Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Теориялық механика пәнінің дәріс және практикалық сабақтарын өткізу әдістемесінде дәріс сабақтарда кеңінен қолданылатын лекция арқылы жаңа сабақты түсіндіру тәсілі бар.Себебі біз соңғы кезде оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолданамыз деп жүріп теориялық білімнің негізі «түсіндіру» екенін ұмытқан сияқтымыз. Жалпы техникалық пәндердің ішінде механика пәні өз бетінше іздеп, тауып, оқып, білу мүмкін емес екендігін біз ұстаздар білеміз.Сондықтан дәрістік сабақтар күнделікті сабақ өту тәсілі болып қала бермек. Дәріс - білім алудың негізігі көздерінің бірі, себебі онда мәлімет жалпыланған және қорытылған түрде болады және оның танымдық маңызының мәні осында. Сабақты дәріс (әрі қарай лекция) түрінде өткізу пәннің материалының бастапқы игерілуін қамтамасыз етеді. Лекция студенттің өз бетімен жұмыстануына итермелеп, өз бетімен жаңа мәлімет көздерін іздеуге ниеттендіреді, оқытушының қойған сұрақтарына, материалды игеру кезінде жаңадан пайда болған сұрақтарға жауап іздетеді. Лекция арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын және көзқарасын қалыптастыруда мәні зор. Ол оқушыларды пәнмен, кітаппен жұмыс жасау әдісімен қаруландырады, оқып жатқан пәніндегі ең маңызды және екінші дәрежедегі тұстарын анықтауға, әдебиеттен керегін таңдауға мүмкіншілік береді. Лекция -пән білімін қалыпты жүйеге келтіреді, пәннің күрделі тұстарын игеруге көмектеседі. Лекция оқушы еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының негізгі факторларының бірі, себебі ол студенттің оқуға күш кайратының жұмсалуын жоспарлауға көмектеседі. Лекцияға қатысу студентті тәртіпке икемдейді. Лекция сабағы бұл тек бір ізділік оқып беру емес, ойталқы, пікірталас ретінде алып баруға болады. Студенттер сұрақтар бере отырып, оқытушыдан жауап та алады. Лекцияда лектор оқушыларға сұрақтар да қояды, жауап болмаса өзі жауап береді. Осылайша ұйымдастырылған лекция аудиторияны жандандырады, назарын аударып екіжақтың тіл табысуына, қызығуына әкеледі. Оқытушы дәріс кезінде тақтаға көп математикалық өрнектер жазады. Оқушы ол формулаларды тез жазып алуға тырысқандықтан көбінесе ол өрнектердің мән мағынасына жете бермейді. Сондықтан формулаларды жазып болғаннан кейін формулалар студенттерге түсінікті болу үшін олардың мәнін, келіп шығу жолын тәптіштеп қайталаған жөн. Жақсы оқылған, мазмунды лекция студенттерде оқулыққа үңілуін, тақырыпты тереңірек қарастыру ынтасын ояту керек. Сондықтан бастапқы лекциядан бастап оқулықпен лекцияның байланысына көңіл бөлу керек, ал оқушының оқулықпен жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін кейбір тақырыптарды студеннтің оқулықтан өз бетімен игеруіне қалдыру керек. Сонда сол тақырыптардың сұрақтары емтиханға енгізілетінін нұсқау керек. Және соны өзінше қорытындылайды. Мен лекция сабағында кезімде студент оқулықты оқығанда оның назарынан тыс қалуы мүмкін болған пәннің иірімдеріне көңіл бөлемін. Кіріспе лекцияның оқушының пәнге деген қызығушылын оятуда орны өте үлкен. Кіріспе лекциясының әсерлілігінің шарты бұл оқытушының, бір жағынан білімдегі пәннің орнын бөліп көрсетуі, арнайы, тек осы пәнге тән ерекшелігін жеткізуі, екінші жағынан осы пәннің білімнің басқа тарауларымен байланысымен қатар қарым қатынасын көрсетуі. Ой шақыру, тақырыпқа тосын сұрақтардың қойылуы, дауыс мәнерін ауыстыру сияқты тәсілдерді қолдана отырып, бірізділік, зеріктіретін көп мәлімет беруден аулақ болу керек екендігін де ұмыстпаған жөн. Теориялық механика лекцияларында оқушыларға механиканың техникамен, білімнің басқа бөлімдерімен өзара байланыстарына, өркениеттің көп жетістіктеріндегі механиканың орнын көрсететін, техниканың көп мәселелерін шешуге мол мүмкіншілігіне, болашақ құзіретті маманға қажеттілігіне және тиімділігіне көз жеткізетін материалдар беріледі. Сонымен қатар лекцияларда ұлттық ғалымдардың пікірлерін тиімді пайдалған жөн. Механика тарихының тарауларын, қызықты оқиғаларын лекцияның тиісті тақырыптарында келтіріп отырса әсері жақсы болады. Кез келген баяндама сияқты лекция кіріспеден, тақырып сұрақтарына тиісті материалдардан және қорытындыдан тұруы керек. Сонда лекция бөлімдерінің логикалық үйлесімділігі, көлемдерінің маңыздылығына сәйкестігі және өзара байланысы лекцияның сәтті шығуының қажетті шарттары болып табылады. Лекция ұйымдастырылуы алдын ала дайындалып, ойластырылуы керек. Әр сөз, сөйлем іріктеліп құбылысты бір мәнді сипаттау керек.Дәріс сабақтарының басында лектор негізгі оқулықтарды нұсқап сипаттау керек. Лекция мен оқулық студенттің өз бетіндік жұмысының негізі екенін жеткізу қажет. Студент пәнді жан жақты игеру үшін тек лекцияның жеткіліксіз екенін ұғынуы керек.Студентті оқулықпен жұмыс жасауға үйрету үшін оларға оқулықтан практикалық типтік есептердің шешін қарауды міндеттеу керек, және тиісті тақырыптардан практикалық сабақтардың басында тексеру қажет. Бұл әсіресе пән қысқартылған бағдарламамен оқылатын мамандықтар оқушыларына өте тиімді, себебі оларда практикалық сабақтар аз жоспарланады.Лекцияларда тиісті тақырыптардан болып жатқан ғылыми жаңалықтарды да шолып отыру жақсы әдет екеніне күмән жоқ. Теориялық механика пәнінің дәріс сабақтарында модельдерді, аспаптарды, видеоматериалдарды, басқада көрнекілік құралдарын қолдану өте тиімді және өзінің көрнекілігімен әсерлі болады, оқушылардың қызығушылығын оятуда орны бөлек. Ал теориялық механика пәніндегі практикалық сабақтардың мақсаты- студенттерге өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, техниканың түрлі салаларынан алынған көптеген мысалдар арқылы теориялық механиканың негізгі заңдылықтарының іс жүзінде қолдануын көрсету.Өз тәжірибемде, студенттің тақтада оқытушы айтып беруімен шешілген көптеген есептерге қарағанда өз бетімен шешкен саны әлдеқайда аз есептердің пайдалы екенін көрсетеді. Өз бетімен есеп шешіп үйренген студенттер жоспардан да көп есеп шешіп үйренеді. Сонда практикалық сабақтарда бір тақырыптан есеп шешіп үйренген студенттер осы тақырыптан үй тапсырмасына тиесілі есептерді, курстық жұмыстың тиесілі бөлімдерін қиналмай аз уақытта шешеді. Әрине теориялық механика дәріс сабақтарына толық қатысқан, оқулықпен керегінше жұмыс жасаған, үйінде типтік есептерді шешіп дағдыланған ғана студенттер практикалық сабақтарда өзбетімен есеп шеше алады. Соның үшін топ оқытушысы әр сабақтың соңында оқушыларға келесі сабақтың тақырыбын, оқулықтың тиесілі параграфын және типтік есептерін қарастыруды нұсқап жіберуі керек. Әр практикалық сабақтың басында оқытушы оқушылардың теориядан дайындығын, оқулықтағы типтік есептерді шешудің әдістерін және шешу ерекшеліктерін қаншалықты меңгергенін тексеруге 10-15 минут уақыт бөлінеді. Әсіресе студенттің өз бетімен оқыған тарауларын тексеру маңызды. Жаңа тақырыптан есеп шешуге көшкенде тақырыпқа тиесілі типтік есепті шешу жолының әр қадамын түсіндіріп айту керек. Осы түсіндіруді аяқтап оқытушы тақтада оқушылардың осы сабақта өз бетімен істеу керек есептердің тәртіп номерлерін, жақша ішінде есеп оқулығы бойынша номерін жазады. Оқушылар есептерді шешіп жатқанда оқытушы кейбір оқушылардың есептерді шешіп жатқанын тексереді және тұтас топ оқушыларына есептерді шешудің ең тиімді жоспарын құруға нұсқау береді. Сонда оқушылардың практикалық сабақ дәптерлерінде шешу керек есептердің барлығының болуын, шешімі дұрыс және толық аяқталғанын қадағалау керек. Сол кезде оқушы өзінің дәптерлерінде сабақ тақырыбын да міндетті түрде көрсету керек. Кейбір практикалық сабақтарды өткізіп жіберген студенттер өздерінің практикалық сабақ дәптерлерінде сол сабақтарда орындалған есептерді толық шешеді. Курстық жұмыс қорғалғанда студент практикалық сабақтарда шешілген барлық есептері бар дәптерді көрсетеді. Егер практикалық сабақ тақырыбына модель немесе аспап керек болса оны әкеліп көрсету керек. Оқушылардың практикалық сабақтардағы жұмысын жандандыру үшін көтермелеу, қошеметтеу әдісін қолданамын. Мысалы жоспардан тыс есептерді көп және дұрыс шешкен студенттерді кезектегі бақылау жұмысынан босатып жоғарғы баға қоямын. Оқытушының практикалық сабаққа дайындалу жоспарының мысалы: 1. Практикалық сабаққа дайындалу мақсатында оқушыларға қарау керек деп құсқаған әдебиетті қарастыру керек, студенттердің тақырып бойынша білімін тексеру жоспарын және оқулықтағы типтік есептердің шешулерімен таныстыру жоспарын құру керек. 2. Тақырып бойынша типтік есеп дайындау керек, оның шешу жоспарын егжей тегжейіне дейін құрастырып шешудің басқада нұсқаларын қарастырып және оларды бағалап қою керек. 3. Студенттердің өзбетімен шешу керек есептер тізімін құрастырып оларды шешуге бағыттайтын сұрақтар дайындау керек. 4. Өз бетімен шешетін есептердің есептеу схемаларын құрастыру керек, оларды шешіп студенттердің сол есептердің әрқайсысын шешу үшін жұмсайтын уақытын шамалау керек. 5. Студенттердің назарын аударатын әр есептің шешу ерекшелігін анықтап қою керек. 6. Осы практикалық сабақ тақырыбына қажет плакат, модель, аспапты ойластырып қою керек. 7. Келесі практикалық сабақ тақырыбын ойластыру керек және оған қатысты әдебиетті таңдап қою керек. 8. Практикалық сабақ өткізілгеннен кейін нәтижесіне қорытынды жасаймын. Мысалы, Сабақ барысында жоспарға қандай ауытқулар енгізуге тура келді, есепті шешуге күшті студенттердің және әлсіз студенттердің жұмсаған уақытын белгілеп, салыстырамын, ендігі сабаққа дайындалғанда нені ескеру керектігін жазып аламын. 22.12.2014ж. | |
Просмотров: 2568 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|