Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

ОҚУШЫ БОЙЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚ НЕГІЗІН АНЫҚТАУ МЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОҚУШЫ БОЙЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚ НЕГІЗІН АНЫҚТАУ МЕН
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Құлтанов Жеңіс Ғабдумәлікұлы
Ы.Алтынсарин мектебінің
қосымша білім беру педагогі,
екінші санатты.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» - деп атап көрсетілген.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектеп оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда дарынды балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алып, уақытында дарындылығын айқындау, олардың қарым – қатынастарын, ойлау және логикалық қабілеттерін зерттеуге, практикалық әдістемеліктер жетіспейді. Осы кезде қазіргі заманның талабына сай, дарынды балалардың жете зерттелмегені, практикалық қажеттіліке сай ғылымның әлі де болса жетіспегені байқалады.Сондықтан, біздің қоғамда дарынды балаларды айқындау мәселесінде қарама-қайшылықтар пайда болуда. Осыған орай дарынды балаларды ерте жастан айқындап, дамытуға, тәрбиелеуге қажеттілік туып отыр.
Дарындылық- адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс – әрекетінің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, адамның жан – жақты дамуының қайнар көзі, жеке дара қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі.
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі,сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр.Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы,тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Дарындылық табиғаты шексіз. Сондықтан, бала бойындағы бұл қасиетті ары қарай ұмтылдырып дамыту мектептің алдындағы басты мәселе. “Дарынды бала дегеніміз- айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс- әрекет барысында осындай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтады”,- деп “Дарындылық тұжырымдамалары ”атты психологтар дайындаған құжатта анық айтылған.Көбінесе мұғалімдер арасында “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы”деген пікір жиі кездеседі. Белгілі ағылшын психологы П.Торранстың зерттеулері бойынша қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбінесе түсініспеушілік туғызатын әр нәрсеге көзқарасы бөлек, нашар оқитын оқушылар арасында да шығармашыл дарын кездесетіні анықталған айтылған.
Балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет.Биік танымдық қабілет тұрмыс – тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс, білсем деген қызығушылық баланың ерте жасынын туындайды.Сондықтан дарынды бала бастауыш сыныптан таныла бастайтынын үнемі есте ұстауымыз керек. “Бұлақ көрсең – көзін аш”деп дана халқымыз айтқандай баланың бойындағы дарындылықты дамыту, толықтыру оларға бағыт беру. Дарынды баланың бойындағы дарындылықты дамыту, толықтыру оларға бағыт беру дарынды баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, үнемі алға жылжуына жол сілтеу мұғалімнің міндеті.
Оқушының бойындағы дарындылық негізі анықталған соң мұғалім белгілі бір талап және бағыт – бағдар бойынша жұмыс жүргізеді.
Осыған байланысты оқушы бойындағы дарындылықты анықтауда және жетілдіруде мұғалім іскерлігіне қойылатын талаптар мына төмендегідей болу қажет.
• Оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу;
• Дарынды оқушымен жұмысқа қызығушылық таныту;
• Түрлі әдістерді іздеу;
• Дарынды оқушылардың ата-анасымен байланыс жасау;
• Дарынды оқушыларды зерттеу үшін психо- диагностикалық күнделік жүргізу;
• Дарынды оқушыларға арналған тереңдетіген бағдарламалар құрастыру;
• Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындау;
• Оқушының ғылыми – ізденіс жұмысына жетекшілік ету.
Дарынды баламен жеке жұмысты жүргізген кезде мұғалімдер ұстанатын белгілі бір бағыттар болу шарт. Себебі, оқушы дарындылығын, қабілеттігін қалай анықтау керегі туралы сұрақ қоя отырып, оған талмай жауап іздеген мұғалім ғана дарынды баламен жұмыс істей алады.Мұғалім әр оқушының жеке тұлға ретінде қамтамасыз ету қажет болғандықтан баланың қабілетін дамыта тиянақтау үшін оқушыны зерттеуге дайындау керек. Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін айқындау кезінде ғылыми әдебиеттерде түрлі терминдер кездеседі:ғылыми зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқу т.б. Сондықтан мұғалім дарынды баламен жұмыс кезінде түрлі әдістерді,яғни зерттеу әдісін, шығармашылық ізденісті ояту әдістерін кеңінен қолданады.Шығармашылықпен жұмыс жасап ізденген адам ғана биікке қол жеткізе алады.
Зерттеушілік пен ізденушілік – дарынды баланың табиғатына тән құбылыс.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті,шапшандықты ерекше ой – қызметін,мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді. Сол сияқты өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына бұра біу қабілеттілігіне де ие болады.
Шығармашылық тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді. Шығармашылық тәртібінің маңызды сипаттамасы – зерттеу. Зерттеу – дарынды балалардың оқытудың негізі.Зерттеусіз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

