Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Бірлескен таныстырылым бойынша есеп.
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз гимназиясының информатика пәні мұғалімі Аймағанбет Замира Батырбекқызының «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есебі
Мектептегі тәжірибе кезінде 8 тапсырманы орындадым. Екінші бетпе-бет кезінде сол тапсырмаларды топ болып талқыладық. Тапсырманы орындау кезінде не үйренгендігін топтық талқылауда әріптестерімінің пікірін тыңдадым. 7 модульді сабақтарында қалай кіріктіргенін, мектептегі тәжірибе кезінде әріптестерінің қызығушылығын оятқанын, бұрын осы деңгейді оқып келген әріптестері сабақты өткізу барысында жаңа идеялар, жаңа көзқарастарын білдірген. Гүлден есімді әріптесім 4 тізбектелген сабағын өткізгенде, әріптестері қызығушылық танытып, бұл курсты меңгермесекте сабағымызда қолданамыз деген пікірлерін айтып қолдау көрсетіпті. 4 тізбектелген сабағын өткізу барысында біраз қиыншылықтар болғанында, әріптестерім топтық талқылау кезінде жасырмады. Оқушыларды ойнату деген ой қалыптасады, сынып шулап кетеді,жеті модульді бір сабақта қамту мүмкін емес деген әріптестер арасында пікірлер қалыптасады. Қиыншылықтарды жеңу барысында топтағы әріптестерім түрлі тренингтер өткізіп, кейбір мұғалімдерді сабаққа қатыстыру арқылы жеті модульдің бір-бірімен байланысты екеніне көздерін жеткізіпті.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру тапсырмасы бойынша әріптестерім көп жұмыс жүргізіпті. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыратын тапсырмалар сабақ тақырыбына, пәнге сай келу керек екенін айтып кетті. «Мен сізбен жұмыс істеуге дайынмын», «Сендер білмейсіңдер, «шын жүректен, «химиялық тілек», «Витаминнің сыры», «сиқырлы балық», «Периодтық тілек» «нүктелер қозғалысы» атты тренинг тапсырмалар өткізген. Осының ішінде Гүлбану әріптесімнің «нүктелер қозғалысы» топқа бөлу тренингі ұнады. Санақ басы бір оқушы сайланады, оң жағындағы оқушылар оң сандар , сол жағындағы оқушылар теріс сандар деп алып, санақ басы оқушы жүргізіпті. Осы тренинг ұнағандықтан
Болашақта өз пәніме орайластырып қолдансам деген ой келді. Ынтымақтастық атмосфераасын қалыптастыру барысында жеітістігі мен қатар қиыншылығы да кездескенін айта кетті. Өз ойларын еркін айта алмаған,бір-бірлерімен ашық сөйлесе алмау, өз досымен бірге отырамын, ұл мен қыз деп бөліну, үнсіз оқушыны қоспау, тез жинақтала алмау секілді қиындықтар кездесіп отырған. Сол қиындықтарды топқа ереже құрып әрдайым сол ережені естеріне түсіру, мұғалім тарапынан жиі мадақтау,тренингі қызғылықты етіп даярлау арқылы қиыншылықты жеңе білген. Талқылай келе, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыратын тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы артатынына топ болып көз жеткіздік.
Мектептегі тәжірибе кезіндегі 3 тапсырма бойынша тізбектелген сабақтарында сұрақ қоюды қалай пайдаланғаны туралы топ болып талқылау жасадық. Сұрақ қоюды көбіне оқу және оқыту үшін бағалау,оқушылармен рефлексия кезінде пайдаланған. «Радиоға қоңырау шалу», «Серпілген сауал», «Блиц кездесу», «Кезбе тілші» әдістерін пайдаланыпты. Соның ішінде екі әдіс ұнады. Біріншісі.Эльвира есімді әріптесімнің «Кезектесіп қайталау» әдісі ұнады. Ол әдісте мұғалім флипчартқа сұрақтарды жазып қояды, оқушылар кезектесіп маркермен өз жауаптарын жазады. Осы арқылы оқушылардың қаншалықты сабақты меңгергенін көрсеткен.Екінші Гүлбану есімді әріптесімнің «Мен ұсынған 5 сұрақ» әдісінде әр оқушы 5 сұрақ дайындап, оқушылар сұрақтарын алмастырады. Сол арқылы тақырыпты меңгергендігіне жетіпті. Сұрақ қою тапсырмасы арқылы оқушыларды сыни ойлатуға, ойының ұшқырлығын, бағалау сұрақтары арқылы сол сабақтың қандай дәрежеде, қай тапсырма қиын және жеңіл болғанын және кейінгі сабақтарда сол тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне және деңгейлеріне қарай құрау керек екеніне көзім жетті.
Түсіну дәржесін бағалау тапсырмасын орындауда сұрақтарды қою білуге, оқушылармен кері байланыс жасау, әр кезең бойынша сұрақтар әзірлеуге,оқушылардың постер қорғауға үйренгенін әірптестерім өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Жәния есімді әріптесімнің сабағында оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау мақсатында «Қар үйіндісі» әдісінде әр топқа кестелер беріп, ол кестеде 2 сөз жазылған, шекер және алмалар мынадай сұрақтар жазылған «Неге шекер сөзіне s әріпі жалғанбаған?»,екінші сұрақ « алмалар деген сөзге s әріпі неге жалғанып тұр?»Алмаларды біз санай аламыз ба?Шекерді санай аламыз ба? Деген сұрақтар арқылы грамматикалық ережені қорытындылайды.Шындық па және жалған ба әдісінде сұрақтар қою арқылы сабақты бекітіпті.Ал мен өз сабағымды өткізу барысында «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» бағалау парағында оқушылардың сабақты түсіну дәрежесін, қай тапсырма қиын, қай тапсырма жеңіл болғанын анықтадым. Бағалау парағы арқылы келесі сабағымды одан әрі жақсартуға тырысты.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме тапсырмасында әріптестерімізбен топта талқыладық. Осы тапсырманы қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлану әдісі – тәсілін қолдану нәтижесінде оқушыларымыздың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқанын байқадық. Бұл әдіс-тәсілдер оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік берді, ақыл-ойын дамытты, шығармашылық белсенділігі артты, тіл байлығы жетілді, жан-жақты ізденді, өз ойын жеткізді деген пікірлерді әріптестерім топпен бөлісті. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тапсырмаларында қиындықтар да кездескенін де жасырмады. Оқушылар мектеп бағдарламасымен шектелгенін,үнсіз оқушыларын 1-ші сабақтарында сөйлете алмағанын жеткізді. Осы қиындықтарды еңсеру үшін әріптестерім көшбасшы бола отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жеңуге ұмтылыпты. «Кристалды кластер», «Суреттер сөйлейді», «Алты телпек», « әдістерін пайдалану арқылы оқушыларды сыни ойлауға дамытыпты.Гүлден деген әріптесімнің бір сабағында жапырақтар не себептен күзде жасылдан қызылға өзгереді деген сұрағына, Айжан деген оқушысы себебі қышқыл жаңбыр әсерінен болады деген жауабы арқылы әріптесімді таңқалдырыпты. Әріптесім ондай жауапты күтпеген едім, осы тапсырма арқылы оқушымның сыни ойлай алатыны және дарындылық қабілеті бар екенін байқап қуандым деп өз ойын білдіріпті.
Өзін-өзі реттеу тапсырмасында топтағы әріптестерім мектеп тәжірибесінде А деңгейлі және В деңгейлі оқушыны бақылапты. Топтық тапсырмаларда, жұптық тапсырмаларда таңдап алған екі оқушыны сабақтарында зерттеп отырған. Осы тапсырмаларды орындату кезінде В деңгейлі оқушы топқа қосылмай, айтатын ойын жеткізе алмай қиналған. Тойдушат есімді әріптесім осы қиындықтарды жеңу үшін алдымен психологпен бірлесіп оқушыларға тренингтер, тесттер өткізіп қай бала оқуды жоғары қабылдайтын, қай бала төмен қабылдайтынын біліп алыпты. Құпия күнделік жүргізіп, күнде оқушының сабақты қай деңгейде түсініпжүргенін құпия түрде жүргізіп біліп отырыпты. Эльвира әріптесімде 2 оқушыны зерттеуге алыпты. Зерттеу барысында А деңгейлі Азамат деген оқушының өз тобына әр сыныптасына сен мына тапсырманы орындайсың, сен мына суретті сала берші деп әр сыныптасына жұмысын бөліп беріп отырған. Осындай қасиеттерін байқап отырып ол оқушының сол топта көшбасшы бола білгенін байқаған. В деңгейлі оқушысы сабаққа жай қатысады, бірақ постер қорғауда өзінің суретті жақсы салатынын көрсетіпті. Менде тәжірибе барысында А, В деңгейлі оқушымды анықтадым. «Телеарнаға саяхат» әдісінде А деңгейлі Аружан есімді оқушым топтағы сыныптастарына сен мына ролді аласың, сен мына тапсырманы көрсетіп жібер деп сол топта көшбасшы бола білді. В деңгейлі Ердәулет есімді оқушы алғашқы сабақтарда белсенділік танытпағанымен, соңғы сабағымда топқа ілескенін байқап, өз-өзіме риза болдым. Осы тапсырма арқылы әріптестерімнің тәжірибесімен бөлісе отырып, әр оқушының деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды ретімен қолдану керектігін ескердім.
Дарынды және талантты оқушыны анықтау тапсырмасында үш оқушыны бақылап, олардың топта қалай жұмыс істегендіктерін әріптестерім анықтаған. «Алтын балыққа арналған аквариум», «Лездеме», «Жас мультифликатор» әдістерін қолданған.
Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау тапсырмасында оқушылардың еркін пікір айта алмағаны қиындық туғызыпты. «Кристалдық кластер», «Суреттер сөйлейді» әдістері арқылы әріптестерім оқушыларын сыни ойлауға дамытыпты. Мен де осы тапсырманы қамту мақсатында «Телеарнаға саяхат», «Сұрақты тап» әдістерін қолдандым.
Есебімде қорыта келе, мен осы тәжірибе нәтижесінде ынтымақтастық атмосферасы орнап, оқушылар бірін-бірі тыңдауға, өзіндік пікірін ашық айтуға дағдыланады деген тұжырымға келдім. Сондай-ақ бұл тапсырмаларды талдау кезінде постер, слайдтар құру арқылы қалай орындағанымызды ортаға салып, туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырдық. Бұл топтық таныстырылым әзірлеу арқылы көкейімізде жүрген сұрақтарымызға жауап алып, әріптестеріміздің тәжірибесімен бөлістік. Өзіндік қорытындыға келіп, әр тапсырманың астарында жатқан кедергілерді шешуге, қиындықтан қорықпауға, қате айтқан жерімізді еркін айтып, көмек алуға мүмкіндік алдық. Осы таныстырылымды жіті талдау арқасында жан-жақты мұғалім ретінде ашыла түстік, көшбасшы бола білдік. Көзқарасымыз жаңа арнаға өзгерген жағдайда, осы аталған тапсырмаларды тиянақты орындасақ қана, өзгермелі өміре сай тұлға тәрбиелейміз деп ойлаймын.
Категория: Опыт | Добавил: Эльвирок (2014-11-27) | Автор: Аймағанбет Замира Батырбекқызы E
Просмотров: 3056 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 9:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru