Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың математика пәніне деген білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын арттыру, қабілеттілігін, белсенділігін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың арасында өзара көмек ұғымын, достыққа тәрбиелеу; оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа, ептілікке тәрбиелек. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Көрнекілік: Математикалық нақыл сөздер, кесте, Уа, жараңдар, жараңдар, Мына бізге қараңдар! Мінекей залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны бізде қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ғалымдардың ғылымы, Математика жайында ойын-сайысын бастаймыз! Барысы: 5 сыныптан 5 оқушыдан 2 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің жүзден-жүйрік екенін көрсету керек.Оларға көптеген қиыншылықтардан өтіп, жергілікті жерде жарыс өтуі керек. Бұл қиыншылықтарды әр түрлі ойын есептей алатын жүйріктер енеді. Қай топ көп ұпайлар жинаса, сол топ жеңеді. Барлығы ҮІІ белестен тұрады. Жарыстың әр белестері 1,2,3,4,5,6 баллмен бағаланады. (мысалы: бірінші белес тапсырмалары 1 балмен есептеледі.т.с.с.) Жарыстың ұраны: Асық-баяу І-белес Жергілікті тексеру: Ол үшін әр топ 10 сұраққа жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 балл. І-топ 1. 1 минут 1 сағаттан неше минут кем? (59 минут) 2. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек. (5 бала) 3. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды. (екеуі) 4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш) 5. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0) 6. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат неше минутта, айналып өтті? (1 сағат 43 минут) 7. 1 жұмыртқа 3 минут піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі. (3 минутта) 8. Жүз теңген болғанша, .......досың болсын. (жүз) 9. Үстелде 5 стакан сүт тұрған еді. Әсел 1 стакандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стакан қалды. ( 5) стакан. 10. Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрышы қалады. (бес бұрышы) ІІ-топ 1. 1 метр 1 дециметрден неше сантиметр артық? (90 см) 2. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (түйеқұс ұшпайды) 3. Бірлігі мен ондығын қосқанда 2-ге тең болатын екі таңбалы санды ата. 11;20 4. Бес қойдың неше аяғы бар. (20) 5. Алты май шам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады. (екеуі) 6. Кит 250000 кг. Ол неше тонна. (250 тонна) 7. Білікті бірді жығады, білімді .........жығады. (мыңды) 8. Жоқ өзінде баста, мойында, өлшемдері жазылып тұр бойында. (сызғыш) 9. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир) 10. Бір ін, бір іннің ішінде бес ін. (қолғап) ІІ-белес Жарыстың картасын құрастыру: Ол үшін әр топ, алты сұрақтың жауаптарын дұрыс орналастыра білу қажет. І-топ 1. Геометриялық фигура. шаршы 2. Үшбұрыштың төбесі, бұрышы және ......... болады. қабырғасы 3. 7 күн-1... апта 4. Қосу және азайту ....... амал 5. 900-тан кем бұрыш. сүйір 6. 41 қандай сан. тақ сан ІІ-топ 1. Уақыт бірлігі сағат 2. 90 градустық бұрыш тік 3. Минут, сағат, тәулік уақыт 4. Геометриялық фигура үшбұрыш 5. Сүйір, доғал, тік бұрыш 6. 1 апта-7 күн ІІІ-белес Тар жолдағы жарыс: Барлық топтарға бірдей тапсырма беріледі. Ол үшін сиқырлы сандардың арасына амалдар қою арқылы өрнектің мәнін дұрыс таба білу арқылы жолға шығу. ІҮ-белес Кенеттен сіздің аттарыңыз ақсап қалады. Сіздің аттарыңызға сәл тынықтырып алулрыңыз қажет. Әрбір топ үшін берілген жұмбақтың дұрыс шешімін табу қажет. 1. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы бұл қай сан, Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан) 2. Үлкен кіші сандарды сен, Ажыратқың келсе сен. Қандай таңба қойар едің, Кәне, ойлап көріңдер? (теңсіздік) Ү-белес Сіздер алаңда демалып гүл жинағыңыз келеді, бірақ ондағы гүлдер жай емес, ғажайып гүлдер. Гүлдің әрбір жапырағында логикалық есептерге арналған.Әр топқа екі гүлден беріледі. 1. Асханаға 100кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді ? (300 кг) 2. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әр қайсысының қарындасы бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала) 3. Саудагер бір затты 7 теңгеге сатып алып оны 8 теңгеге сатты. Сол затты қайтадан 9 теңгеге сатып алып қайта 10 теңгеге сатты. Саудагер қанша пайда көрді. (2 теңге) 4. Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең. 1;2;3 ҮІ-белес Финиш Финш сызығын сәтті өту үшін әр топ сандарды дұрыс орналастыру орналастырулары қажет. 1) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарын дөңгелектердің ішіне әр қабырғадағы сандардың қосындысы 17 болатындай етіп орналастыру керек. 2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарын әрбір тік және жатық жолдары бойынша қосындысы 15-ке тең болатындай етіп шаршы көздеріне жазыңыз: ҮІІ-этап Қорытындылау: Жеңімпазды анықтап, экипаж мүшелерін марапаттау. Степногор ауылының орта мектебі тақырып: «Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыс 5 сынып Пән мұғалімі:Минан Т. 2014-2015 оқу жылы. | |
Просмотров: 1004 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|