Сондықтан да мұғалім әр сабақ барысында оқушыларға мынадай талаптар қойып жұмыс жасау қажет:

• қоршаған ортамен тығыз байланыста болу;
• ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру;
• алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
• өзіне-өзі сараптама жүргізіп, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
• Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың щығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек.С.Л.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова-Миллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғышарты екенін дәлелдеді.
Бұл-үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептер өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиелеп шығарады.
Осы нәтижелерді ескере отырып дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер Г.Г.Лидерс еңбегінде көрсетілген “Astor” бағдарламасын пайдалануы керек. Ол:
Кеңпейілділік;
Дарынды балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін танып және олардың психикалық ерекшеліктерін білу;
Интеллектуалдық деңгейдің жоғары болуы;
Қызығушылығы мен шеберлігі кең көлемде болуы;
Педагогикалық білімнен басқа да жоғары білімі болуы керек;
Әр түрлі міндеттерді атқаруға дайын болу керек;
Мінезінде әр түрлі нәрсеге белсенділік басым болу керек;
Қалжындық қасиеті болу керек;
Өзінің көзқарасын қайта қарауға және өзін жетілдіруге дайын болу керек;
Шығармашылық мүмкіндігінде дәстүрлі емес жеке дүниеге көзқарасы болу керек;
Жоғары оқу орнынан кейін дарынды балалармен жұмыс істеуге бағытталған дайындық курсынан өту керек;
Мықты денсаулық және өмірлік іс-әрекетті меңгеру керек.
Бұл арада мұғалімнің психология, физиология және гигиена саласындағы біліктілігін арттыруының да маңызы бар. Белгілі бір топтағы шәкірттердің түсіну, ұғу, ойлау қабілетінің психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін білу, оларды жалықтырмай, шаршап-шалдығудан сақтандыру, сабақ кезінде балалар арасында шығармашылық ахуал туғызу оқытушы жұмысының тиімді болуының қажетті шарты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Бәсекеге қабілетті елге айналуымыз үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деп атап көрсеткен. Олай болса, қазіргі таңда мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың дарынын тану мен оны шыңдау ХХІ ғасыр мұғалімінің басты міндеттерінің бірі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Возрастная и педагогическая психология: Хрестоматия: Учеб. Пособие для студ. пед. учеб. заведений /Сост. И.В.Дубровина, А.М.Прихожан, В.В.Зацепин.-М.Издательский центр «Академия», 1999.-320с.
2.Концепция выявления, поддержки и развития одаренности детей в Республике Казахстан. //Информ.-метод.сб. РНПЦ «Дарын» - А., 1999.- №3с.3-24
3.Одаренный ребенок в массовой школе. /Под.ред. А.И.Савенкова М.:- сентябрь, 2001
4.Қ.Жарықбаев, Психология. Алматы, «Білім» 1993ж.
5.Қазақстан Республмкасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы.
Категория: Опыт | Добавил: zhanna198402 (2015-02-17) | Автор: Култанов Женис Габдумаликович E
Просмотров: 1418 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 8:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru