ беру—үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,ол -үнемі жаңаны табатын өнер » М.Жұмабаев Деңгейлік оқыту бағдарламасымен танысып, оқып-үйренгенімді тәжірибе барысында жүзеге асырдым.Ең алғашқы күннен бастап әріптестермен кездесуді ұйымдастырдым.Алғашқы кездесуім—директормен кездесу болды.Мектепте тәжірибе кезеңінде орындалатын тапсырмалар мен жұмыс жоспары жайында кеңестім.Жоспарланған жұмыстарды орындауға өз үлесін қосатынын және жан-жақты көмек көрсететінін айтты.Сонан кейін Кембридж бағдарламасын оқыту негізіндегі үш айлық курс туралы,бағдарлама мазмұны мен міндеттерін таныстыру мақсатында әріптестермен семинар кеңес жүргіздім.Бағдарлама мақсаты,күтілетін нәтижелермен таныстырдым. «Жақсы ұстаз шәкіртіне талмас талап,қайыспас қанат сыйлайды»делінеді қазақ даналығында.Мұғалім әрбір оқушының жүрегіне жол табуда әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын.Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып,сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын байқадым.Жүзеге асыру үшін сындарлы оқытуға негізделген сабақтар өткізуді жоспарладым.Жеті модульді кіріктіреотырып,оқушылардың қызығушылығын ескеріп,оқуды ұйымдастырдым.Ең алғашқы күннен бастап өз тәжірибемді алдымен «дәстүрлі» оқыту формасында қалыпқа айналған үш қатарға бөлінген парталардың орнын ауыстырып, оқушылардың топпен бірлесе жұмысжасауына ыңғайластырумен бастадым.Себебі, «Оқушылар оқшауланып» оқымайды.Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы »деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді.Оқушылар арасында бірлескен жұмыс,бір-бірін қолдау топтық рух мадақталады» (Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық,2011,36 бет) деген ұстаным берік қалыптасқан. Сабақтарды өткізбес бұрын оқушыларға идеяларының барлығы да құнды екенін,Мерсер(2000) сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір амасу» барысында тең құқылы серіктестер екендігін айттым.Жалпы оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерсан алуан.Бірақ сол әдістер мен тәсілдерді тиімді қолдану ұстаздың міндеті. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп,оларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай,өзіне қажет әдісті тауып,пайдалана білуі керек.»Осы идеяның аясында өз сабақтарымды оқушылардың бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызған ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен бастадым.Алғашқы сабағымды Д.Бабатайұлының «Аягөз,қайда барасың?!»өлеңі бойынша өткіздім.Сабақтың басында оқушылардыынтымақтастыру ортасын қалыптастыру мақсатында «Сәлемдесу дәстүрі» жаттығуын өткіздім.әр елдің амандасу салты бойынша психологиялық тренингке қатыстырдым.Жаттығу нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтерілді.Оқушыларды «Өзен», «Орман», «Тау» жаттығуын орындату арқылы үш топқа бөлдім.«Екі шеңбер» ойыны арқылы өтілген тапсырмаларға шолу жасаттым.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.(Мұғалімге арналған Нұсқаулық 41–бет) Сыртқы шеңбердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға сұрақ қойды.Ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілі бойынша айналып, олар бір-бірімен диалогтық қарым-қатынасқа түсті. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. (Нұсқаулық 40-бет.) Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындауда бірізділікті сақтай отырып,оқушылардың өздері анықтай алатындай мүмкіндік жасауға тырыстым. Сабақ тақырыбын айқындап алу үшін«Ассоциация» әдісін «Өзен» тақырыбы бойынша пайдаландым. Оқушылар өзен туралы ұғым-түсініктерін сыни тұрғыда ойлану арқылы жеткізе білді. Әрі қарай оқушылардың түсінік-танымын арттыруды көздей отырып, өзен туралы қандай мақал-мәтел білетіндіктерін сұрадым.Сол кезде Перизат деген оқушым «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген мақалды айтып,өз жауабымен таңғалдырды. Бұл оқушымның ойы ұшқыр,ерекше қабілетті екеніне көзім жетті. Менің санамда осы оқушым болашақта өзіме серіктес болады – ау деген сенім ұялады. Осыдан келіп, сабақ тақырыбын анықтап мақсатын шығара білді үш рет шапалақтау арқылы оқушыларға қолдау көрсетілді. Осы сабағымда оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып,олардың іс-әрекет түрлерін қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулу мақсатында Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша мәліметтер жинап, таныстырылым жасауды үйге тапсырған едім. Бұл тапсырма арқылы мен әрбір оқушыны өз бетімен оқуға, талдауға, ойын ашық айтуға өзін-өзі бағалауға жетеледім. Осы мезетте Фриманның «күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады»(Нұсқаулық, 73- бет )деген сенімді өлшемін негізге ала отырып,оқушыларымның ерекше қабілеттерін «Ашық микрофон» әдісі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарынан байқадым. Осы әдіспен жұмыс жасату барысында оқушыларым сыни ойлау дәрежесінің жоғары екенін көрсетті. Мәселен, «Тарихшы ғалым» – Сабина ақынның туған жері – Ақжайлау мен Сандықтас, Аягөз туралы тарихи дерек көздерін тарих қойнауынан ақтарып, ол жерлерде ескі түрік тайпалары тұрғандығын, Аягөз өзенінің шығу тарихының өзі сол тайпалардың сөзінің мағынасынан яғни, « ая» сұлу, «гөз» өзен деген сөзінен шыққан дей келе, олардың сол суды су патшасы – Сүлейменге теңеп,ерекше қастерлегенін айтып, қос ғашық – Қозы Көрпеш – Баян сұлудың мәңгілік тұрағы – зираты сол өңірде қоныс тепкенін,олар туралы аңыздардан бір-екі мысал келтіріп,олардың бейттерінің арасынан бір жағымсыз бейнедегі тас мүсіннің пайда болғаны туралы айтты.Сол кезде оқушылар ойланып,тас мүсіннің Қодар екенін айтып,сонда олар өлсе де Қодар әлі де тыныштық бермегені ғой деген ойда қалдырып,бұл аңыз екенін, аңыздың түбінде шындық барын айта отырып,ауыз әдебиетінің бір саласы-ғашықтық жырларға тоқтала кетті. Ендігі кезек географ ғалымға келіп,жинаған мәліметтерін беріп жатқан кезде төмендеу оқитын Нұрсәт деген оқушым қызығушылығы басым болды ма, кенеттен Аягөздің терең шұңқыры қай жерде? деп сұрақ қойды. Ізденген оқушы қинала ма,бірден темір жол көпірінің астындағы қазан шұңқырда, тереңдігі 1574км деп жауап берді.Одан әрі географиялық жағдайы мен жер рельфінің ерекшелігін айта отырып, Тарбағатай өңірінен бастау алатын тоғыз өзеннің торабы Аягөз екенін карта арқылы таныстырылым жасап, түсіндірді.Эколог ғалым Шығыс Қазақстан облысының таулы өлкелеріне саяхат жасап, Толағай тауы туралы не білеміз?- деп, сұрақ арқылы жетелеп , оқушылардың бұрынғы білетін ұғым - түсініктерін кеңейтіп және экологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылардың зерттеу жұмыстары жоғары дәрежеде болды. Барнс(1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде,яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. (Мұғалімдерге арналған. Нұсқаулық 39 бет) Сабақ барысындағы мәселелерді шешу арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – оқушыларды қызықтырады.Оқушылардың креативтілігін дамытуға көңіл бөлдім. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді, формалды түрде оқуды азайтады. Интерактивтітақтадан өзен,көл,теңіз туралы слайдтар көрсетілді. Оқушыларға сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, Қазақстанда қандай ірі-ірі өзендер бар ? деген сұрақтар қойдым.Оқушылар Қазақстанның картасынан көрсетіп жатты. Ал енді өзіміздің өлкемізде өзен бар ма?, Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? деген кезде нашар оқитын Нұрсәт деген оқушым тез әрі шапшаң,тиянақты жауап берді.Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сыни ойлату нәтижесінде диалогқа түсіріп, оқушы ойымен санасуға болады, яғни оқушы үнін ести аламыз. Нұрсәттің ойламаған жерден: «Су- тіршілік көзі,сусыз өмір сүре алмаймыз» деген үнін естігенде оқушыларым Нұрсәттң бұл жауабына бір қуанып қалысты. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйрету мақсатында ЖИГСО әдісін пайдаландым. Оқушыларға Дулат Бабатайұлыңың өмірі мен шығармашылығы туралы мәтінді 3 топқа бөліп, әр оқушыға параққа жазып тараттым. Оқушылыр өзіне берілген мәтін үзіндісін оқып топта талдады. Өз топтарында талдап болған соң, 2- топ оқушылырымен орын ауыстырды.Әр оқушы өзіне берілген мәтін мазмұнын келесі топ оқушылырына түсіндірді. Осылайша топтың оқушылары өз мәтінінің мазмұнымен бөлісіп, өз топтарына қайтып келіп, басқа топ оқушыларынан еске түйгендерімен топта бөлісті.Нәтижесінде оқушылар басқа топтың көмегімен мәтіннің толық мазмұнымен танысты. Американ психологы Бенджамин Блумның сыни тұрғысынан ойлауды дамытуды көтеретін сұрақтары бар «Блум таксаномиясын» осы сабақта қолдандым. Білім –Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның айтайын деген ойы не? Түсіну – «Аягөз сенің бойыңда, несібе, ырыс тегіс» қой деген жолдардың мәнін қалай түсінесіңдер? Қолдану - Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма ? Өлең өздеріңе қалай әсер еткені туралы ойларыңды айтыңдар. Талдау – Қалай ойлайсыңдар?, өлеңнің мазмұндық желесіне арқау болған не ? Жинақтау - «Аягөз кімнің жері еді?» атты ауызша сұхбат жүргізіп пікірлесіңдер. Топтық жұмыс оқушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Менің мақсатым топта отырып оқушыларымның жұптық әнгіме арқылы сыни тұрғыда не ойлайтынын, олардың білім деңгейін көтеру үшін сабағымда қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ оларды нені жақсы көретінін, не істегісі келетінін түсіну. Осы орайда «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы оқушылардың түсінік танымын арттыруды көздей отырып 3- топқа тапсырма бердім. 1 – топ: тақырып мазмұны бойынша сурет салу, 2 – топ: «өзен» тақырыбына өлең мазмұнын қара сөзбен баяндау, 3 - топқа «Аягөз елдің ырысы» атты эссе жазғыздым . Бұл тұста дарынды мен талантты оқушылырды анықтадым, сыни пікірлер айтып, бірін-бірі, өзін- өзі бағалауға дағдыланды. Ой ұшқырлығы, сөйлеу мәдениеті дамып, сөздік қоры молайды. Оқушылардың жеке ерекшелігін анақтау бағытында суретпен жұмыс жүргізілді, сурет бойынша ангіме құрастыруда оқушылар арасында «Суреттегі мына бейнелер кімдерге бағытталған? » не ебепті осылай салдың? Тақырыпты неге «Аягөз кімнің жері еді?- деп таңдадың деген сұрақтар туындады. Сол кезде топ мүшелері:-- Бұрын байдың отаны, Бұрынпатша отары, Болған біздің Аягөз - деп өлеңмен жауап берді. Яғни, бұрын Аягөз кімнің жері екендігін осы өлең жолдары арқылы айғақтап турғандай. Қойылған сұрақтың салмағына қарай оқушының ойлау деңгейі мен сұранысының қай деңгейде екенін анықтадым.Осы тапсырманы орындағандар, Сабина, Гамзат, Данагул, Базархан деген оқушылар ойлау дәрежесінің жоғарылығын, ойының ұшқырлығын көрсетті. Келесі топ қара сөзбен өлең мазмұнын беруде шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Топ мүшелері Перизат пен Самғат сөз саптаулары арқылы өз ойларын анық жеткізіп, қызығушылығымен танымдық белсенділіктерін көрсетті. .Эссе жазу барысында оқушылар ойды кеңейту үшін басқа сөздік қолданыстарды пайдалана білді . «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтін ішіндегі мағынасыз түсініксіз сөздердің мағынасын аша отырып, өз ойларын толық жеткізді. Білім берудегі оқушының жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайда жиынтық бағаларды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне мүмкүндік бере алмадық , оқушы алған бағасы ол үшін білімінің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін, ендігі жағдайда біз оқушыларымыздың білімін шектемей, оның білім алуына ынталандыру мақсатында формативті бағалауды көптеп пайдаланғанымыз дұрыс болады. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылау болып табылады. (Нұсқаулық, 56- бет ) .Қалыптастырушы бағалауды пайдаланғанда әлі де оқушылар тарапынан «Апай, маған неше қоясыз?» деген сұрақтар толастамады. әрине, күн сайын өз еңбегі ушін баға алып, үйіне барып ата-анасын қуантып отыратын оқушының баға сұрауы қалыпты құбылыс. Алайда мен бірте-бірте сабақтарым барысында оларды баға үшін емес білім алу үшін оқу керектігін түсіндірдім. Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғәлімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі (Мұғәлімге арналған нұсқаулық, 58 - бет ). Сабақ барысында әрбір тапсырмадан соң бағалау түрлері, атап айтсам, жетонмен, өзін өзі бағалау парағы арқылы, жұппен және топпен бағалау, «Үш шапалақ», «Басбармақ», « Екі жұлдыз , бір ұсыныс», критерий бойынша бағалау әрекеттері орындалды.Топ басшылары бағалау парақшаларына өзінің тобындағы әрбір оқушының қатысымын бақылап отырды. Оқушыларды жас ерекшедіктеріне сәйкес оқытуда танымдық дамуға көп көңіл бөлдім. Танымдық даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шыгармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты (Нұсқаулық 77-бет). Жоғарыдығы жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың теорияларын басшылыққа алдым. Оны сабақтың әр кезеңдерінде ескердім. Мысалы: топтық жұмыс барысында және өз жұмыстарын қорғау кезінде (постер арқылы) өздерінің қабілетін зейінін, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін танытқанын байқадым. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында рефлекция жүргізіп отырдым. « Ыстық орындық » әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітуді жөн санадым. Бүгінгі сабақты жақсы меңгердім деген оқушы шығып ыстық орындыққы келіп отырды, осы оқушыға сыныптастар сұрақ қойды. Осы сәтте орташа деңгейдегі оқушы Маржан белсенділік танытып алға суырылып шықты. Орташа деңгейдегі Асылай да қалыс калған жоқ, « мен де шығып айтайыншы,»- деп, бойында алға қарай ұмтылыс барын байқатты. Осы сабақ барысында біраз нәрселер қамтылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптысты. Әр тапсырмадан кейін ынталандыру мақсатында «Екі жұлдыз, бір тілек»,«Үш шапалақ», «Басбармақ» әдістерімен және критерий арқылы бағалаттым. Сабақтың соңында оқушыларға «Инсерт» әдісі арқылы кері байланыс жасаттым. Менің осы сабағымда сәтті өткен, ойымнан шыққан «жұптасып ойлан, бөліс» әдісі болды. Бұл тек қана менің емес оқушыларыма да өте унады. Сергіту сәті кезінде де оқушылар өте жақсы белсенділік танытып қызығушылықпен орындады. Сұрақ- жауап кезінде де мен айтайын, мен шығам деген оқушылардың көшбасшылықтарын байқап, өзім іштей қуандым. Қорыта айтқанда, сабақтағы жетістігім мына төмендегідей: - Оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренді. - Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды. - Бір- біріне жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюға машықтанды. - Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болды. - Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары дами бастады. Алдағы уақытты жаңаша оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы өзгерістер болатынына сенімдімін. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау , жаңа тәсілдермен оқыту қиынға соқты. Бірақ, оқушыларыма бұл әдіс - тәсіл бойынша оқыту мен оқу қатты ұнады. Мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді көздерінен оқып, маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Қорыта келгенде, бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс- тәжірибемізге ендірсек, жоғарыда айтылғандай кедергілерден арылармыз деген ойдамын. Пайдаланылған әдебиеттер: І. Мұғалімге арналған Нұсқаулық 3 деңгей ІІ. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы | |
Просмотров: 19054 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|